Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАЙТА ҚҰДАЙ САҚТАҒАН»: ШОНЖЫДАҒЫ ОПЫРЫЛА ҚҰЛАҒАН ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ КІНӘЛІ?

22 қыркүйек 2020
РУХАНИЯТ
"ҚАЙТА ҚҰДАЙ САҚТАҒАН": ШОНЖЫДАҒЫ ОПЫРЫЛА ҚҰЛАҒАН ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ КІНӘЛІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Кешелі бері әлеуметтік желіні шулатқан тақырып – Шонжыдағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы. Жыл соңында пайдалануға беріледі деп қуанған халықтың көңілі бір күн ішінде су сепкендей басылды. Бәрін толғандырған сұрақ біреу – жалпы құны 1 млрд.171 млн.теңге болатын нысан неге құлады?

Мәселенің мән-жайын білу үшін алдымен Ұйғыр ауданының баспасөз хатшысына хабарласып көрген едік. Бірнеше рет байланыс орнатуға тырысқанымызбен, еш нәтиже шықпады.

Құрылыс жұмыстарына Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы жауапты. Сондықтан, мемлекеттік органмен байланыс орнаттық. Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Аят Сәбитов қираған құрылысқа қатысты қандай да бір пікір білдіре алмайтынын айтты.

— Басқарма басшысының орынбасары бастаған жауапты тұлғалардан құрылған комиссия Ұйғыр ауданына аттанды. Әзірге нысан осының нәтижесінде құлады деп пікір білдіре алмаймыз. Комиссиялық топ кешенді қарап, шешім шығарады. Сараптама жасалмайды. Жасалған күннің өзінде оны 45 күн күту қажет. Қорытынды ұйғарым қашан дайын болатыны белгісіз. Шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта Шонжы ауылында құрылыс нысаны тексерістен өтуде, – деді ол.

Ұйғыр ауданының тұрғыны, «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жәнет Керімқұлов: «Бүгін өз көзіммен көру үшін оқиға орны болған жердің жанынан өттім. Не үшін құлағаны белгісіз, білмеймін де. Көктем айларында құрылыс жұмысы қарқын ала бастады. Оны көрген көпшілік қуанған едік. Енді, міне, осындай жағдай болды. Бір қабырғасы ғана емес, сайттарда жарияланған суреттегідей толық құлаған. Темір тұрмақ, қазақ үйді құлататындай да жел болған жоқ. Құрылысы аяқталған соң желтоқсан айында болатын Шонжының құйынды желіне тап болсақ, қайтер едік? Ғимаратпен қоса, ішіндегі адамдардың барлығы бақилық болар ма еді… Қайта Құдай сақтаған», – деді.

Бұл – өз көзімен көрген аудан белсендісінің пікірі. Ал «Nege.kz» порталына сұхбат берген Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов: «Ертең мамандар келеді, экспертиза жасайды. Түсте бір темірі түсіп кетіпті. Оның өзінде толық түспеген, бір жерінің шатыры ғана түсіп кеткен. Қазір анау-мынау деп айта алмаймыз. Жаңа өзім барып көріп келдім ғой. 40х25 болатын бір залының шатыры ғана құлап қалған», – деген еді.

PS: Қанша тырысқанымызбен жауаптыны табу қиын екені белгілі. Кінә нысанды салып жатқан Марат Қуанышбаев басшылық ететін «Лидер НК» құрылыс компаниясының қателігінен бе әлде құрылыс материалдарының сапасыздығынан ба? Ол жағы белгісіз. Оны облыстан құрылған комиссия анықтай жатар. Соған қарамастан «Жетісу» газеті оқиғаға қатысты ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, оқырманға жан-жақты жеткізуге тырысты.

Осы мәселеге байланысты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі аймақ басшысы Амандық Баталовтың тапсырмасымен арнайы жұмыс комиссиясы құрылғанын, олар спорттық-сауықтыру кешені бір бөлігінің құлау себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді. Комиссияға облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов төрағалық етеді. Комиссия құрамында облыстық құрылыс басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық қадағалау, «Лидер-НК» ЖШС өкілдері бар. Комиссия мүшелері құрылыс нысанының құлау себептерін анықтау және осындай жағдайларды одан әрі болдырмау мақсатында жұмыс жүргізеді. Комиссия жұмысының нәтижесі қосымша жарияланады.

Еңлік ҚАБДЕШ

Ұйғыр ауданы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.