Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Алатауды ән-күйімен тербеген

16.03.2018
РУХАНИЯТ
Алатауды ән-күйімен тербеген
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ өнерінің өрістеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, Жетісу өлкесінің мақтанышына айналған өнер майталманы, кәсіпқой композитор Мұқанбек Бөрібаевтың есімін ел-жұрты ерекше қастерлейді. Халықтық өнерді дәріптеп, алтын қорын толықтыруда 80-ге таяу ән жазып, шарықтата шырқаған М. Бөрібаевтың есімі табиғаты тамылжыған Талғар ауданындағы «Алатау аясында» ансамблімен біте қайнасып келеді. Сонау 1967 жылы талант иесінің тікелей ұйымдастыруымен негізі қаланған өнер ұжымының мәдениет айдынының жарық жұлдызына айналғанына да жарты ғасыр уақыт өтіпті. Ұлттық өнерді дәріптей отырып, халықтық ән-күйді қаймағы бұзылмаған қалпында тыңдарман жүрегіне жеткізуді мақсат еткен  ансамбльдің  атқарған жұмысы қыруар.

Қара шаңырақ

Өнерге құштар шынайы таланттардың басын біріктіру мақсатында құрылған ансамбльдің тарихы жайында аудандық Мәдениет үйінің директоры Берік Шағаевтан білуді жөн санадым. Себебі, ол осы ансамбльдің алғашқы қарлығаштарының қатарында.
– Талғар өңірінен таланттар аз шықпаған. Соның бірі – әрі бірегейі талантты сазгер Мұқанбек Бөрібаев ағамыздың қамқорлығымен құрылған «Алатау аясында» атты халықтық ансамблі. Ауданның мәдениет саласына қажыр-қайратын, өмірі мен өнерін арнаған Мұқанбек аға осыдан 50 жыл бұрын талғарлық таланттарды іріктеп, өнер ұжымының құрылуына ұйытқы болған. Алғашқы құрамында Зәуреш Отарбаева, отбасылық жұп Айгүл, Болат Андасбаевтар, Мырзабек Парманов, Шайділдә Мәмбетов, Мұқанбай Өміржанов, Амантай Молдахметов, Алла Қарғабаева, Сандуғаш Сәдуақасова сынды өнердің жас қырандары қанатқақты ән-жырлары мен билерін халық назарына ұсына бастады. Ал өзім ұлттық аспаптардың ішінде шертерде ойнайтынмын, – деген Берік Шағаев өнер ұжымының өте еңбекқор болғандығын сөзге сабақ етті. 
Содан бері «Алатау аясында» халықтық ансамблі Талғар ауданының мәдени-рухани өмірінің өркен жайып, кең тыныстауына сүбелі үлес қосып келеді. Тас жарған таланттардың ерен еңбегінің арқасында қиырларға сапарлап, сан мәрте киелі сахна төрінде өнер көрсеткен шығармашылық ұжымының да басынан талай қиындықтар өткені ақиқат. Әсіресе, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен нарықтық қиыншылықта қабырғасын сетінетпей, қаз-қалпында сақталып қалуы – осы өнер жанашырларының сүттей ұйыған ауызбіршілігі мен ынтымағының арқасы дер едік.

Таланттармен толысуда

«Өнерлі елдің өресі биік» деген ғой. Халқымыздың маржанына айналған ән-жырымызды асқақтатып, тыңдарман жүрегін ұлттық өнердің шұғылалы сәулесімен нұрландыруды басты мақсат еткен ансамбль құрамының жыл өткен сайын жаңаруы заңды құбылыс. Кешегі Ә. Яхияров,  О. Жақаев, Ф. Әзімбаева, Г. Қалелова, Ж. Оңғаров, Қ. Жанысбекова, А. Сағиқызы, Б. Бешенқызы, Г. Асқарбекова, Д. Әлдибеков, Р. Қаратаева, Ә. Исаев, Е. Белдікенов,  Қ. Бақдәулет сынды игі жақсылардың ізін талантты жастар толықтыруда.
Бұл күнде танымал әнші Ғайса Рамазанов жетекшілік ететін Мұқанбек Бөрібаев атындағы «Алатау аясында» ансамблінің құрамында сырнайшы Нұртай Әбдуәли, қобызшылар Гүлзира Шаяхметова мен Жадыра Нұрманбетова, шертерші Заманбек Даривхан, ұрмалы аспапта  Тілек Шернияздан, домбырашы Айдос Балғабеков, әнші Гүлина Дәлелхан, балетмейстр Гүлжан Түсіпиянова сынды таланттар өнер көрсетуде. Ал «ретро-трио» атанып кеткен үштік Мырзабек Парманов, Кеңес Баймұқанов, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Ғайса Рамазановтарды талғарлықтар аса құрметтеп, сүйіп тыңдайтын әншілері екендігін ерекше атамақпыз. Сондай-ақ, ансамбль құрамында елімізге танымал дәстүрлі әншілер Ерлан Стамғазиев пен Ғанипа Садықова, белгілі композитор Мұратбек Сарбасовтың болуы ұжымның мерейін асырып, шығармашылықтарының шарықтауына шабыт беруде.
Аудан, қала мәдениет күндеріне ансамбльдің зор үлес қосқандығы айтпаса да түсінікті. Одан кейін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ғасырлар үні» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер фестивалінде ІІІ дәрежелі дипломды иеленсе, осы жылы облыстың мәдениет саласының өркендеуіне үлес қосқаны үшін облыс әкімі А. Баталовтың Құрмет гарамотасымен  марапатталуы ұжымды мерейлендіре түскен. Бұған қоса, «Жырлайды жүрек» атты облыстық жыр додасында ансамбль мүшесі Айнұр Жұмақадыр бас жүлдені қанжығасына байласа, «Өнерім – өмірім» атты облыстық өнер байқауында «Айгүл» би тобы мен жас әнші Камила Рахымберген І орынды жеңіп алып, ауданның мерейін асырды.


Мақтан санаймын 
Зәуреш Отарбаева, 
ансамбль бишісі, зейнеткер:

– Ансамбль алғаш құрылғанда 13-ке де толмаған едім. Талғар қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №2 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Мұқанбек Бөрібаев ағайымыз аудан мектептеріндегі өнерлі жастарды жиып, ансамбль құрамына керек әнші-бишілерді іріктегенде арасында менің өнерім ұнаса керек, жаңа құрамға алды. Содан бастап мәдени іс-шараларға қатыстырып, сахнаға баули бастады. Менің қызығы мен қиындығы мол өнердегі дара жолым осылай басталды. Сахналас әріптесім Айгүл Андасбаева оқуға түсіп кеткен соң  маған Мұқанбек ағай «Сәлем» биін үйретті. Сөйтіп, ол би ансамбльдің паспортына айналды. Құдіретті өнердің арқасында талай жердің дәмін татып, өнер тарландарымен дидарластым. Жартығасырлық ғұмыры бар ансамбль құрамында зейнеткер болсам да әлі күнге сахна төрінде өнер көрсетіп жүргенімді мақтаныш санаймын.

Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.