Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қазақ халқына мың алғыс

18 қазан 2017
РУХАНИЯТ
Қазақ халқына мың алғыс
WhatsAppTelegramFacebook
Кәрістердің Қазақстанға қоныс аударғанына 80 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Үштөбе қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі маңында салтанатты митинг өтті. Айтулы шараға Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бисембаев, Оңтүстік Корея Республикасының Бас Консулы Чжон Сын Мин, Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының президенті Сергей Огай, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай және этномәдени бірлестік мүшелері, аналар кеңесінің төрағалары қатысты.

Көпшілік тарихқа тағзым, өткенге құрмет көрсетіп, монументке гүл шоқтарын қойды. Мұнан кейін аудан әкімі Қайрат Бейсембаевқа сөз кезегі берілді. «Биыл біз кәріс ұлты өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударғандарының 80 жылдығын атап өтудеміз», – деді Қайрат Әшірәліұлы.
Оның айтуынша, 37 жылдары вагоннан тақыр далаға әкеліп тасталған көп ұлт өкілдерін өздері жоқшылықта өмір сүріп жатқанына қарамастан қазақ отбасылары ас-суын бөлісіп қарсы алған. Алғашқы болып 1937 жылы Үштөбеге кәріс ұлты өкілдері, 1942-1943 жылдары немістер, шешендер, күрділер жер аударылған. Олардың барлығы Қаратал жерінде екінші Отанын тапты. Бүгінде Қаратал жеріне сол бір қаһарлы 37-43 жылдары келген 43 ұлт пен ұлыс өкілдері бақытты өмір сүруде. Өздеріне пана тауып, қазақ халқының ыстық ықыласына бөленіп, осы жерді шын жүректерімен сүйіп, республиканың әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына лайықты үлес қосып жүр.
Мұнан кейін сөз алған Оңтүстік Корея Республикасының Бас Консулы Чжон Сын Мин сонау қиын-қыстау кезеңде кәрістердің өмір сүруіне, бейімделуіне әсер еткен бірнеше факторды атап өтті. Айталық, кәрістердің еңбекқорлығы, өмір сүруге, ұрпақ көбейтуге деген құлшынысы және қазақ халқының бауырмалдылығы мен мемлекеттің жүргізген толерантты саясатының арқасында Қазақстанда кәріс диаспорасы көптеген жетістікке жеткенін айтты. 
Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының президенті Сергей Огай: «Бүгін ең алдымен 80 жыл бұрын Қиыр шығыстан келген біздің ата-бабамыздың аяғынан тік тұрып кетуіне және үлкен жетістікке жетуіне ықпал еткен қазақ халқы мен қазақ жеріне алғыс айтқым келеді», – деді. Салтанатты шарада мектеп оқушылары «Қазақ халқына мың алғыс» атты әдеби-сазды композиция қойып, зобалаң жылдар қасіретін еске алды. 
Осыдан соң шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Делегация өкілдері кәріс халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттары, музыкалық аспаптары паш етілген көрмені тамашалады. Бүгінде ауданда кәріс этносының өкілдерінен 60 ұстаз, 12 медицина қызметкері жемісті еңбек етуде. 
Салтанатты жиында аудан экономикасы мен әлеуметтік саласының өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқаны үшін корейлер қозғалысының ардагері Илья Пак «Қаратал ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды. Сонымен бірге, бірқатар азамат аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай елімізде қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру мен сақтау ісіне қосқан үлесі үшін бірнеше азаматқа облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.