Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАТАР ЖАТТЫҚ»: КЕЛІННІҢ ЕНЕ ТУРАЛЫ ЖҮРЕКЖАРДЫ ЖАЗБАСЫ

8 наурыз 2020
РУХАНИЯТ
"ҚАТАР ЖАТТЫҚ": КЕЛІННІҢ ЕНЕ ТУРАЛЫ ЖҮРЕКЖАРДЫ ЖАЗБАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Енем өмір бақи мал баққан кісі. Жарық дүниеге он бір бала әкелген алтын құрсақ ана. Бар болғаны 40 жасында құдай қосқан қосағы, арқасүйер тірегінен айырылса да отбасындағы ауыртпалықты жеңе білген қайсар жан. Жаулығы желбіреп жүріп солардың бәрін жалғыз өзі жеткізген. Менің отбасымның иесі — осы аяулы жанның ең кенжесі.

Алғаш келін болып түскенде енеммен көп әңгімелесетінмін. Қазіргідей жабысып жататын «сотка» деген жоқ ол кезде. Қай баласын қалай босанды?! Қандай қиындық көрді?! Бәрін, бәрін айтып беретін. Өзінің де енесі туралы айтатын. Сол кісінің бар үйреткенін әңгімелейтін. Бір қайын ағамды айдалада қыстаудағы базда босаныпты.

— Аяқастынан толғағым ұстады. Қасымда тірі жан жоқ, ана екінші ұл бес-ақ жаста. Ол шыбықты ат қып мініп, есіктің алдында шапқылап ойнап жүр. Әкелері малда. Сөйтіп, жаңағы ұлды шақырып, көрші баздағы кемпірді алып кеп, сол кісі босандырып алып, баламның кіндігін кескен. Содан ба, осы балам әлжуаздау боп қалды, — деген әңгімесінен сол кездегі аналарымыздың қайсарлығын көруге болады.

Жады өте мықты. Балаларының салмағы, бойы қанша болып, қай уақытта туғанын да әлі күнге дейін ұмытпаған.

Мал бағумен бірге үйдің қым-қуыт тірлігімен айналыса жүріп бір баласын ауыртпай-сырқатпай өсіргенін айтатын. Бір баласын құшағына қысып, бір баласын жетектеп жүріп, бір баласын арқасына көтеріп жүріп жеткізген.

Сонда өзі: “Осыларды қалай аман-есен жеткіздім десем, бір Құдай септескен екен маған. Балаларымды өсіруге бесіктің көп көмегі тиді”, – дейтін. Менің де балаларымды үш жарым жасқа келгенше бесікке сап бағып берді.

Өз әкесі өте бай болған адам екен. Мыңғырған мал айдаған. Сол заманда қажылыққа барып, мұсылманның бес парызының бірін орындаған. Анамыз 17 жасында атамызға тұрмысқа шыққан. Атам да текті жердің перзенті. Әкелері болыс болған. Енемнің де өз енесін қатты құрметтегені әңгімесінен аңғарылып тұрады.

Негізі, қазір адамдар бір-бірімен көп сөйлеспейтін болып кетті ғой. Меніңше, енеңмен әңгімелессең, көп дүниеге көзің жетеді. Мен сол кезде-ақ енемнің көрген қиыншылықтарын ойша елеп-екшеп, іштей ешқашан ренжітпеймін деп өзіме серт бергем! Сол сертімде тұрып келем. Жалған айтсам, төбемде Құдай тұр ғой!

Менің қазақ журналистикасына титтей де сіңген еңбегім болса, енемнің арқасы! Төрт баламды осы уақытқа дейін қарап отыр. Онысын ешқашан міндет қылған емес. Ол кісінің жүрегі тұнып тұрған мейірім!

Бірде менің бір туысым қайтыс болып, ауылға бардық. Енем екеуміз қатар жаттық. Ақырын алақанын сипадым. Жұп-жұмсақ! Өйткені, ол нағыз – АНА! Балалары да бір-біріне бауырмал. Менің енемді қалай құрметтеп, жақсы көретінімді айналамдағылар да біледі.

Кез келген қыз келін болып түскенде сол шешеден туған ұлды сүйіп, жар қылып отырғанын ұмытпауы керек. Сол ананың құрсағынан шығып, ақ сүтін еміп өскен ұлдың жары болып отырғанын ұмытпауы керек. Баласы жақсы да, өзі жаман болуы керек пе?! Кез келген қазақтың қызы отбасын ұйытып ұстағысы келсе, жарының анасын сыйлай білсін. Кез келген қазақтың жігіті үшін анасынан аяулы, анасынан жақын адам жоқ! Кез келген келін осыны ұмытпау керек!

Телеарнаның жұмысы да қауырт екенін осы салада істейтін маманның бәрі жақсы біледі. Ерте кетіп, кеш келеміз. Кейде іссапармен еліміздің түкпір-түкпірін аралап кетеміз. Кейде тіпті шетелге де шығамыз. Сондайда бір кейіген емес. “Мен оқи алмадым, әкем, сен оқыдың ғой, жұмысыңды жасай бер”, – деп қолдап, тілеулес болып отырады.

Енемді бала-шағама қарап отырғаны үшін емес, адалдығы үшін жақсы көрем! Шынайы жақсы көрем! Көңілге жылу құятын көктеммен бірге келген мерекеңіз құтты болсын, менің екінші анам! Менің сырласым! Ау, келіндер, сіздер ше?! Енемен сырласасыздар ма?!

Самал МЕЙРАМ,

продюсер, тележурналист

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.