Талдықорған: -4°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АРЫНДЫ АҚЫН

15.06.2019
РУХАНИЯТ
АРЫНДЫ АҚЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Жыр елі  Жетісу  ақындарының  бірі  Серікбай  Тұрлан  биыл  мерей  жасқа то­лып  отыр.  Ол  1949 жылы Ақсу  ауда­нын­дағы Қаракөз ауылында  дүниеге кел­ді. Алғашқы  еңбек  жолын  ауылдан  бас­тап, облыстық  су шаруашылығы, мәде­ниет, білім беру саласында  қызмет атқар­ды.  Ол  өзінің  жеке  мамандығымен  қа­тар ақындық өнерімен де  танымал.  Өлеңдері  бірнеше жеке   кітаптарға  басылған. «Қоңы­рау  жүрек» деген  өлеңдер  жинағы 2014  жылы баспадан шыққан. Бүгін  ақынның  бір  топ  өлеңдерін  70  жас  мерейтойына  орай   оқырман  назарына  ұсынып  отырмыз.

ТАҢ   КЕЛЕДІ

Өлең  тербеп  мен  ұйқымнан  ояндым,
Сылдыр-сыбдыр үн  қатасың,  тораңғым.
Сен де  мені  күтіп,  бәлкім,  тұрсың ба,
Нәзік  сезім, толқытар  ой  жоралғым.

Сәтімісің  ұшқыр  шабыт  – хабардың,
Ғашық  жүрек, мөлдір  тамшы  алаудың?
Еркіндейсің, желкілдейсің  самалмен,
Жамалыңа  сенің  кімдер  тағар  мін?

Жуынасың  кәусар  суға  малынып,
Өн  бойыңа  мөлдір  моншақ  тағынып.
Күнде  келіп  сымбатыңды  көрмесем,
Тұрармысың, бәлкім,  сен де  сағынып.

Ғажап  сурет сыңсыған  ну  сырластар,
Жұпар  желек,  орман, тоғай,  гүл  бақтар.
Сыр-табиғат адам  ғұмыр  –  тал  бесік,
Мәңгі  бірге  тамыр  жайған  қимастар.

Тыншымайды  бірін-бірі  іздейді,
Алыс, жақын,  тегі,  қайда  жүр,  мейлі.
Күй  ұғысып  жылдар,  миллион  ғасырлар,
Санаменен  ақтарсаң  шың, ой  кенді.

Құстар  сайрап, жыр  төгеді  маңайға,
Қосылыңдар, бар адамзат,  оян да.
Таң  келеді  туған  жерге  нұр  шашып,
Тәуелсіздік  туым,  асқақ  алаула. 

ЖЫРЛЫ,  НУЛЫ  ЖЕТІСУ

Тау  шыңынан  алаулайды  таң  нұры,
Нөсерлетіп, нәрін  төгіп  жаңбыры.
Дарқан  жердің  бауырынан  жел  есіп,
Жылтылдайды  шыңнан  асқақ  қар  жүзі.

Бозторғайдың  тербеп  үні  ауаны,
Шымырлатып  бойды  әнін  салады.
Тау  төріне  асыққандай  ала  бұлт,
Сапырылып  жөңки, сырғи  ағады.

Еміс-еміс  марал  даусы  естіліп,
Күркірейді  тау  өзені  лепіріп.
Көзін  сүзіп  таңданғандай  қыран  құс,
Отырады  құз  басында  ақиық.

Ғажап  сурет кетпес  әсте  ойыңнан,
Жеті  өзен  таудан  жүйтки  созылған.
Мың  бұралған  бұрымындай  арудың,
Жасыл  желек  сыңсиды  ну  қойнынан.

Жер  жаннаты  Жетісудың  алқабы,
Байтақ  дала, күміс  құмдар  шалқары.
Тұла  бойын  сүзіп, сүйіп  жеті  су
Көкпарлатып  Балқаш  көлге  тартады.

Ұлан-ғайыр ата  жұртым  мекені,
Ой  тұңғиық,  тарихын  ел  шертеді.
Асқар таулы, гүлді  баулы  құлпырған,
Қазақ  Елі  –  жерінің  жыр  көркемі.

АҚСУЫНДАЙ  АРЫНДЫ

Арындаған  Ақсу  тасты  қашаған,
Неткен  тылсым,  күшті  дерсің  Жасаған?!
Шоңғал  тас та  елпілдейді  шыдамай,
Іздегендей  тынар  жерді  тасадан.

Өр  ағыны  буырқанып  толқиды,
Күңірентіп  арынымен  ой-қырды.
Жан-жағына  көбік  шашқан  бурадай
Екпінімен  көк  желегін  шарпиды.

Үні  кетер  жаңғырып  тау, сайменен,
Жон  беткейін  ұйытып  ән  сазбенен.
Сылдыр-сыбдыр, тасыр-тұсыр  дыбыспен,
Қорым  тасы  сырғи  жылжыр  жайменен.

Таудан  Ақсу  қыр  өтеді  сылаңдап,
Өрнегін  сап  арайына  гүл  аймақ.
Өн  бойының  тал, құрағын  тербетіп,
Екпіндейді  ағыл-тегіл  бұлаңдап.

Мінезі  де  тартқан  өзен  суына,
Жүйрік  тұлпар, ұшқыр  сұңқар  шұғыла.
Елі, жері  өткендерім  іздері,
Жазылғандай  мөлдір  толқын  нұрына.

