Талдықорған: +4°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Айбоз ақынмен жүздесті

13 желтоқсан 2017
РУХАНИЯТ
Айбоз ақынмен жүздесті
WhatsAppTelegramFacebook

Сал сәуірдің таңындай шуақ таратқан жанның болмысындағы сиқырлы күшті аңғару аса ауыр соқпасы анық. Оны тану – қазақ халқының бар қасиетін білу. Ал шынайы ұғыну үшін мыңдаған ғасырлардан бүгінге қасиетті сөз арқылы жеткен шежірені, тарихты парақтап, ұлт руханиятының асыл қазыналарынан сыралғы болсаң жеткілікті. Оны тану үшін – айбаттанса толғамалы найзасын тоқсан мәрте толғамай, тобықтан қан кешпей қасамына адал болмаған кейіп танытар батырларды, ақ адал сертін ғазиз жүрегіне қондырып, думанды көштің көрігін қыздырар кешегі салдар мен серілерді бір мәрте санада жаңғыртып алған жөн. Міне, солардың бүгінгі жұрнағы деп Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, айбоз ақын Әміре Әрінді айтуға негіз бар.

Шыңның түлегі, қазақ прозасының ең сәулелі жұлдызы Сүлейменнің Асқары анықтама берген «табиғат-болмысына» лайықты ғұмыр кешіп, алпыстың асқарына еркін шыққан айбоз ақын өрелі елдің өрендерімен Талдықорған политехникалық колледжінде жүздесті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аталмыш колледж басшыларының ұйымдастыруымен өткен тағылымды кездесудің шымылдығы Әміре Әріннің өмір жолынан  сыр шертер бейнебаян көрсетілімімен ашылды. Одан кейін студенттер арқалы ақынның әр жылдары алған марапатын, жеткен жетістігін, атқарған жұмысы мен ерен ерлігі мен еңбегін баян етті.
Кеш барысында зерлі сөздің зергері Әміре Әрін тауанды тарихты қаузап, бабалар тағылымынан сыр тарқатты. Сонымен қатар «ұлттық код деген не?» деген сауалға кеңінен тоқталды.
– Жарты миллиардтан астам түркі жұрттарының Көшбасшысы деп танылған Елбасымыз бұл жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жолдағаны бәріңе мәлім. Біз бұл уақытқа дейін шекарамызды шегендеп, экономикамызды дамытып, мемлекеттік институтымызды құрдық. Ендігі жерде ұлтты жаңғырту ісі күтіп тұрды. Мұны парасатты Президентіміз дер шағында қолға алды. Менің ұғымымда ұлтты жаңғырту – жастарды һәм тарихи сананы жаңғырту. Өйткені, сендер секілді жалынды жастарды ұлттық құндылықтардың уызына ауыздандыра алмасақ, тарихымызды зерделей білмесек, өзге бастамалардан түк өнбейді, – деп тебіренген ақын Мағжан сенген жалынды өрендерге салт-дәстүр, ата-баба ұстанымы мен діні, тілі, төл тарихы жөнінен кең ақпар берді. Бүгінгі қоғамдағы әртүрлі өзекті мәселелерді сөз арқауы еткен ол күрделі жайттардың орын алуы өткенді танымауымызда әрі сол арқылы бабалар танымында тағылымды ғұмыр сүре алмауымызда жатқанын атап өтті. Сонымен қатар өткен ғасырдың 70-ші жылдары табылған «Алтын Адамды» мысалға ала отырып, айбарлы бабаларымыздың күллі әлемге өркениет таратқанын, алғаш рет жазу ойлап тапқанын, қазақтың дана халық екенін және сол текті жұрттың болашағы жастар екенін алға тартып, студенттерге бабалар аманатын арқалай білетін азамат болыңдар деген ақындық пейілін білдірді.
Білімгерлерді рухани сусындатып, тыңдарманын тағылымды сөздерімен тәнті еткен ақын кездесудің соңына қарай студенттердің өткір сауалдарына жан-жақтылы жауап берді. Сонымен қатар ең үздік сауал қойған Айқыз Сүлейменова, Ажар Божалақова атты білімгерлерге қолтаңба қойылған «Айқабақ» жыр жинағын табыс етті.
Қазақтың түп тарихы қопарылып, әдебиеті мен мәдениеті һәм бүгінгі қоғамдағы мәселелері қарымды қаламгердің парасатты пайымымен астасып, әсерлі әңгімеге ұласқан кеш соңында Талдықорған политехникалық колледжінің әдіскері Гүлжан Жанысбекова сөз алып, Әміре Әрінге деген алғысын жеткізді. Сонымен қатар қайраткерге қазақтың қасиетті қара домбырасын сыйға тартты. Ал, тамаша тартуды «Жетісу» газеті редакциясына табыс ететінін жеткізген арқалы ақын «Жетісудың Әмен серісі» деген атына сай қара домбыраны күмбірлетіп, әуелете ән салып, көрермен көңілін көкжиекпен астастырғандай болды.

 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Бүгін, 19:46
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41
Мемлекеттік қызметті шектеу

Мемлекеттік қызметті шектеу

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.