Талдықорған: +7°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕН ҚАУІП КӨП

20 ақпан 2017
РУХАНИЯТ
ҚАҢҒЫБАС ИТТЕН ҚАУІП КӨП
WhatsAppTelegramFacebook

Ит – жеті қазынаның бірі. «Ит – адамның досы» деп те жатамыз. Иттер күзетшілік, мал бағып-жаюға пайдаланылып, аңшылық кезінде де көптеген қызмет атқарып, адамға көмектеседі. Десек те, осы жануардан қоғамға, адамдарға қаншалықты зиян келетінін де ұмытпаған жөн. Біздің ауданда  да  бұл мәселе толғанарлық тақырыпқа айналып отыр.

Бүгінде аудан аумағында қаңғыбас иттер көп. Иесіз иттер қазір адамдарға қауіп төндіріп тұр. Тіпті, жұқпалы ауруларды тарату, ауыл тазалығына нұқсан келтіру, адамдарды қауып алу, талап тастау сияқты мәселелердің қаңғыбас иттерден туындап жататыны жалған емес. Қысқасы, ит иттігін жасайды. Мұндай иесіз иттердің өмірімізге қаншалықты қауіпті екенін біле тұра, олардың санын көбейтпеуді, қазірден бастап жоюды дұрыстап қолға алған жөн.
Қазір қаңғыбас иттер тұрмақ, аулада күні бойы ұйқыдан бас көтермей жататын жалқау төбеттердің өздері күйлеген бір топ серіктеріне қосылып, төбесін көрсетпей тентіреп кететін беймаза мезгіл туды. Айтқанына көніп, айдағанына жүретін  тәртіпті төбеттердің өздері осындай кезде көздері қанталап, жүйкелері жұқарып, тіпті шақырып, қайтармақ болған қожайындарының өзіне бағынбай, қарсы шабуылдаудан тайынбайды. Осындай қауырт кезеңде қызғаншақ иттер алдына келсе ешкімді де аямасы даусыз.
Бір жағынан қаңғыбас иттердің көбеюіне адамдардың өздері де себепкер. Өйткені, күшік кезінде асырап, бағып-қағып, кейін өскен соң бос жібере салады да осыдан келіп қаңғыбас итке айналады. Міне, осындай иесіз қалған көше кезбелері Ескелді ауданы бойынша бүгінде көбейіп, күнкөрістің қамы үшін берсең қолыңнан, бермесең  жолыңнан  алып,  тамақтанып, жабайы жыртқыштарға айналып бара жатқаны да жасырын емес. «Құрғақ қасық ауыз жыртады» дегендей, сөзіміз дәлелді болуы үшін санға жүгінейік. Ескелді аудандық тұтынушылар  құқығын қорғау басқармасының жетекші маманы Дамир Бектеновтің айтуынша, өткен жылы елді мекендер аумағында 229 адамды, соның ішінде  14 жасқа дейінгі 97 баланы ит қауып жарақат салыпты. Ал, биылғы жылдың қаңтар айында он шақты адамды, соның ішінде бір баланы ит қауып үлгеріпті. Атап айтқанда, өткен жылы Қарабұлақ ауылдық округінде 127, Алдабергенов ауылдық округінде  25,  Бақтыбай  ауылдық округінде  21 осындай оқыс оқиға тіркеліпті. Өкінішке орай, солардың ішінде адамның сенімді досы      12 адамды бетінен, 3-еуін басынан жаралапты.
Тұрғындарға иттердің тұтқиылдан тап болып, арсылдап, айбат көрсетіп, үрей туғызатын мысалдарын тізе берсек жетіп-артылады. Ақпарат құралдары қаңғыбас иттердің талау салдарынан  республика аумағының жер-жерлерінде балалардың көз жұмған оқыс оқиғалары жайлы жабыла жазып жатады. Абырой болғанда, әзірше, бізде ондай орны толмас өкінішке жол берілген жоқ. Иттер – өте тез көбейетін жануар. Мамандардың айтуынша, олар 6 айдан 12 жылға дейін балалауға қабілетті. Олардың санын азайтпаса, уақыт өте келе, қоғамға өте үлкен зиян келтіреді.

Шора БАТЫРБАЕВ.
Ескелді ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.