Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БӘРЕКЕЛДІ: ТАЛДЫҚОРҒАНҒА АБАЙДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ОРНАТЫЛАДЫ

26 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
БӘРЕКЕЛДІ: ТАЛДЫҚОРҒАНҒА АБАЙДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ОРНАТЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында қазақтың ғұлама ақыны, ұлы ойшыл Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ескерткіші орнатылады. Хәкімнің 175 жылдығына орай жүзеге асатын игі іс бойынша бүгін ұйымдастыру комитеті мен сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Бұл жайында «www.taldykorgan-online.kz» хабарлады.

Айта кетейік, Абайдың ескерткішін орнату мақсатында ашық сәулет байқауы жарияланған еді. Қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова бұл байқаудың мақсаты Абайдың ең үздік мүсіндік макетін таңдау екенін әңгімелеп, жалпы өнер туындысында ұлттық дәстүр мен кәсібиліктің сақталуына баса мән беру керектігін айтып өтті.

2019 жылдың 1 қараша — 1 желтоқсан аралығында жарияланған байқауға 5 мүсінші өз туындыларын ұсыныпты. Кеңес мүшелері мен сарапшылар жұмыстарды түгелдей қарап, өз пікірлерін білдірді.

— Ел танитын Абай атамыздың жарқын бейнесі Талдықорған төрінен орын алса, ол — біз үшін үлкен қуаныш. Мүсіндік жобаларды көріп шықтық. Оның әрқайсысы өзіндік ой, идеяға құрылған өнер туындысы екендігіне сөз жоқ. Алайда көбінесе суретшілер де, мүсіншілер де Абайды сомдағанда Ыдырыс Ноғайбаев сахналаған бейнеге ұқсатып жатады. 59 жасында дүниеден озған ақынды ақсақал етіп сомдап керек емес. Ол ойшыл, ғұлама адам болғандықтан, ел көңілінен шығатын, асқан шеберлікпен жасалған Абай бейнеленуі тиіс. Мен ақынның туған жеріндегі, басқа да қалаларда қойылған ескерткіштерді көрдім. Кезінде Алматы қаласындағы Абай даңғылы бойындағы мүсінді орнатарда арнайы комиссия заңғар жазушы, Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовпен ақылдасқан көрінеді. Қаншама уақыт өтсе де, Абай ақынның сол мүсіні алыстан менмұндалайды, — деді Абай атындағы ҚазҰПУ «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойымбет.

Қазылар алқасының таңдауы мүсінші М.Азмағанбетовтың туындысына түсті. Алайда мүсінші өнер туындысын идея мен мазмұн жағынан жетілдіріп, толықтыруы қажет.

Алдын ала ақпарат бойынша, ескерткіш Талдықорғанның Алматы жақтан кіреберісіндегі Б.Римова атындағы облыстық драма театрының алдына орнатылуы мүмкін.

Данагүл МӘКЕН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.