Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бейсен Құранбек байқауы — талантты жастарға жол ашу

23 қаңтар 2025
РУХАНИЯТ
Бейсен Құранбек байқауы - талантты жастарға жол ашу
WhatsAppTelegramFacebook

Өмірде әр адамның жүрегіне жарық беріп, бағыт-бағдар болар тұлғалар бар. Мен үшін Бейсен Құранбек – дәл осындай тұлға. Оның өмірі мен еңбегі – шынайылықтың, адамгершілік пен еңбекқорлықтың айқын үлгісі. Журналистика саласына алғаш қадам басқан мен үшін облыстық БейсенҚұранбек атындағы байқауға қатысу үлкен мәртебе болды. Байқауға қатысуға көп еңбек пен ізденіс қажет. Осы жолда  Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, оның еңбектеріндегі басты құндылықтарды өзіме бағыт-бағдар ретінде алдым. Өзім дайындаған бейнебаянда оның “Әр адам өзінің қабілеті, икемі бар затпен айналысуы керек”,- деген сөзін басты идея ретінде қолдандым. Бұл ақыл маған әр қадамым да шабыт беріп, бейнебаянның негізгі мазмұнын ашуға көмектесті.


Осы байқауға мені дайындаған қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығымды арттырып, әр бір сөздің мәнін ұғындырып, жан-жақты дайындыққа жетелеген Даулетбекова Балжан Абдулдақызына алғысым шексіз.

Дайындық кезінде өзіме сенімсіз сәттер болды. Бірақ осы сәттерде Бейсен Құранбектің өмір жолынан күш алдым. Журналист: “Ең мықты күрес – адамның өз-өзімен күресі”,- деп айтқан екен. Бұл сөздер мені қанаттандырып, өзіме деген сенімділік сыйлады. Байқау қорытындысын жариялау кезінде жүрегім толқып, қолдарым дірілдеп, жан-жақтан “Менің атым аталса екен” деген ой санамда сан рет қайталанды. Сахнада ұйымдастырушылар әр қатысушының еңбегін атап өтіп жатқанда, менің жүрегім одан әрі қатты соға бастады.Кенеттен, менің есімім 1-орын иегері ретінде аталғанда, өз құлағыма өзім сенбедім. Толғаныс, қуаныш, мақтаныш сезімдері араласты. Бұл сәт – барлық еңбектің, дайындықтың ақталғаны секілді болды. Байқаудың нәтижелері аталып біткен соң “Жетісу” телеарнасының тілшілері мені сахна сыртында арнайы сұхбатқа шақырды. Камера алдында толқып тұрсам да, барлық дайындық, ұстазымның еңбегі және байқауда алған әсерім туралы шынайы бөлістім. Осы байқауды ұйымдастырған жандарға айтар алғысым шексіз. Олар бізге тек байқау ғана емес, нағыз өмірлік сабақ сыйлады. Әрбір қатысушы үшін бұл мүмкіндік – журналистика әлеміне жасалған алғашқы қадам еді. Олар бізге шығармашылық шеберлікті дамытуды ғана емес, Бейсен Құранбектің адамгершілік құндылықтарын бойға сіңіруді үйретті.

Бұл жеңіс – менің журналистикаға жасаған алғашқы қадамым. Бірақ бұл тек бастамасы ғана екенін жақсы түсінемін. Өз ісіне берілген, шындыққа қызмет еткен Бейсен Құранбек секілді журналист болу – менің басты арманым. “Әркімнің өмірінде із қалдыру міндет емес, бірақ жақсылық жасау – парыз”,- деген оймен мен де болашақта журналистика саласына өз үлесімді қосуға тырысамын.

 

Ақнұр Сәрсен
Кербұлақ ауданы
Сарыөзек ауылы
Күреңбел қазақ орта мектебі
9-сынып оқушысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.