Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АШЫТЫЛҒАН ЕШКІ СҮТІ БІРНЕШЕ АУРУҒА ЕМ. ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЖОБАСЫ

23 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
АШЫТЫЛҒАН ЕШКІ СҮТІ БІРНЕШЕ АУРУҒА ЕМ. ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ЖОБАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан төрт жыл бұрын Жаркенттің мал базарында кездескен Батан деген ауылдас азамат: «Аға, тоқташы, мен сізге бір қызықты көрсетейін», – деген соң соңынан ердім. Мал базардың кіреберісіндегі темір-терсек, жем, құс сататын бұрышта адамдар ашытылған ешкі сүтін сатып алып жатқанын көрдім. «Ешкі сүтін ашытады» дегенді бұрын-соңды көрмек түгілі естімеппін. Оны саудалап тұрған Алмас Батырхан есімді Жаркент қаласының тұрғыны болып шықты.

Ол біраз жылдан бері асыл тұқымды ешкі өсіріп, оның сүтін ашыта бастапты. Дәмін татып көрдім, кәдімгі қымыздан ешқандай айырмашылығы жоқ. «Ешкі сүтін ашытуды интернеттен оқып, үйрендім. Көп еңбектену арқылы ақыры технологиясын жақсы меңгеріп алдым», – деді ол.

Алмас «Туберкулезді емдеудегі асыл тұқымды ешкі сүтінің тиімділігі» деген жобасын 2017 жылы Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп өткізген әлеуметтік бизнес-жоба байқауына ұсынып, бір миллион теңге грант ұтыпты. Содан екі жыл ауқымында Жаркент қаласындағы туберкулезді емдейтін диспансердегі емделушілерге ешкі сүтін ашытып тегін беріп келеді.

Бастаған ісін баянды етуге бел буған бозбала «Бастау бизнес» жобасы бойынша білім алып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қатысып, 2019 жылы тағы 2,5 миллион теңге грантқа ие болыпты. Сол қаржыға «Занин» асыл тұқымды сүтті ешкісінің санын көбейтіп, сауын құралдарын сатып алып, шағын шаруашылығының жағдайын жақсартты. Қоғамдық-саяси істе де белсенді азамат өткен жылы сайлауға қатысып, аудандық мәслихаттың депутаты атанды. Өткен жылы облыс әкімінің «Көшбасшы – 2021» жастар сыйлығын «Ауылшаруашылығының озат маманы» номинациясын иеленді.

Қазір ашытылған ешкі сүті өңірде жоғары сұранысқа ие. Әсіресе, асқазан, сусамыр, қан қысымы, өкпе сырқатымен ауыратындар үзбей сатып алады. Сәбилі болған ата-аналар да жиі іздеп келеді.

– Аудан әкімінің халыққа есеп беру жиынында өңірде өкпе ауруының өршіп тұрғаны жөнінде естіген соң алдын алудың жолын ақпарат көздерінен іздестірдім, – дейді Алмас бүгінгі бизнесінің бастамасы туралы. – Ешкі бағып, сүтін халықтың пайдасына жарату бастамасы осылай дүниеге келді.

Алмас сияқты табанды, ізденгіш, еңбекқор жастарға ел берекесін көтеретін, өзіне де табыс көзін табатын бастамалар аз емес. Тек талмай ізденіп, білімі мен білігін көтеріп талпыну ләзім.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.