Талдықорған: +22°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗЫ ҚЫРҒЫЗДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ. БІШКЕКТЕГІ ӘДЕБИ КЕШ

07.11.2021
РУХАНИЯТ
ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗЫ ҚЫРҒЫЗДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ. БІШКЕКТЕГІ ӘДЕБИ КЕШ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ» демекші, адамзатты адалдыққа һәм жақсылыққа үндейтін өнер де ортақ. Ал санаңды сан түрлі сезіммен баурай түсетін сиқырлы өнерге тамыры бір бауырласың ортақтасса, руханиятқа қосылатын қазына еселене бермек. Қазақ пен қырғыз арасындағы әдебиет көпірін ажырамастай бекіткен кешегі Сүйінбай мен Арыстанбек,  Жамбыл мен Қатаған,  Мұхтар мен Шыңғыс жолын жалғап жүрген жандар баршылық. Солардың қатарында шоқтығы биік, сыршыл да нәзік, шұғылалы да шырайлы жырларымен өз елінің ғана емес, әзірбайжан, түрік, француз сынды халықтардың сүйіспеншілігіне бөленген Жетісудың жауқазыны Гүлбақыт Қасеннің есімін ерекше атауға болады.

Күні кеше Бішкек қаласының А.Осмонов атындағы Ұлттық кітапханасында өткен «Жыр тұмарым» атты әдеби кеш қырғыздың әдебиетсүйер қауымы үшін қайталанбас сәттермен есте қалды. Қос елдің де қанына сіңген қасиетті өнер ұлықталған кездесу Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы Гүлбақыт Қасеннің «Күнтұмар-Айтұмар» атты қырғыз тіліндегі аударма кітабының таныстырылымымен өрнектелді.

Жиынға жиналған жұртшылық ақынның ұлттық киімі мен үкілі домбырасына еріксіз таңдай қағысты. Гүлбақыт Тоқтамқызы оқыған Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын» өлеңі маздап жатқан шоқты жалынға айналдырғандай әсер етті. Ал домбыраның қоңыр үні еліткен Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне, Елена Әбдіхалықованың әніне жазылған «Көздеріңе ғашықпын» атты туынды махаббат пен табиғаттың үндестігінен сыр шертті.

Салтанаты мен сәні жарасқан кеште қазақы салтпен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің атынан Қырғыз Республикасы Жазушылар союзының төрағасы Нұрлан Калыбековтың иығына шапан жабылса, Орталық Азияның «ЯНГИ ОВОЗ» Халықаралық Жазушылар мен тарихшылар одағының төрағасы Жолдошбек Монолдоровқа Алғыс хат ұсынылды.

Қазақстандық қаламгерлердің қатарынан Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының кеңесшісі Ержан Алаштуған сөз алып, қонақжай қырғыз еліне алғыс айтты. Сондай-ақ, осындай шаралар арқылы әдеби байланыс нығайып, достық қарым-қатынас тереңдей түсетінін ерекше атап өтті. Жиында Алмат Исәділ, Жангелді Немеребай, Бауыржан Әлқожа бастаған ақындар өлең оқыса, дәстүрлі әнші Нұржан Жанпейісов тамылжытып ән шырқады.

Ал Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ғазиза Құдайберген А.Осмонов атындағы Ұлттық кітапханаға кітап сыйлады. «Janr» әдеби клубының президенті, жазушы Есболат Айдабосын аударма ісі дұрыс жолға қойылып келе жатқанын, қырғыз әдебиетіне клуб жастары қызығушылық танытып, олар да әдеби байланыс орнатуға ниетті екендігін сөз етті.

Алатаудың ақ қарындай…
Жыр төгілсін, қазақ-қырғыз бауырым, 
Нұр төгілсін, қазақ-қырғыз бауырым,
Тамыры бір, бастан талай өткізген, 
Тарих көшін, дәуірлердің дауылын.

Алатаудың шыңдарындай…
Тасқа тұнған жыр-абызды айтайын, 
Жасқа тұнған сыр-аңызды айтайын.
Асан қайғы, Толыбайдай сыншымыз – 
Бауырлас ел мұрасындай байқаймын.

