Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Алакөлдік азаматтардың көмегі

11 мамыр 2024
РУХАНИЯТ
Алакөлдік азаматтардың көмегі
WhatsAppTelegramFacebook

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету әлі жалғасып жатыр. Оған облыстағы кәсіпкерлер, ауылдағы ағайындар, әскери сала қызметкерлері, этнос өкілдері, еріктілер көп үлес қосуда. Бүгін сол қатарды Алакөл ауданы, Қамысқала ауылының азаматтары толықтырды. Олар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өз еріктерімен қаржы жинап, 2 млн. теңге тұратын тұрмыстық бұйымдарды су тасқыны орын алған аймақтарға жөнелтті.

«Кемедегінің жаны бір» дегендей, Қамысқала ауылы Алакөлдің жағасына орналасқан шағын ауыл. Бүгінде 840 тұрғыны бар елді мекеннің өткен тарихында көл суының көтерілуінен талай зардап шеккені бар. Солтүстікте су тасқыны орын алғанда ауыл азаматтарының жүрегі сыздап, көңілі алағызғаны анық. Сондықтан олар көктемгі науқан кезіндегі қарбалас жұмыстарын атқара жүріп, алыстағы ағайынға көмектесуді қолға алыпты.

— «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп тілейтін елдің ұрпағымыз. Батыстағы ағайындар қиналып жатқанын көргенде ауыл азаматтары тыныш отыра алмадық. Өйткені, көл жағалап өскендіктен қызыл судан келетін қиындықты бала жасымыздан көріп өстік. Бүгінде ауылда тұрып жатқан, нәсіп қуып, басқа өңірге қоныс аударған қамысқалалық азаматтар ақылдаса келе қаржы жинап, су тасқынына ұшыраған аймақтағы ағайындарға көмек болсын дейтін ниетпен осы істі қолға алдық, – дейді Қамысқала ауылының тұрғыны Қайрат Түндебаев.

Осыған дейін де қаржылай қолдау көрсетіп келген қамысқалалықтар бұл ретте материалдық көмек беруді шешіпті. 

– Қамысқалалық азаматтар жинаған қаржыға 100 адамға лайықталған көрпе-жастық, төсеніш, беторамал, кір жуатын ұнтақ, жуынуға арналған құралдар, басқа да гигиеналық заттар мен 100 балаға жететін  керек-жарақ толық сатып алынды, – дейді Қамысқала ауылының әкімі Асқар Бүтіншінов.

Жалпы, су тасқыны орын алған кезден жетісулық азаматтар ұсынған материалдық көмекті жинап, тиісті жеріне жөнелтуге байланысты екі орын дайындалды.

Ол Талдықорған қаласындағы Қонаев көшесінің №47 мекенжайы мен Достық үйі ғимаратына орналасты.

– Бір айдан бері апат болған аймаққа  Қонаев көшесі, №47 мекенжайынан тонналап, «КамАЗ» көлігімен гуманитарлық көмек жөнелттік. Екінші нүктеден де сондай дүние аттанды. Жалпы, апат болған аймаққа көмектесуде жетісулықтар көш бастап тұр деуге болады, – дейді  облыстық жастар басқармасы басшысының орынбасары Арнай Байжурынов.

Ағайындар жіберген заттарды түсіріп, қоймаға жинау, есепке алу, жіберілетін мекенжайын анықтап, қайтадан көліктерге тиеп жөнелту жұмысын қаладағы белсенді жастар күндіз-түні ерікті түрде атқарып жүр.  «Көп түкірсе көл болады» деген осы.

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.