Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

8 тамыз 2020
РУХАНИЯТ
БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Балқаш ауданының полицейлері көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсетті. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балқаш ауданының тәртіп сақшылары аудан орталығы Бақанас ауылында тұратын 6 балалы отбасыға санитарлық қорғаныс құралдарымен қатар, азық-түлік пен сол үйдегі үш оқушыға барлық кеңсе тауарларын апарып берді.

— Жеке құраммен келісе отырып, көпбалалы Орманбаевтар отбасына қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. Карантин кезіне орай отбасыға медициналық бетперделер мен қолғаптар, азық-түлік, сондай-ақ үйдегі үш оқушыға жаңа оқу жылына арнап барлық кеңсе құралдарын табыстадық. Індеттің жаппай таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінен бастап біз көпбалалы және көмекке зәру отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеміз, — дейді Балқаш ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Нұргелді Абиров.

Әлемді шарпыған осы пандемия кезінде қиналған жанға қолдау берген тәртіп сақшыларына көпбалалы отбасы мүшелерінің айтар алғысы шексіз.

— Аудандық полиция бөлімінің басшылығы үйімізге келіп, азық-түлік пен мектепке қажетті барлық құрал-жабдықты табыстады. Осындай қиын кезде қолда барымен бөлісу, қолдау беру – нағыз адамгершіліктің белгісі деп білемін. Балаларымды қуанышқа бөлеген полицейлердің жұмысына табыс, отбасыларына амандық пен береке тілеймін, — дейді Бақанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Әйгерім Ғалымқызы.

— Полицейлер санитарлық нормалардың орындалуын талап етіп қана қоймай, тұрғындарды қолдан келгенше бетперделермен қамтамасыз етеді. Жақында тұрғындарға 1500 бетперде тегін тараттық. Ұлт саулығын қамтамасыз ету үшін пандемия кезінде әр адам әлеуметтік жауапкершілік танытып, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс, — дейді Балқаш аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Балбек Лепесбаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.