Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ғашықтық ғаламаты

27.02.2017
РУХАНИЯТ
Ғашықтық ғаламаты
WhatsAppTelegramFacebook

Әлем әдебиеті классикалық шығармаларға бай. Қазақ руханиятының алтын ғасырында сол туындылар қарымды қаламгерлеріміздің жемісті еңбегінің арқасында тәржімаланып, қаракөз оқырманға жол тартқан еді. Жуырда сол классикалық шығарманың ішіндегі ең бір ғажа- йыбы саналар «Ромео мен Джульетта» трагедия­сы облыстық Бикен Римова атындағы драма театр актерлерінің сахналауымен көрерменге жол тартты.

Ағылшын жазушысы Ульям Шекс­пирдің жауһар туындысын көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаев қазақша сөйлеткен болатын. Аударма мәселесіне келгенде екіұшты пікір айтып үйренген сыншылар белді жазушының тәржімасына мін таға қоймас. Дей тұрғанмен оқылуға ауырлық ететін «Ромео мен Джульетта» трагедиясын облыстық драма театр­ының әртістері асқан шеберлікпен ойнап, күрделі сөздерді еш қиналмастан көрерменнің жүрегіне жеткізе білді. 
Әлемге әйгілі жазушының жүрегінен шыққан трагедиялық туындының жалпы мазмұны махаббат тақырыбында өрбіген. Сонымен қатар, адамгершілік қасиет пен өзара дүрдараздықтан туындаған оқиғалардың жиынтығы ретінде бірқатар эпизодтар бар. Бұл шығармада өзара дұшпан Капулетти және Монтекки әулетінде дүниеге келіп, ержетіп, кездейсоқ ұшырасқан Ромео мен Джульеттаның қайғылы тағдыры суреттелген. Әлімсақтан жауласқан қос әулеттің құда болып қайта табысуына қарға адым қалған тұста жазықсыз жанның шейіт кетуі, жолдасы Меркуционың өлгеніне ашуланған Ромеоның Джульеттаның ағасы Тибальтті ажал құштырғаны шығарманың шарықтау шегі болғандай. Алайда, негізгі тіні бұл емес. Иә, қойылымға келсек, бір-біріне ынтыққан қос ғашық астыртын некелеседі. Үр қызындай үлбіреген аруды әкесі беделді графқа тұрмысқа шығасың деп талап қояды. Осы кезде қос ғашықтың неке суын ішкізген Лоренцо пірәдар уақытша тірлік белгісін тоқтататын у беріп, оянғаныңда Ромеомен табысып, зират басынан қашып кетесіңдер деген ақылын айтып, тығырықтан шығар жол нұсқайды. Алайда уақытша тіршілікпен қоштасқан Джульеттаның жағдайы пірәдардан бұрын ғашығының құлағына жетіп, күйіктен Ромео у ішіп өледі. Оянғанда серігінің ажал құшқанын көрген ару да өз-өзіне қол жұмсап тіршілікпен қоштасады. Араздасқан қос әулеттің аспанына қара бұлт осылайша үйіріліп, жастардың әу баста ерлі-зайыпты болғандығын Монтекки мен Капулетти шаңырағы біліп, азалы жырды арнайды… Қойылымның қысқаша мазмұны осы. Мұндай жағдай қазақ халқының да ғашықтық жыр­ларында кездеседі. Оған Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббаты дәлел бола алмақ. Осыдан-ақ адамзат өмірінде махаббаттың рөлі жоғары екенін пайымдауға болатындай. 
Екі сағатқа созылған премьера соңында қойылымды бастан-аяқ тамашалаған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сөз алды. Ол:
– Театр – қазақ руханиятының бір бөлшегі. Сондықтан да облысымыз­да жаңа өнер ғимаратының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыс­тары жүріп жатыр. Алдағы уақытта халықаралық, республикалық үлкен шараларды Талдықорғанның төрінде өткізетін боламыз, – дей келе қойылымның ерекше әсерге бөлегенін атап өтіп, премьераның қоюшы режиссері Айдын Сахаманға деген алғысын жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімі Амандық Баталовтың ықылас гүлін табыс етті. Өз кезегінде сөз алған облыстық Бикен Римова атындағы драма театрының директоры Ғалия Темірбаева да жылы лебізін білдіріп, қойылым режиссерінің балетмейстері Гүлназ Бахарованың және басқа да өнерпаздардың еңбегін атап өтті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.