Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАЙТАРЫМЫ — ЖАРАТҚАННАН»: БІРНЕШЕ ОТБАСЫ БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

17 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"ҚАЙТАРЫМЫ - ЖАРАТҚАННАН": БІРНЕШЕ ОТБАСЫ БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айында тәлім мен тәрбиеге толы рухани кештер өткізуде. Оған І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен басқосу дәлел.

Рухани кеш Құран оқумен және пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмір жолынан көрініс көрсетумен басталды. Сөз қадірін түсінетін көпшілікке ақын-композитор Жәкен Омаров мерекеге арнайы келіп, ғибратты жыр-термелерін, дастан, әлқиссаларды қарилар мектебінің шәкірттерімен бірге орындады. Б.Римова атындағы облыстық театр әртістері тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетіп, көпшіліктің көңілін босатып, көзге жас үйірді. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шара – пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауат оқылып, сәлем айтылып, тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен қарилар мектебі құрылып, 114 сүре, 666 аят, 600 бетті Қасиетті Құранды жаттаған шәкірттердің алды қажылық сапарға барып жатқандығы көпшілікті қуантты.

Алғашқы сөзді Ардақ Нүсіпханұлы алып, барша мұсылман жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтай келе мерекені атап өтудің маңыздылығын толғанысқа толы ойымен жеткізді. Ол:

– Барша мұсылман қауымы қадір тұтатын қасиетті мереке – Мәуліт мейрамы құтты болсын! Бұл ғажайып оқиға жер бетіне Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) келуімен ерекшеленеді. «Шапағат нұры» атауымен өткізген рухани кешіміз Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі. Ұйымдастырып отырған рухани кешіміздің басты мақсаты – Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан танып, ұрпағымызға үлгі ету. Олай болса, бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс. Үмметіне, яғни, сіз бен бізге жан адам адаспайтын сара жолы – сүннетін қалдырды. Бұл біз үшін алтыннан да қымбат қазына. Мәуліт мерекесіне келген әрқайсыңыздың қадамдарыңызға нұр жаусын. Алла тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың кең пейілі мен ізгі ниетіне сай, бірлігімізге сызат түсірмей, жақсылығын нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болғай, – деп көпшілікке жақсылық тіледі. Сондай-ақ, қызметтік ісін ең бірінші «Иман» мешітінің құрылысынан бастаған облыс әкімі Амандық Баталовқа, үнемі үлкен қолдау білдіріп жүрген Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа, «Жетісу» мешітінің құрылысына үлкен қолдау білдірген «Нұр Шапағат» қайырымдылық қорының басшысына бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Алғыс хатын облыс, қала басшыларының атынан келген өкілдерге табыстады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, ерекше сипатта өткен Мәуліт мерекесін ұйымдастырған және рухани кешке келген қарасы көп жетісулық жамағатқа үлкен алғысын білдірді.

Алматы облыстық дін істері басқармасының дінтанушы маманы Қанат Маратұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында республика бойынша берілген 170 баспананың 50-і Талдықорған өңіріне тиесілі екенін айтты. Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты – көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, жалғызбасты ана не әкеге тегін баспана сыйлау. Осыны терең түсінген жаны жомарт жандар қайырымдылық шарасына қатысып, қаншама мұсылман бауырларын қуантты. Осындай қайырымдылық, игі шараларды ұйымдастыруда тынымсыз еңбек еткен өңірдің бірнеше имамы аталған қор атынан Алғыс хатқа ие болып, көптің алғысына бөленді.

Қасиетті рухани кеште Көксу, Панфилов аудандарынан келген екі отбасы зор қуанышқа кенелді. Пәтер жағалап, талай табалдырықты тоздырып, тіршіліктің тауқыметін сезінген отбасы баспанаға ие болды. Шаңырақ иелері көпшілікке алғыс айтып, жақсылықтың міндетті түрде қайтарымы Жаратқаннан болатындығын жеткізді. Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, ҚМДБ Орталық аппараты қызметкерлерінің ұсынысымен, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бекітуімен 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асатын 30 игі іс-шараның жоспары бекітілген.

Соның бірі – 30 дін қызметкеріне баспана беру. Осы игі шара алғаш рет Жетісу жерінен бастау алды. Мерекеде жас маман, қарилар мектебінің директоры пәтер кілтіне ие болды. Ардақ Нүсіпханұлы, жаны жомарт кәсіпкер Серік Сарымолдаев қуаныш иелерін құттықтап, көпшілікті жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауға шақырды.

Тәлімді рухани кеш эстрада әншілерінің илләһи әндерімен жалғасын тапты.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.