Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАМЫСТАН ӨНДІРІЛГЕН ҚАНТ НАРЫҚТАҒЫ БАҒАНЫ РЕТТЕЙ МЕ? ЗАУЫТ ТЫНЫСЫ

13 мамыр 2021
РУХАНИЯТ
ҚАМЫСТАН ӨНДІРІЛГЕН ҚАНТ НАРЫҚТАҒЫ БАҒАНЫ РЕТТЕЙ МЕ? ЗАУЫТ ТЫНЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қант қызылшасын өндіру мен қант өңдеуде көш бастап тұрған аймағымыз биыл да межеленген жоспарды ойдағыдай жүзеге асыруда. Әрине, күн сайын үстелден табылатын құмшекердің бағасы жыл басында қымбаттап, біраз әбігерге салған еді. Енді, міне, “Көксу қант зауыты” ЖШС-да қант қамысынан өндірілген шекердің есебінен қант нарығы біраз болса да реттеліп қалды деуге болады.

“Көксу қант зауыты” ЖШС қант қамысынан шекер шығару ісін біраз жылдан бері жоспарлап келді. Алайда техникалық шарт-жағдай, тағы да басқа себептерге байланысты арман орындалмай келген еді. Өткен жылдары зауытқа жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы жаңа қадамды жүзеге асыруға материалдық негіз қалап берді. Нәтижесінде, биыл өндіріс орны қант қамысынан қант өңдейтін құрылғыларды орнатып, Бразилиядан қант шикізатын тасымалдап, ойдағы істі жүзеге асыруға бірден кірісіп кетті.

– Әр істің өз қиындығы да, қызығы да болады. Қант қамысынан шекер өндіру ісін алғаш қолға алғанда көңілімізде күдіктің болғаны рас. «Өнімімізді жұрт қалай қабылдайды, нарықтағы орны қалай болады?» – деген сан сұрақ алаңдатқаны анық. Бірақ қант өндірудегі ұзақ жылдық тәжірибеміздің арқасында жаңа бастаманы бастап кеттік. Қант қамысынан қант шығаратын құрылығыларды орнатып болып, наурыз айында осы жұмысты қолға алдық. Басында біз осы жылы 30 мың тонна таза қант өндіреміз деп жоспарлап едік. Алайда екі айдың ішінде 16 мың тонна қант өндіріп, нарыққа шығардық. Қазір еліміздің бар аймағында біздің өнім сатылымға шықты. Тұтынушылардың жақсы бағасын естіген сайын көңіліміз желпініп, құлшынысымыз артып келеді. Бүгінде бірінші кезекте әкелген шикізат өңделіп бітті. Екінші кезеңдегі шикізат жолда келе жатыр. Бұл жұмысты шілде айының соңына дейін жүргіземіз. Әлі үш ай шамасында уақытымыз бар. Демек, ойлаған жоспарымыз артығымен орындалады деген сөз, – дейді “Көксу қант зауыты” ЖШС директоры Алтынбек Абатов.

“Көксу қант зауыты” ЖШС-ның жаңа өнімі тұтынушылардың ықыласына бөленумен қатар нарықтағы қант бағасын реттеуге үлкен ықпал етіп жатқанын білуге тиіспіз. Қазір зауыт өндірген шекерлер нарықта 280 теңгенің айналысында сатылымда жүр.

– Бүгінде зауытта 300-ден аса адам жұмыспен қамтылған. Жыл сайын ақпан айында қант қызылшасын өңдеу жұмысы аяқталған соң қоңыр күзге дейін үйлерінде жұмыссыз отыратын осы адамдарды жыл бойы тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді, – дейді Көксу аудандық мәслихатының депутаты Айгүл Айманбекова.

Игі бастама, міне, осылай әлеуметтің әлеуетін көтеруге үлкен серпін берді.

Қажет АНДАС

Көксу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30
Еңбек министрлігі 2027 жылы жаңа пилоттық жобаны бастайды

Еңбек министрлігі 2027 жылы жаңа пилоттық жобаны бастайды

Бүгін, 11:01
Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Бүгін, 10:30
Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Бүгін, 10:21
Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Бүгін, 10:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.