Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАТЫР АНАНЫҢ ҚЫРЫҚ КҮНДІК АСЫНДА ТЕГІН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

7 қыркүйек 2020
РУХАНИЯТ
БАТЫР АНАНЫҢ ҚЫРЫҚ КҮНДІК АСЫНДА ТЕГІН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қазақы танымға салсақ, елдің игілігі үшін қолындағы барын берген жандарды ұлықтау, құрметтеу жазылмаған заңдылық іспетті. Көзінің тірісінде талай жанның қажеттілігін өтеп, мұқтаждың мұңын тыңдаған, аңсаған адамның қажылыққа баруына мүмкіндік жасаған «Құрмет» орденінің иегері, «Батыр ана» Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының дүниеден өткеніне 40 күн толып отыр.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жылы 2 наурызда дүниеге келген батыр ана өз кіндігінен тараған он балаға қосып, жүздеген жеткіншекті бауырына басып, өсіріп жетілдірген. Ауырғанның халін сұрап, жабырқағанның көңіліне медеу болған Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының есімі Арыс оқиғасы кезінде жасаған қайырымдылығымен көпке мәлім болды. Тірісінде әлеуметтік жағдайы төмен 67 отбасыға үй әперіп, қажылық жасағысы келетін 80 адамның жол шығынын өзі көтерген ел анасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын ұйымдастыратын республикалық Құран жарысына қатысушылар мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлық үлестіріп, Құран жаттауға құмартқан жас ұрпақтың қызығушылығын оятқаны белгілі. Ел басына күн туған қиын күндерде алғашқылардың қатарында көмек қолын созудан танбаған Жамал Әбдімәлікқызы Қызылағаш ауылы пен Мақтаарал аудандарындағы су тасқыны кезінде халықтың қасынан табылып, демеу болды.

Өткен айдың 1 күні келместің кемесіне мініп, бақиға аттанған марқұмның қырқына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық деңгейде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, облыс орталықтарында 300-ден, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 500-ден, барлығы 6300 отбасыға азық-түлік тарату ісін қолға алуда.

Аталған шараға Бибі-Жамал апаның ұрпақтары демеушілік жасап отыр. Осыған орай Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде қаладағы 200 отбасына азық-түлік себетін таратып, көпшіліктің қуанышын еселеді. Қазіргідей карантин шараларына байланысты мешіт ауласында өткізілген шарада сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкіл имамы Ардақ Оразбаев қайырымдылық шарасының себебін түсіндіріп өтті.

– Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Мүміндер өзара сүйіспеншілікте, рақымдылықта және жанашырлықта бір денеге ұқсайды. Оның бір ағзасы ауырғанда, дененің қалған бөліктері де ұйқысыздық пен дене қызуына түсіп қосарланады», – деген хадисі бар емес пе?! Жамал апа дәл сондай жан еді, – деген Ардақ Нүсіпханұлы марқұмның жасаған жақсылығын таныстырып өтті. – Жұртымызда келеңсіздік пен апатты жағдай орын алса үйінде қол қусырып қарап отыра алмайтын. Кейде апатты аймаққа балаларына ескертпей шығып кететін. Солардың қатарында Жамал апа Арыс қаласындағы жарылыстан, Қызылағаш пен Мақтаралдағы су тасқынынан, Жамбыл облысындағы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы уақытта әлеуметтік көмегін арқалап апарып, отандастардың жанынан табылды. Қатты зардап шеккендерге баспана салып беруге атсалысып, қаржылай көмегін үлестіріп қайтатын. Сондай-ақ, апамыз еліміздегі 5 мешітті тұрғызып, көптеген мешіттің құрылысына қосымша қолғабыс тигізді. Шалғайдағы 6 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылуын қаржыландырып, сол ауылдардағы ондаған көшенің салынып, абаттануына қамқорлық жасады. Тіпті, үйленуге жағдайы келмей жүрген жастардың бас қосуына жәрдемдесіп, құдалығы мен тойын жасап бергені, тұрмысқа қажетті заттарын әпергені шындық. Бүгінгі күні Жамал апаның ақ батасымен шаңырақ көтерген 63 отбасы асыл ананың қамқорлығын ризашылықпен еске алады. Одан бөлек, балалар үйіне, медресе мен мектептерге, ауруханаларға, науқастар мен мүгедектерге, мұқтаж жандарға қолынан келген көмегін аямаған батыр ананың рухына бағышталған сауапты іске Жаратқан Алла разы болсын!

Игілікті шараға қатысқан жандар қайырымдылық шарасын өткізген Талдықорған қаласындағы мешіттердің имамдарына ризашылық білдіріп, алғыс жаудырып жатты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Фото — Данияр САҒЫНДЫҚ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.