Жырлап  өткен  бабалар  да  Ақсуын,
Жырлап  кеткен  Ілияс та  бақ  суын.
Жасыл  желек  жағалауын  жағалап,
Жинап  өскен  қызыл, сары, ақ  гүлін.

Ақын  үні Ақсуындай  арынды,
Ақын  жыры даласындай  сағымды.
Елі  қазақ – аспан  алау  көк  тулы,
Сүйіп, құшқан  Тәуелсіздік  таңымды.

ЕСІМДЕРІҢ  МӘҢГІ  ЕСТЕ

Қазақтың  заңғар  ұлдары,
Алаштың  алау  тулары.
Халқының  болған  мұң, зары,
Ақиық  дала  қыраны.
Елім  деп  тыным  таппаған,
Жігерін  отқа  қақтаған.
Шыңы  боп  асқақ елінің,
Жолдардан  қилы  саспаған.

Таланып  жатқан  ел, жерді,
Уланған  қала, су,  белді.
Көмілген  қала тарихын,
Қанында  намыс  сақтаған.

Ұрпақтар  жалын  туарын,
Қыспақтан  алып  шығарын.
Тамылжыр  күндер, гүл  бағын,
Білгендер  олар  шын  дарын.

Жолында  еркін  елдіктің,
Жат  жұрттан  көрген қорлықтың.
Өтіне  тұрып  өр  күштің,
Арманын  алға  бастаған.
«Алаштың»  туын  шалқытқан,
Қазақтың  ерен  ерлері.
Тәуелсіз  елде  бақыт  таң,
Ұмытылмайды еңбегің.

ДАҢҚТЫ  ҚАЗАҚ  ИНЖЕНЕРІ

Алып жоба – жолдар  мен  көпір  салған,
Елі  үшін  игі  іс  болған  арман.
Шексіз  сүйген  Отанын, туған  жерін,
Көрсе-дағы  азабын  темір  тордан.

Ойы  дана  бірегей  халқымменен,
Мұхаметжан  – инженер  даңқы  ерен.
Жазғандары  асыл  сөз  қазыналы,
Болашағын  елдіктің  жаны  сезген.

Қайтпаған  ер  сан  соқпақ,  қилы  жолдан,
Тартынбаған  қыспақтан, азап  тордан.
Еркіндіктің  азат  күн  таңын  аңсап,
Алға  жарқын  әділет  бағыт  қойған.

Өр  мақсаты  еркін  ел  –  Тәуелсіздік,
«Думаға» да айтқан  сөз, ойын  шындық.
Тарихшы, білгірі  өлкетану,
Шежіресін  ел, жердің  жазған  тұнық.

Асқақ  арман  аңсауы  бүгін  жеткен,
Даму  жолым  жаһанды  дүбірлеткен.
Қазақстан  – Тәуелсіз  елміз  бүгін,
Ұрпақтар  жоқ  атыңды  білмей  өскен.

КӨШ  КЕЛДІ

Тіршілік сан құбылады  заманда,
Қилы  жолдар, кешкен  тағдыр  адам да.
Еңбек  істе, бекер  қарап  жүрме  бос,
Жақсылықтан  кетпе  ауып  жаманға.

Арман, мақсат  өзгеріс  көп  өтпелі,
Ұғынарсың  аман  болсаң  көп  нені.
Мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
Бойға  сіңген, қанмен  жеткен  қастерлі.

Сатылған  жер, түрлі  байлық  бар  кезде,
Сыйстыру  қиын  бәрін  бір  сөзге.
Сыйынған  жұрт  көк  тәңірі  ғаламға,
Ашынған  ел  бағы  үшін  әр  жерде.

Мәңгі  ғұмыр  тіршіліктің  жалғасы,
Ата-ана, бала  –  өмір  арнасы.
Бар  ақниет, арман, мақсат  тоғысып,
Бейбітшілік, Тәуелсіз  таң,  маздашы.

Жақсы  іспен  пәк  шарапат  төгілер,
Су  тартылар, гүлбақ, егіс  егілер.
Үй  салынар, мәрмәр  көше  тартылар,
Жастар  шырқап, күн  ерекше  сезінер.

Көз  жіберсек  оймен  сүзіп  өткенді,
Атамекен – тау, даламен  көк  белді.
Ұрпақтарым, Ұлы  Елдік  даңқымен,
Еліме  бақ, өркениет  көш  келді.

ТАЛДЫ ҚАЛА КЕЛБЕТІ

Заңғар  көкке  бой  тіреген  көк  терек,
Сыбдырлайды  көктің  сұлу  дарасы.
Сыздағандай  ағынды  су  ой  елеп,
Ернеуінен  лықсиды  сабасы.

Тырналар да  ұшқан  бұлтты  бауырлай,
Талды  мекен  қанаттары  шамасы.
Көңілімді  толқытады   сағымдай,
Дала, орман  сапырылып  ауасы.

Аспан  күмбез  алып  саба  торсиған,
Сөгілердей  тырсылдайды  көбесі.
Бозарады  жоны  қырдың  шаң  қуған,
Бұлт  үйіріп  Алатаудың  төбесі.

Жағасына  құм,  тастарын  үйіріп,
Арна  тарпып  бусанады  Қаратал.
Талдықорған  алаулайды  желкілдеп,
Су  боп  қалма,  шатырыңды  ала  сал. 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.