Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

2 қазан 2020
РУХАНИЯТ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның аграрлық саласының дамуына білім-ғылыммен айрықша үлес қосып отырған іргелі оқу орындарының бірі – Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Үкімет қаулысымен «Ұлттық зерттеу» мәртебесі берілді. Бұл тоқсан жылдық тарихы бар білім шаңырағы үшін үлкен жетістік саналады.

Әлемдік тәжірибеде зерттеу университетінің табысты жұмыс істеуі үшін негізгі үш факторға, яғни, талантты ғалымдарды тартуға, қажетті ресурстарды шоғырландыруға және тиімді менеджментті қолдануға баса назар аударылады.

— «Ұлттық зерттеу» мәртебесін алу үшін он жылға жуық тынбай еңбек еттік. Әлемдік инновациялық технологияларды, озық білім мен ғылымды тарту және бейімдеу зерттеу университеттерін құрудың негізгі міндеті. Мысалы, озық ғылым мен білімді тарту мақсатында біз QS әлемдік рейтингте бірінші орын алатын Вагенинген Нидерланды зерттеу университетінің тәжірибесін басшылыққа алып отырмыз, – дейді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполов.

Университет ректоры Т.Есполов алдағы уақытта зерттеу университеті ретінде магистр және ғылым докторларын дайындауға басымдық берілетіндігін, соған орай, 2024 жылы оқу орны түлектерінің 70 пайызы магистр және ғылым докторы болуы тиіс екендігін де ерекше атады.

Биыл ашылған Қазақстан-Нидерланд орталығы университеттің студенттері мен фермерлерге жеміс-жидек өсірудің қыр-сырын үйретуді жолға қойған. Нәтижесінде интенсивті бақта алмұрт, алма, құлпынай, қасқыржем мен көкжидектің 40-қа жуық түрі отырғызылғаны жайында Қазақ-Нидерланд орталығының жетекшісі Гүлшария Қайырова тілге тиек етті.

— Орталықтың негізігі мақсаты – ол жеміс шаруашылығындағы барлық жетістіктерді сол жерде көрсету. Сонымен қатар, оқу бағдарламасын енгізу. Орталықта ерте көктемнен бастап голландық мамандардың қатысуымен жеміс-жидектерді өсіруге байланысты түрлі тақырыптарда семинарлар мен тренингтер өткізілетін болады. Бұл жеміс шаруашылығының өркендеуіне және мықты мамандардың қалыптасуына айрықша ықпал етпек, – деген пікірін білдірді.

Тарихы тереңде жатқан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Корея секілді, жалпы саны 18 халықаралық зерттеу орталығы құрылған. АҚШ-тың Ауылшаруашылық министрлігімен және шетелдік банктердің қолдауымен ашылған халықаралық агротехнологиялық және инновациялық су хабы да жұмыс істеп тұрғандығын атау абзал.

Ұлбосын ИСАБЕК

Алматы қаласы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.