Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «АҚ ҚАУЫРСЫН» ӘДЕБИ ЖҮЛДЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

29 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "АҚ ҚАУЫРСЫН" ӘДЕБИ ЖҮЛДЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл мәртебесі қай қоғамда болсын назардан тыс қалып көрген емес. Осы негізде Алматы облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай игі бастамалардың бірі – Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтетін, облыс әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі үшін тағайындалған «ТІЛ-ҒҰМЫР» қаламгерлер байқауы. Байқау биыл да қалам ұстаған жастардың шабытын ашып, ары қарай шығармашылығын шыңдауына оң серпін беріп отыр. Бізді мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерге ұсынылатын жүлде қоры емес, осы байқау арқылы қарым-қабілетін шыңдап, биікке ұмсынған жастардың талпынысы мен ерік-жігері қуантты.

Аталмыш байқау Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жас қаламгерлерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл байқау Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен дәстүрлі түрде өтіп келеді. Облыста ақын-жазушыларға, жас қаламгерлерге деген қамқорлық ерекше. Соның бір парасы осы — «Ақ қауырсын» атты әдемі атауға ие аймақтың әдеби сыйлығы. Аз уақытта бұл байқау Жетісу өлкесіндегі әдебиетшіл қауымның асыға күтетін мерейлі салтанатына, рухани-әдеби танымдық шаралардың біріне айналып отыр. 

Биылғы жылғы байқаудың екі өзгешелігі бар екенін естеріңізге салғымыз келеді. Ол, әрине, бүкіл әлемде екінші ұстаз атанған ғұлама, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен тікелей байланысты. Сондай-ақ, иісі қазақтың шамшырағы болған ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына да ерекше басымдық беріліп отыр. Қос алыптың мерейтойына орай арнайы «әл-Фараби» және «Абай» жүлделерінің тағайындалуы руханият әлеміндегі тағы бір игі қадам десек те болады.

Қиялына қанат біткен қаламгерлер поэзия және проза жанрлары бойынша бақтарын сынап көрді. Байқауға өңіріміздің түкпір-түкпірінен келіп түскен еңбектерді арнайы құрылған әділқазылар тобы саралады. Проза жанры бойынша Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Нүсіпбай Әбдірахым, облыстық «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары, жазушы Серік Сарыбай және журналист Назым Дүтбаева төрелік етіп, үздіктерге үкі тақты.

Ал әр тармағы ән салған поэзия жанры бойынша облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Әміреев, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары, ақын Жангелді Немеребай, Президенттік стипендия иегері, ақын Сағыныш Намазшамова шайырлардың туындыларын талдап, оза шапқандарын таразы басында бағамдады.

Поэзия бәйгесінің өзі мемлекеттік тіл және еркін тақырыптағы екі кезеңді қамтыды. Нәтижесінде, І орынды Айнұр Төлеу («Сөзтүкпір», «Көктем»), ІІ орынды Айбек Ережеп («О, Туған Тіл сен болмасаң…», «Алғаш»), ІІІ орынды Мәулен Әнербай («Мені, апа, сол тілде аймалашы», «Тақиясын теріс киіп таң атты») иеленді.

Проза бәйгесінде І орынды Әсем Жұмахан («Қаншырдың кегі») иеленсе, ІІ орын Асхат Өмірбаевқа («Жүз жыл тербелген бесік»), ІІІ орын Нұрахмет Ерденге («Тар заман») бұйырды. Ал арнайы «әл-Фараби» жүлдесін Жарқын Сәленұлы («Мен қандай қалада тұрамын?»), «Абай» жүлдесін Асыл Сұлтанғазы («Адамзат алыбы») иеленді.

Дүлдүлдер додасының бас жүлдегерлері Айнұр Төлеу мен Әсем Жұмаханға облыс әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі табысталатын болады.

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Тіліміздің мәртебесі қашанда биік болып, еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деп тілейміз!

Айдана АРСАЛАН,

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.