Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АУЫЗ БЕКІТУГЕ КОРОНАВИРУС КЕДЕРГІ ЕМЕС»: БАС ИМАМНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

25 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
"АУЫЗ БЕКІТУГЕ КОРОНАВИРУС КЕДЕРГІ ЕМЕС": БАС ИМАМНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Жылдан жылға оразаны сағына тосып, ауыз бекітуді аңсайтын Жетісу жұртшылығын биылғы Рамазан айымен құттықтаймын. Алла Тағала баршамыздың ұстаған оразамызды қабыл етіп, қияметте сауабын молынан беріп, қуанышқа кенелтсін!

Қазақстан жұртшылығын алаңдатып, халқы көп қалаларды карантинге жаптырған «COVID-19» вирусының таралуына қарамастан биылғы ораза жылдағы тәртіппен ұсталады. Ауыз бекітуге жалпы жұртшылықты дүрбелеңге салған індет — коронавирус кедергі емес немесе әсер етпейді.

Оразаны кімдерге ұстау парыз екендігіне келер болсақ, ең алдымен балиғат жасына жеткен, ақыл-есі бүтін әрбір мұсылман адамға парыз. Алайда Жаратқан Алла Тағала ауру-сырқауға, жолаушыға, емізулі баласы бар және жүкті әйелдерге, егде жастағы қарттарға жеңілдік ретінде ораза ұстамауға мүмкіндік берген.

Дегенмен, науқас адам ауруынан айыққанда, жолаушы сапардан оралғанда, аяғы ауыр әйел босанған соң оразасының қазасын өтеп, ауыз бекітеді. Ал ауыз бекітуге денсаулығы мүлде жарамайтын, өмірінің соңына дейін ораза ұстауға болмайтынын дәрігерлер растаған және қарттықтан әбден қалжырап, ораза ұстауға шамасы келмейтін жан әр күніне підия беру арқылы мойнындағы оразаның парызынан құтыла алады.

Биыл бір күндік підияның бағасы 1700 теңге деп белгіленді. Ол орта есеппен таңғы және кешкі астың құнына тең. Міне, осындай шариғат шарттарына байланысты биылғы ораза бұрынғыдай ұстала береді. Сонымен қатар, биыл пітір-садақаның жан басына шаққандағы мөлшері 370 теңге деп белгіленді. Оны банк карточкалары арқылы мешіттердің есепшоттарына салуға болады. Ондай мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мешіттеріміздің қақпасына садақа жәшіктері қойылады.

Жылда жамағатпен мешітте оқылатын тарауық намазын енді үйде оқу керектігін ескертіп жатырмыз. Отбасымен, бала-шағамен бірге тарауық намазын оқудың өзіндік ләззаты да бар. Оны ұзақ сүрелермен оқу шарт емес. Жатқа білетін, қысқа сүрелерді қайталау арқылы 20 ракағат намазды толық оқуға болады. Өйткені, бұл сүннет намаз, міндет намаз емес.

Жыл сайын еліміздің барша жұрты ауызашар беріп, мәре-сәре қуанышқа, өзара сауапқа кенеліп жатушы еді. Биылғы пандемия жиналып, қауымдасып ауызашар беруге болмайтынын ұғындырып отыр. Оның үстіне мейрамханалар мен дәмханалар жұмыс істемейді. Ал үйлерге көпшілікті жинауға тыйым салынған.

Осындайда не істеуге болады? Әрине, бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды. Ауызашарды үйге дейін жеткізіп беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Осыған дейін Жетісу жерінің мешіттерінде төтенше жағдайға байланысты қайырымдылық штабтары құрылып, «Біз біргеміз!», «Жүрек жылуы» акциялары аясында мыңнан астам отбасыға қажетті азық-түлік жеткізілді. Дәл сол секілді кімде-кім ауызашар бергісі келсе, мешіттен мұқтаждардың тізімін алуына болады немесе мешіттің жанынан құрылған еріктілер тобы арнайы санитарлық шарттарды орындай отырып, ауызашарды мұқтаж отбасылардың үйіне жеткізіп беруге кепіл болады.

Биыл еліміз бойынша Құран Кәрімді хатым етуді қалаған жандар үшін тікелей эфирлер ұйымдастырылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ю-туб желісіндегі «Хикмет ТВ» арнасы арқылы онлайн байланыстар орнатылады.

Талдықорған өңірінің жұртшылығы, Фейсбук, Ю-туб, Инстаграм, ВКонтакте желілері арқылы Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып шығуды ойластырып отыр. Ол үшін көпшілікпен келісілген белгілі бір уақыт алдын ала хабарланады. Сол сәтте «Иман» мешітінің қариы күніне бір параны хатым етіп, Құдай қаласа, Қадір түнінде елмен бірге Құран хатымның дұғасын жасаймыз. Бұл намаздан тыс уақытта оқылады. Имамға ілесіп, толық оқып шығуды қалаған жан үшін осындай мүмкіндік қарастырылуда.

Жаратқан Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық беріп, халқымызды ауру-сырқаудан, бәле-жаладан сақтасын! Дүйім жұртты алаңдатқан жұқпалы дерттің беті қайтып, бұрынғыдай еркін араласып, тікелей қарым-қатынас орнатуымызды нәсіп етсін!

Ардақ НҮСІПХАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.