Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әскери тәртіп пен отбасы құндылығы үндескен жанұя

15 мамыр 2026
РУХАНИЯТ
Әскери тәртіп пен отбасы құндылығы үндескен жанұя
WhatsAppTelegramFacebook

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке – шаңырақ шаттығын, отбасы бірлігі мен сыйластығын дәріптейтін ерекше күн. Осындай тағылымы мол мерекені жыл сайын дәстүрге айналдырып атап өтетін отбасылардың бірі – Нұрмұхановтар жанұясы. Әскери қызметті өмірлік жолына айналдырған бұл отбасы көпшілікке патриоттық тәрбиенің және жанұялық татулықтың жарқын үлгісі болып отыр.

Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінде қызмет атқаратын 3-сыныпты сержант Ержан Нұрмұханов әскери салада 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол – десанттық-шабуылдаушы әскерінің тәжірибелі маманы. Әскери өмірдің жауапкершілігі мен тәртібін жастайынан бойына сіңірген ол бүгінде әріптестері арасында сыйлы азаматтың бірі.

Ержан кеудесіне тағылған әр медаль мен төсбелгіні ерекше қадірлейді. Себебі олардың әрқайсысында жылдар бойғы адал еңбек пен ерлік жатыр. Әскери қызмет барысында ол осы күнге дейін 154 рет парашютпен секіріп, 800 метр биіктікті бағындырған. Бұл – үлкен батылдық пен кәсіби шеберлікті талап ететін жауапты міндет.

Өмірлік жары Үміт Оразова да әскери қызметтің қыр-сырын жетік меңгерген маман. Кіші сержант шеніндегі Үміт 19 жылдан бері әуе-десанттық дайындық бөлімінде аға маман болып қызмет етеді. Ол әскери бұйрықтарды дайындау, құжаттар мен талдау жұмыстарын жүргізумен айналысады.

– Бала күнінде әскери қызметкер болуды армандамағанмын. Бірақ арнайы форманы киюге қатты қызығушылығым болатын. Уақыт өте келе бұл қызығушылық өмірлік мамандығыма айналып, бүгінде әскери саладағы мамандардың қатарынан көрініп отырмын, – дейді кіші сержант Үміт Оразова.

Көпшілік әскери адам дегенде сап түзеген сарбазды немесе бұйрық беріп тұрған командирді ғана елестетеді. Алайда олардың да қарапайым өмірі, отбасысы, күнделікті тіршілігі бар. Нұрмұхановтар отбасының өмірі – осының айқын дәлелі. Бұл жанұяда әскери тәртіп пен отбасы құндылығы қатар өрілген. Сондықтан олардың шаңырағында әскери киімге, қызметке деген құрмет ерекше.

Ержан мен Үміт бүгінде 3 ұл мен 1 қыз тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлдары студент болса, кенжелері небәрі 5 жаста, балабақшаға барады. Балалары да ата-анасының тәрбиесін көріп, Отанға деген сүйіспеншілікпен өсіп келеді. Әскери отбасында өскен ұл-қыздар тәртіпке, жауапкершілікке және елге қызмет етудің маңыздылығына ерте жастан қанығып келеді.

– Әке-шешемнің әскери қызметте жүргенін көріп өстік. Бізді кішкентайымыздан тәртіпке, жауапкершілікке үйретті. Әкемнің марапаттары мен әскери өмірі бізге әрдайым үлгі. Менде болашақта елге пайдасы тиетін азамат болғым келеді, –дейді тұңғыш үлы Әли Ержанұлы

Нұрмұхановтар секілді ел тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген жанұялар мемлекетіміздің мықты негізі. Олар тек әскери салада ғана емес, отбасы құндылықтарын сақтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде де үлгі бола алады.

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.