Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«БАЛҚАШҚА ҚАУІП ТӨНДІ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЭКОЛОГТАР ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

23 қараша 2019
РУХАНИЯТ
"БАЛҚАШҚА ҚАУІП ТӨНДІ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЭКОЛОГТАР ДАБЫЛ ҚАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында «Балқаш – 2019» тақырыбында  бас қосқан  экологтар «Балқаш көліне қауіп төнді» деп дабыл қақты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экологиялық мәселелер ғылыми-зерттеу институты, «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындарының экологиялық одағы және облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған шарада Балқаш көлі мен Іле-Алакөл бассейнінің бүгінгі мүшкіл халі сөз болып, оны шешудің жолдары қарастырылды.

Бүгінде бүкіл әлем бойынша су тапшылығы сезілуде. Енді бірнеше жылдан кейін бір тамшы судың құны мұнай мен газ, алтынның бағасынан қымбат болуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап қолда бар судың қадіріне жетіп, оны үнемдеп пайдалану аса маңызды. Өкінішке қарай, шекара шебіндегі су арналарын өзендерді пайдалануда Қытай жағы өзімбілемдікке басып отыр. Олар «Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау» туралы келісімге қол қоюға бейіл емес. Соның кесірінен су қайнарының 80 пайызын Іле өзенінен алатын Балқаш көліне қауіп төніп келеді.

Балқаш көліне төніп тұрған қауіптің салдары Арал қасіретінен кем соқпайтыны анық. Ол көл жағалай орналасқан Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарымен қатар көрші Қытайдың да экологиялық мәселесін ушықтырып жіберетіні белгілі. Осындай өзекті мәселелер көтерілген жиынға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, «Қазгидромет» РМК өкілдері қатысты. Көптің көкейіндегі күдікті талдап берген эколог Мэлс Елеусізов бұл тақырыптың осыдан 20 жылдың алдында көтерілгенін де еске салды.

– 2000 жылы Балқаш көлін сақтап қалу туралы алғашқы отырыс Алматы шаһарында өтіп, бірінші адымда ой-пікірлер мен бетпе-бет келетін қатерлер талқыланған еді. Сол кезде экологтар алға тартқан қатерлер, міне, бүгін алдымыздан қайта шықты. Алайда тиісті мекемелер бұл мәселеге әлі де терең бойламай отыр. Бүгінгі шара арқылы біз көпшіліктің назарын осы мәселеге аударғымыз келеді, – деді ол.

Осындай күрделі мәселелерді зерделеген экологтар Балқаш – Алакөл бассейнін құрып, оны мемлекет тарапынан қорғауға алынатын түйінді қорықтардың біріне айналдыру керектігін алға тартты. Сондай-ақ, көпшілікті осы ұсынысты қолдауға шақырды.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.