Талдықорған: +7°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

16 НЫСАН ТАҢДАЛДЫ

9 қараша 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

     Елбасының бағдарламалық мақаласына  орай облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы экспедиция ұйымдастырып, Жетісудың киелі жерлерін нақтылау жұмысына кірісіп кетті. Бүгінде «Жетісудың киелі жерлері географиясы» бойынша 114 киелі нысанның тізімі дайындалып, белгілі ғалымдар мен сарапшылардың іріктеуімен 16 нысан «Қазақстанның 100 киелі жері» картасына  таңдап алынды. Алдағы уақытта еліміз бойынша жергілікті маңызы бар 500 нысанды анықтау жұмысы басталды. Оған облысымыз бойынша 50-ге тарта киелі жер ұсынылып отыр. 


     Атқарылған жұмыстардың есебін тыңдау үшін «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері Әйгерім Қабышева, Анар Екимбаеваның қатысуымен С. Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Дөңгелек үстел» мәжілісі  өтті. Жиында республикалық тізімге енгізілген қосымша нысандардың тарихы, олар жайындағы аңыз-әңгімелер сөз болды. – Елбасының бағдарламалық мақаласын атүсті қарап шығу мүмкін емес. Оның әр сөйлеміне зейін қойып, жүрегіңнен өткізгенде ғана нағыз мәнін, мағынасын түсіне аласың. Көптеген ізгі шараларға түрткі болған мақалада ата-бабаларымыздың табан ізі қалған киелі жерлерді анықтауға қатысты тапсырмалар баса айтылған. Ол  аса мұқияттылықты, терең зерттеуді, биік сауаттылықты, әсіресе, жан тазалығын қажет етеді. Біз осындай жауапкершілікті арқалай отырып сіздермен кездесіп отырмыз. Әрине, сіздер ұсынған нысандар зерделеніп, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығындағы комиссияның шешімі арқылы тізімге алынады. Сондықтан осыған қатысты тәртіптерді білгендеріңіз жөн, – деді  Анар Срайлқызы.
Осыдан кейін сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова өлкеміздің бай мұрасын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Жетісу жерінде табиғаттың барлық жауһары бар. Биік шың да, арқыраған өзен де,  жыртылып-айырылған аң мен құс та осында. Тіпті, қазақ тарихының өткені мен бүгінін айқындайтын тарихи оқиғалар да осы жерде орын алған. Демек, киелі жерлерді анықтау жұмысы бұл өлкеде мұқият жүргізілгені жөн. Сонымен қатар, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бойынша құрылған облыстық комиссияның мүшелері де өз ойларын білдірді.
     Кездесуден кейін Астанадан келген қонақтар Ақсу, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі және Қапшағай қалаларындағы бірқатар тарихи, киелі орындарды аралап, тәжірибелерімен бөлісті.

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.