Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АСЫЛ ДОМБЫРА» ТАЛДЫҚОРҒАНДА

06.02.2025
РУХАНИЯТ
«АСЫЛ ДОМБЫРА» ТАЛДЫҚОРҒАНДА

Қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келетін төл өнерін жалғастыруда жетісулық айтыскерлер аянып қалған жоқ. «Асылтас» қоғамдық қорының демеушілігімен  «Хабар» арнасында ұйымдастырылған «Асыл домбыра»  жобасында олар қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Ақындар жеңісін елмен бөлісіп, «Асыл домбыраны» М.Тынышбаев атындағы музейге тапсырды.

Бұл байқау елімізде үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұған дейін аталған тележобада Жамбыл облысы мен БҚО құрамалары топ жарды. Жерлестеріміз Дидар Өмірәлі, Аят Жәнібек және Мирас Шалжанов қаламызға арнайы ат басын тіреп, мұражайға атаулы домбыраны табыс етті. Мұндағы мақсат – қазақ халқының рухани құндылығы мен ұлттық өнердің символы саналатын айтысты және ұлттық аспап домбыраны келешек ұрпаққа мұра ету, ұлт руханиятын дәріптеу.

– «Асыл домбыра» айтыс жеңімпаздарына берілетін, асыл тастармен сәнделген қазақтың қара домбырасы. Бұл жоба 3-ші жыл қатарынан өтіп келетіндіктен, жеңімпаз топ домбыраны міндетті түрде өз облысының мұражайында сақтауы тиіс. Мұражайға қоюымыздың тағы бір себебі, айтыстың облыстағы деңгейін анықтау үшін және болашақ жас ұрпаққа қазақтың төл өнері айтысты ұлықтау мақсатында әрбір өлкедегі, әр облыстағы айтыс өнерінің өркендеуіне, жас ұрпақтың қызығушылығын оятуға үлкен септігін тигізетін жоба өз жалғасын таба берсе, – дейді Дидар Өмірәлі.

«Асыл домбыраны» табыстау салтанатына тележоба продюсері Рауан Оқас та қатысып, жылы лебізін білдірді. «Асылтас» қоғамдық қорымен бірлесе отырып мұражайға  М. Тынышбаев туралы 50 дана кітапты сыйға тартатынын айтты. Сондай-ақ, шарада Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.

– Атадан балаға мұра болып келетін осы ұлттық өнерімізді дәріптеу, оны насихаттау қай-қайсымыздың болса да мойнымызға артылған жүк деп түсінемін. Төл өнерімізді кейінгі ұрпаққа насихаттауда «Асылтас» қоғамдық қоры үлкен еңбек атқаруда. Тек қана айтыс өнерінде ғана емес, ұлттық салт-дәстүрімізді дамытуда да қордың қосқан үлесі зор. Жетісу облысынан шыққан үш ақынымыз 16 облыстың арасында оза шауып, бәйге алғаны біз үшін үлкен қуаныш, – дейді Қуаныш Сұлтанұлы.

Айта кетейік, «Асыл домбыра» тележобасына барлық өңірден 16 команда қатысты. Жобада от ауызды, орақ тілді суырыпсалма 48 ақын сөз жарысын қыздырды. Байқау финалында Түркістан облысынан басым түсіп, ақындарымыз «Асыл домбыра» мен 6 млн. теңгенің жүлдесін қанжығаларына байлады.

Шалқар АҚСАҚАЛ,
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.