Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАЙРАН БІЗДІҢ ШЕШЕЛЕР»: ЖАРЫН ЖЕТІ ЖЫЛ КҮТКЕН ҚАПАН АПА

13 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
"ҚАЙРАН БІЗДІҢ ШЕШЕЛЕР": ЖАРЫН ЖЕТІ ЖЫЛ КҮТКЕН ҚАПАН АПА
WhatsAppTelegramFacebook

Баламен баладай, данамен данадай сөйлесетін адамдар болады. Сондай-ақ, жарқын, аузын ашса жүрегі көрініп тұратын ананың бірі – марқұм Қапан апамыз еді. Өзінің жарын Ұлы Отан соғысы кезеңінде жеті жыл күтіп, арына дақ түсірмей, әке-шешесі мен ата-енесінің бетіне салық салмай «арды ойлаған» Қапан апамыз Мұқан әкеміз соғысқа аттанғанда 17 жаста ғана екен.

Екеуі соғыстың алдында ғана үйленіпті. Әкеміз соғысқа шақырту алғанда әке-шешесі Нүсіп ата мен Бәкей апа «жас келіннің күні не болады?» деп қатты қайғырыпты. Ақ көңіл, еңбекшіл, үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысатын Қапан апамыз еліне сыйлы болған жан еді. Қайын сіңілілері мен қайын інілеріне сыпайы мінез көрсетіп өтті. Менің анамның аты Роза еді. Ол кісіні өле-өлгенше  «Зорахан» деп еркелетсе, қайнағасы Бекмұқан ағаның да алдында сәлемін салып, құрмет көрсетіп кетіпті.

Қапан анамыз өте келбетті, шашы ұзын болған деседі. Кез келген адаммен әзілі де әңгімесі де жарасып, айналасына шуақ шашып жүретін жан күндіз шаруамен айналысып, кешкісін ешқайда шықпай атасы Нүсіп пен енесі Бәкей апаның ортасына жатып ұйықтайды екен. Содан ел аузында «Күндіз бар да, түнде жоқ Қапан деген қу екен» деген сөз аңыз боп айтылып қалыпты.

Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталғанша ауыл адамдарымен бірге еңбек майданында болған Қапан апамыз 1948 жылы Мұқан атамыз соғыстан қайтып келгенше сүйген жарын күтіп, арына дақ түсірмей, жарына деген адалдығын сақтаған. Мұқан атамыз соғысты Жапония жерінде аяқтап, елге оралғаннан кейін апамыз екеуі бейбіт күннің берекесін кіргізіп, елеулі еңбек етті. Екеуінің де еңбегі еленіп, 1970 жылы 12 күн Мәскеуге туристік жолдамамен барып келді.

Асқар тау әке мен алтын құрсақ ана өмірдің қиындығын бірге көтере жүріп, жарық дүниеге сегіз перзент алып келді. Өмірден өз орындарын тапқан қыздары мен ұлдары Қапан апамыз сияқты өте мейірімді. Әсіресе, Маусымбай бауырымыздың үйіндегі Зағира жеңешемді ерекше айтқым келеді. Бауырым Тоқтасын солардың үйінде орта мектепті бітірді. Бауырымды өз туысындай күткен Зағира жеңешеме мың алғыс! Бала-шағасының қызығын көрсін!

Қапан анамыздың емшілік қасиеті де бар еді. Көзге ақ түскенді тез арада емдеп, жазып бергені әлі күнге дейін ел аузында жүр. Сонымен бірге әншілік өнері де бар еді. Бір күні ауылға Нарынқол ауданынан бір топ әртістер келіп концерт қойды. Сол концерт біткен соң, театрдың режиссерінен рұқсат сұрап, ауылдың сахнасында «Паравоз» деген әнді шырқап берді. Ол кісі өте мейірімді жан еді. Мектепте қызы Разиямен бірге істейтін қызметкердің бәрінің бетінен сүйіп, аналық мейірімін төгіп тұратын.

Қайтыс боларының алдында Гүлнар Дүйсенбаева екумізді үйіне шақырып, көп әңгімелестік. Сол кезде өзінің шын аты «Нұрғалипа» екенін айтты. Отауының оң жағында отырып, бала тауып, оны дәретханаға, кез-келген жерге тастап жүрген қыздарымыз Қапан апамыздың өткен өмірінен үлгі алса, шіркін! Жарын жеті жыл емес, бір жыл тоспай жүрген жандар қаншама?!

Адалдықтың ақ туын желбіреткен еңбек және тыл ардагері Қапан апамыздың өмірін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай еске алып, өнегелі өмірін болашақ жастарға үлгі ету үшін осы мақаланы жаздым.

Рая  САРТОЛОВА,

Ұйғыр аудандық ардагер әжелер кеңесінің төрайымы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.