Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАПШАҒАЙЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ӨЗ БЕТТЕРІМЕН БИЗНЕС АШЫП, АҚША ТАУЫП ЖҮР

13 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
ҚАПШАҒАЙЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ӨЗ БЕТТЕРІМЕН БИЗНЕС АШЫП, АҚША ТАУЫП ЖҮР
WhatsAppTelegramFacebook

Қапшағай қаласында жеке бизнесін ашуға ниеттенген азаматтар «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда. Осындай талапты азаматтың бірі Кәмшат Жандәулетова мемлекет қолдауымен шағын тігін ательесін ашты. Ал көпбалалы ана Аида Нұрсейітова сән салонын құрып, жұмыс істеуде.

Қапшағай қалалық әкімдігінің хабарлауынша, азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, оларға мемлекеттік грант беруде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы өз тиімділігін көрсетті.

Мәселен, суретші-модельер мамандығын алған Кәмшат Жандәулетова бірнеше жыл Қапшағайдағы түрлі ательелерде жұмыс істеп, тәжірибе жинаған, кейін «Бастау Бизнес» арқылы кәсіпкерлікті қолға алуға ниеттенді. Арнайы курстан өткен соң өз бизнес жобасын қорғап шықты. 583 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болып, бұл сомаға өндірістік тігін машинасын, торлап тігу мен үтіктеуге арналған техникалар сатып алған. Сөйтіп, қазір «Кәмшат» тігін студиясын ашып, жеке бизнесін жүргізіп отыр. К.Жандәулетова кәсіби шеберлігінің арқасында 2012 жылы сән өнерінде талабы бар жас дизайнерлер арасында өткен «Жас маман» байқауында жүлделі орын алған болатын. Кәсіпкер алдағы жоспарларымен де бөлісті.

— Алдағы наурыз айында 2-5 млн.теңгенің грантына қатыссам деймін. Қыз-келіншектерді тігін ісіне үйрететін студия және тігін цехын ашу жоспарымда бар, — дейді Қ.Жандәулетова. Ал көпбалалы ана Аида Нұрсейітова Қапшағай қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы қысқа мерзімдік курста оқып, шаштараз кәсібін меңгерген. Кейін мемлекеттік грант иеленіп, оған шаштараздыққа қажетті жабдықтарын алды. Қазір «Ардақ» шағын сұлулық салонын ашып, келушілерге қызмет көрсетуде.

Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қапшағайда 2021 жылы шағын бизнесті дамытуға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 38 млн.теңге шамасында мемлекеттік грант берілді. Грант негізінен аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, 29 жасқа дейінгі жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға берілді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.