Талдықорған: +20°C
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ АЗАМАТТАРЫНА МАРАПАТ ЖОЛДАДЫ

14.08.2020
РУХАНИЯТ
АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ АЗАМАТТАРЫНА МАРАПАТ ЖОЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемді дүрліктіріп, бізді де елең-алаң күйге түсірген індеттің шекара шебінде орналасқан елдің шетіндегі, желдің өтіндегі жұрттың да мазасын алғаны рас. Жұрт болып жұмылып, көп болып қолдап, бұл қиындықты да еңсеріп келеді. Осындай сын сағаттың арасында аспантаулықтардың көңілін аспанмен астастырған жағымды жаңалықтар да жоқ емес.

Бұлт артынан жылт етіп шығып, жанымызды жылытқан күн сәулесіндей болған жайдарман жаңалық – ауыл мәдениетін асқақтатып, шалғай ауылдағы өнердің шырағын жаққан жандардың мерейін тасытты. Сарыарқаның жерінен, Елорданың төрінен жеткен қуанышты хабар шынымен де алыстағы ағайынның көңілін бір шалқытып тастады. Бұл күн мәдениет саласы қызметкерінің мәртебесін асырып, ұлағатты ұстаздарды ұлықтаған сәт болды.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың шешімімен мәдениет саласында 40 жылға жуық еңбек етіп, ауыл өнерінің өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған Райымбек ауданындағы Қайнар ауылдық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Советхан Мекебаева мен Жәмеңке орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Күлнұр Тоқтарбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталады. Ал ардагер ұстаз Союзхан Исенбаева Ұлы Даланың дара ойшылы, данышпан ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – 175» мерекелік төсбелгісін кеудесіне тақты.

Ақтоты Рахметоллақызының Хантәңірі баурайындағы елге жіберген аманатын Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаевтың өзі әкеліп табыстауын министр ханымның ауылдағы ағайынға деген құрметі деп ұғындық. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталы сөзді алдымызға тарта отырып, жоғарыда аты аталған аяулы жандардың еңбегі бағаланып, лайықты құрметке бөленуіне Аспантаудың төл перзенті, Қайнардың ғана емес, ауыл қарияларының дария пейілінен бала жастан қана ішіп, бұл күнде өнердің қазанын қайнатып жүрген театр және кино актері, кинорежиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаевтың да үлесі бар екенін атап өткеніміз артық болмас.

Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов ел астанасынан мерейлі марапатты әкелген министрдің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаевты, ұстаздарын ұлықтауды ұмытпайтын Асқар Наймантаевты және ел ішіндегі өнерді қолдап, демеп жүретін продюссер Едіге Қожахметпен бірге марапат иелерін жылы шыраймен қарсы алып, карантин жағдайындағы ережені бұзбай, аз-кем сырласып, қонақжайлық көрсетті.

Әкімнің құттықтау сөзінен кейін Ерлан Жұрынбаев мырза ақжарма тілегін арнап, арнайы әкелген марапатты табыстап, құшақ-құшақ гүл шоқтарын ұсынығаннан кейін әкімшілік ғимаратының алдында естелік суретке түсті. Жайдарман жаңалықты бұқара халықпен бірден бөліскен Асқар Наймантаев өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында: «Жақсы хабар арқалап, ағайынның атын оздырып, қуаныш сыйлап, мәз болғаннан екі езуді екі иыққа асып тастап келдік! Ауылдың мәдени өмірі өзім жақсы білетін сала болғандықтан, оның еңбегі еш, тұзы сор қызметкерлерінің есімі еленсе деп шырылдаймын. Соның нәтижесі міне!  Бұл мақсаттың жүзеге асуына себеп болғандардың ішінде ақын Алмат Исәділ бауырымыз да бар. Сәбетай тәтеміз жалынды сәлем жолдады Алматқа. Біраздан бері мына індеттің кесірінен еңсеміз түсіп жүрген кезде, ауылға жеткен сүйінші хабардың алды осы болды. «Ендігі тек жақсы хабар естиік, бүгінгі қуаныш соның бастамасы болсын!» – деп тілек айтып, тарастық», – деп жазды.

Мұндай ақжарма тілекке біз де қосыламыз. Қашанда «ел іші – өнер кеніші» екенін дәлелдеп жүретін ауылдағы ағайынның асығы алшысынан түсіп, мерейлері үстем бола берсін.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Райымбек ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

22.06.2026
Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.