Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АДАЛ ДОС (ЕРТЕГІ)

27 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
АДАЛ ДОС (ЕРТЕГІ)
WhatsAppTelegramFacebook

Күндердің бір күнінде қоян, бақа, кірпі, үйрек дос болыпты. Олар бір аулада тату-тәтті ойнайды. Ары-бері жүгіріп көбелек қуады. Бірақ кірпі тез ілесе алмай шалынып жығылады да дөңгеленіп барып оларға соғылады. Кірпіге ренжіген достары «болды,  енді сенімен дос болмаймыз, сенің инелерің бар, біз көбелекпен дос боламыз», – деп оны тастап кетеді.
Кірпі ренжісе де, оларға деген достығын қимай, жолдарына ұзақ қарап тұрды. Өзінің ініне келіп: «Мен сүйкімсізбін, менің ешқандай сұлулығым да жоқ, үстім толған ине. Мен өзгелерге тек зиянымды ғана келтіремін», – деп күйінеді.
Кеш бата бастады. Алысқа ұзап кеткен қоян, бақа, үйрек, көбелектің желпіген қанатына тамсана қарап, аяқ астыларына қарамай жүре береді. Бірде қоян «Ой-ой-ой аяғым, құтқарыңдар мені», – деп бақырып сала береді. Қараса, қоянның аяғы қақпанға түсіп қалыпты. Қоянды көрген бақа мен үйрек шошып кетеді. Бақа мен үйрек қақпанды ашамыз деп ары тартады, бері тартады. Бірақ ештеңе жасай алмайды. Амалдары таусылған олар айқайлап «көмектесіңдер!» деп айналаға жар салады. Өзінің інінде жабырқап отырған кірпі дауысты ести сала солай қарай ұмтылады. Кірпі олардың басқан іздерінің соңымен жылдамдата қозғалады. Ақыры оларды тауып алады. Қоянның қақпанға түскенін көрген ол ойланбастан бір инесін суырып ала салып, кілт тесігіне тығып  құлыпты ашып жібереді. Аяғы ауырған қоян қақпаннан босатыла орнынан тұрады. Сол кезде өздерінің қателіктерін түсінген қоян, бақа, үйрек кірпіден кешірім сұрайды. Кірпі оларды кешіріп, бақаға күн сәулесі өтпейтін баскиім тігіп береді. Қақпанды ашуға көмектесемін деген үйректің төрт қауырсыны түсіп қалған екен. Оны да кірпі инесімен тігіп береді. Олар өте қуанышты жағдайды бастан өткереді. Осылай  достықтары жарасқан қоян, үйрек, бақа, кірпі енді ешқашан ажырамастай тату-тәтті өмір сүретін болыпты.

Айман КӘРІПБАЕВА
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.