Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Алтын қасықтың» дәмді тұшпарасы

8 қараша 2025
РУХАНИЯТ
«Алтын  қасықтың» дәмді тұшпарасы
WhatsAppTelegramFacebook

Әрдайым асқа толы дастарқан үй берекесін кіргізеді. Сол дәмдердің ішінде мәнті мен тұшпара – көпшіліктің сүйікті асы.

Бүгінде бұл тағамдар тек той-думандарда ғана емес, күнделікті ас мәзірінің ажырамас бөлігіне айналды. Мәнті мен тұшпараны үй жағдайында дайындау – ерекше ықылас пен шыдамдылықты қажет етеді. Қамыр илеу, фарш әзірлеу, әр түйірін әдемілеп түю – бәрі еңбек. Қазіргі таңда көп отбасы бұл тағамдарды дүкеннен сатып алғанды қалайды. Өйткені, оны үйден әзірлеуге әркімнің уақыты жете бермейді. Осыны білетін Маржан Сейдуллаева өз үйінде жартылай фабрикаттар өндірісін қолға алды. Бастапқыда ол мұны қарапайым идеядан бастаған.

Кәсіпкер дәмді ас әзірлегенді жақсы көреді. Оның тіл үйірер дәмді тағамдары, әсіресе, тұшпарасы туыстары мен қонақтарының арасында кеңінен танымал. Өйткені, ол дайындаған ас таңдай қаққызып, таңданысты туғызады. Сөйтіп, жиі мақтау естіді. Уақыт өте келе ол мұндай мүмкіндікті ұтымды пайдалануды көздеп, үй тағамдарын тек жақындарымен ғана емес, сондай-ақ, басқа да адамдармен бөлісуді жөн көрді. Тіпті, осы арқылы ақша табуға болатынын түсінді.

Нәтижесінде «Altyn Qasyq» маркасы пайда болды. Үйде жасалған тұшпара, мәнті сияқты жартылай әзірленген тағамдар тұтынушылар тарапынан әрқашан сұранысқа ие. Себебі, қазір оны пайдаланатындар аз емес. Бұл істі бастау көп қаражатты қажет етпеді. Тек, табандылық пен еңбек жеткілікті болды. Осылайша Маржан Сейдуллаева осыдан 5 жыл бұрын «РенМар» жеке кәсіпкерлігін тіркеп, өз үйінде жартылай фабрикаттар өндірісін бастап кетті.

Бүгінде нәтижесі көңіл қуантады. Сапалы дайын өнімдері қазір Талдықорған қаласының жақын маңында орналасқан дүкендерде сатылады. Жұқа қамыр, шырынды ет және табиғи ингредиенттердің арқасында өңделген тағамдар бірден көз жауын алады. Ал 2021 жылы жартылай фабрикаттар шығаратын дүкен мен өндірістік цех салынды. Осы бағытта жұмыс істеп, сұраныстың жылдан жылға артып келе жатқанын байқаған кәсіпкер істі кеңейту қажет екенін ұқты.

Сөйтіп, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгініп, инвестицияларға, атап айтқанда қолданыстағы цехқа қосымша құрылыс салуға несие алды. Жобаға «Кепілдік қоры» бағдарламасы бойынша «Даму» қорының кепілдігі берілді. Ендігі кезекте жаңа нарықтарды бағындыру жоспарда бар.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.