Талдықорған: +35°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ТЕАТРҒА АВТОБУС ТАРТУ ЕТТІ

26.09.2023
РУХАНИЯТ
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ТЕАТРҒА АВТОБУС ТАРТУ ЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғазиз жүректі әз ананың бейнесін бұтарланбастай бедерлеген өнердің өз перзенті, асқан дарын иесі Бикен Римованың есімі елінің жадында мәңгі сақталмақ. Қазақ кино және театр өнерінің жалауын желбіретіп, көптеген басты рөлдерді сомдаған сахна саңлағының жыл басында бастау алған ғасыр тойы өзінің жалғасын табуда.  Би апаның 100 жылдық мерейтойына орай өткен рухани шараның жалғасы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен тағы бір мәрте өрнек тапты.

Құдіреті мен құндылығы, тағылымы мен тәлімі мол театрға, жалпы, өнерге жасалған қамқорлықтан артық толайым дүние жоқ. Осы орайда  Би апа мерейтойына байланысты тұлғаның есімін арқалаған өнер ошағына облыс әкімі Бейбіт Исабаев су жаңа көліктің кілтін табыс етті.

– Биыл атаулы даталарға толы жыл болды. Жыл басынан бері Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығы және өздеріңіз жақында куә болған детектив жанрының негізін қалаушы, көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы ауқымды түрде атап өтілді.

Жетісу жері танымал тұлғаларды өсірген киелі аймақ. Біз есімі елге танымал тұлғалардың жерлесі болғанымызды ерекше мақтан тұтамыз. Дәл осындай таланттарымыздың бірі – ұлттық мүдде, ұлт руханияты үшін тер төгіп, өнер саласында аты аңызға айналған апамыз Бикен Ырымқызы Римованы да айрықша атағым келеді, – деген аймақ басшысы өз кезегінде Би апамыздың жолын жалғаған өнер иелері бүгінде облыс халқын тамаша туындыларымен сусындатып, көрермендерін қуанышқа бөлеп келе жатқанын атап өтті. «Түрлі қойылымдармен және ауқымды шаралармен іс сапарларда жиі жүретін әртістерге, сондай-ақ жалпы ұжымның игілігіне арқау болсын деп, өздеріңізге 41 орындық үлкен автобус көлігінің кілтін табыстауға рұқсат етіңіздер», – деп тартуын берді.

Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова сөз алып, ұлттық құндылықты дәріптейтін, адамзат баласына өмірдің сан қырын ашып көрсететін, жақсылыққа жан құштарлығын арттырып, жамандықтан сақтандыратын саф өнердің мәртебесі биік болғанда, елдің еңсесі тік, ұрпақтың қадамы нық болатынын жеткізді. Осындай ұлы өнер ордасында қаршадайынан еңбек етіп келе жатқанын айтқан сахна саңлағы, көлігі мен театры ескі, тұрмысы төмен кезде де өнердің отын өшірмеген әріптестерінің табандылығы мен руханиятқа деген адалдығын айшықтап, қазіргі жастарға барлық мүмкіндік жасалғанын атады. Сонымен қатар, өнерге қолдау білдірген, рух пен руханияттың жанашыры болған Жетісу облысының әкіміне айрықша алғысын жеткізді.

Асыл өнердің ардақтысы Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы алдағы күндері Халықаралық фестивальмен жалғасын таппақ. Еліміздің бірегей өнер ошақтары мен 5 шет елдік театр бақ сынайтын, өнер жарыстыратын байқауда көпшілік ғажайып қойылымдармен сусындайтын болады. Ал осы орайда облыс әкімі театрға тартуын ұсынғаннан кейін өнер ошағына арнайы кіріп, облыстық «Жетісу сазы» мен Алматы қалалық «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдерінің «Ғасыр сазы» атты концертін тамашалады.

Дәуірлер мен ғасырлар қойнауындағы ұлтымыздың ұлылығын, ерлігі мен өрлігін, зар заманның запыраны мен шерін паш ететін, шанағы мен тиегі ел тарихын толғаған сан аспап күй күмбірлетіп, көмейі күміс әншілер майдақоңыр, асқақ әндерді әуелеткенге не жетсін, шіркін?! Құлағына құйылған саз өнерінің саф туындыларынан бойы шымырлаған жетісулықтар қос ұжымның бірлескен концертін тамашалап, үлкен тебіреніспен тарқасты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026
Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026
Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.