Қазақ-қырғыз егіздейін…
Қасиетті Ұмай ана тапқандай, 
Маңайымыз арайлы еді ақ таңдай. 
Құлақ түрем ұлы дүбір үніне
«Манасты» ертіп Шоқан келе жатқандай
, – деп Гүлбақыт Қасен өлең оқығанда қос елге де ортақ өнердің көкжиегі кеңіді. Келесі кезекте қырғыз ақындары Таштанбек Чакиев, Перизат Алмазова, Индира Мырзадолотованың аударуындағы Гүлбақыт Қасеннің қырғыз тіліндегі жырлары көпшіліктің көңілін шаттыққа бөледі.

Рухани думанды аңсап келген әдебиетсүйер қауым шөлдерін жырмен қандырды. Құдды ақынның кеші емес, поэзияның тойы болып жатқандай әсер қалдырды. Теңіз толқындары іспетті өлең бірінен кейін бірі оқылып, шеті мен шегі жоқ көкжиекке құлаш сермеді. Келген қонақтардың барлығы да әдебиетті шынайы түсінетін, қадірлейтін, өздері де қалам алып, жан сырларын ақ қағазға ақтаратын ардақты адамдар болды.

Кеш иесі Гүлбақыт Қасенге құшақ-құшақ гүлмен бірге Халықаралық Әлішер Науаи атындағы сыйлық берілді. Ал, қазақстандық қаламгерлерді бастап келген ақын Ержан Алаштуған М.Лермонтов атындағы әдеби сыйлықпен марапатталды. Әдеби кештің өтуіне қолдау білдірген қос елдің Жазушылар одағының төрағаларына ыстық ықыласын ақтарған Гүлбақыт Тоқтамқызы: «Мерейімді тасытып, жанымнан табылған жақсыларыма шексіз ризашылығымды білдіремін. Қырғыз бауырларымыздың дарқан көңілін, ақжарқын жүзін, бауырмал құшағын, қазақ еліне деген ерекше құрметін айтып жеткізу мүмкін емес. Барша қырғыз бауырларымызға, қаламгерлерге алғысымыз шексіз. Қос елдің арасындағы рухани, достық байланыс жасай берсін. Өнердің, әдебиеттің тойы құтты болсын», – деп қырғыз елінің жайсаңдарына құрмет көрсетіп, төрден орын берген айырқалпақты ағайындарға алғыс айтты.

Кеш барысында қазақ зиялыларына шығармашылық табыс тілеген Қырғыз Жазушылар союзы төрағасының орынбасары Керимбек Кадыракунов Абайдың, Жамбылдың мұраларын Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ғазиза Құдайбергенге тарту етті. Қырғыздың Таштанбек Чакиев, Индира Мырзадолотова, Альбина Раимова, Эркеайым Боталиева сынды ақын-аудармашылары Гүлбақыт Қасеннің басқа да өлеңдерін аударып, келешекте оқырмандарға ұсынбақшы. Гүлбақыт Тоқтамқызы болса, талантты ақын Таштанбек Чакиевтің «Сезім лабиринті» кітабын қазақшаға аударуды қолға алғанын хабарлады.

Тағылымды шарада жүрек толқытар өлең салтанат құрып, құлақтан кіріп бойды алар әсем ән әуеледі. Кездесуге келген қырғыз бауырлардың әрқайсысына қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөзі жинақталған кітабы мен елдің дәмі ретінде «Қазақстан» шоколады таратылды. Осылайша, екі елдің арасындағы рухани байланыс нығайып, бауырмалдықтың жарқын көрінісі паш етілді. Ендігі кезекте өнердің, әдебиеттің, өлеңнің алтын көпірі жалғасып, Алатаудың арғы бетіндегі ағайындармен бірлесіп әдеби жобалар қолға алынып, форум, жас қаламгерлердің кештері өткізілмекші.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

29.06.2026
Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.