Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«БҰРМАЛАМАЙЫҚ»: ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ

19 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"БҰРМАЛАМАЙЫҚ": ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқы тарихтың талай тезін де, қиындығын да, қыспағын да көрді. Небір зұлмат жылдар жүрегін езсе де, еңсесін түсірген жоқ. Ел басына күн туғанда жұртын бастап, туған даласын қорғаған, жұрт сансырағанда ақылын айтып, руханият көшін алға жылжытқан тұлғалар көп болды. Олар ұлтты сақтап, ұлылықтан айырылмаудың өзегі болды. Мұны біз бүгінгі тілмен патриоттық деп атайтынымыз анық. Қанға біткен асыл қасиетті қанша бүркемелесең де құнын тоздырмасы анық. Оған кешегі күркіреген күндей екпінмен іргесі мызғымайды деген Кеңес Одағының ыдырауына ықпал етіп, қазақ тәуелсіздігінің алғашқы шырағын жаққан 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін қосуға болады.

Көтеріліс жайлы қатты айтсам да, қадап айтсам да болатын адаммын. Өйткені, соның бел ортасында жүріп, белімізді талдырған адамдар едік. Расында, өткенді еске алу әрі қызық, әрі қиын. Өзімнің «Біткен жоқ күрес сөйлеп, жаным жырлап» атты кітабымда: «Өз ошағы, туған-туыс пен бала-шағаға, тіпті, жолдас пен досқа адами махаббатпен байлана алмаған жан ел-жұртына да адал махаббатпен байланып, қадір-қасиетіне жете алмайды. Барлық жағдайда ол тек өзінің қара басының ғана қамын ойлайды, күйттейді. Тек өз тағдыры, өз басы, өз тіршілігі үшін ғана таласады. Қазіргі жастардың дені ел-жұртынан бұрын өз қамын күйттейді, халықты екінші орынға қояды. Содан қорқам», – деп едім.

Жалпы, Желтоқсан жаңғырығы – аса ауқымды, танымы терең, қайшылғы мол, күрделі тақырып. Бұл көтерілісті саяси тұрғыдан таразылау, ғылыми тұрғыдан саралау кешенді түрде қолға алынуы тиіс мәселе. Қалай айтқанда да, 1986 жылғы Желтоқсан дүрбелеңі – қазақтың елеулі азаттық көтерілісінің бірі және бірегейі. Ол ұлтымыздың соңғы үш ғасырда елдікті сақтау жолында жүргізген 350-ден астам ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бір бөлігі. Азаттық пен бостандық аңсаған күресінің тарихи заңды жалғасы әрі биік бір белесі. Сондықтан оны «оқиға» деп тарихи маңызын төмендетіп көрсетудің орынсыздығы былай тұрсын, ендігі жерде барлық басылым, оқулық, әдебиет, бұқаралық ақпарат құралында «Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі» деп тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуіміз керек.

Тарих – халықтың зердесі. Зердені жалған деректермен, өтірік ақпаратпен бұрмалап, халықты адастыруға болмайды. Зерде бүлінеді, сана сүрінеді, жады былғанады. Жады былғанса, халық мәңгүрттенеді. Мәңгүрт халық  – болашағы жоқ халық. Желтоқсан ақиқатын әртүрлі саяси амбиция жеке бас ойынның «құралына» пайдаланып, бұрмалауға жол бермеу керек. Ұлт тарихын ұлықтап, кешегімен бүгінгінің биігінен зерделеп әлемдік озық әдістемелік үлгілерге иек артқанымыз жөн.

Мен 1986 жылғы 16 желтоқсанда «ГИПРО-сельхоз» жобалау институтында жұмыста едім. Бәрі көз алдымда басталды, алтыншы қабаттан төменде болып жатқан жағдайды көргенде шыдап қалуға болмады. Ар-намысы бар адамдардың бәрі алаңға лап қойды. Мекеменің сыртқы есігіне қатаң күзет қойылғандықтан бірнешеуіміз терезеден шығып, алаңдағы жастарға қосылдық. Көз алдымызда сүркей тірлік. Басы жарылып, естен танған, өне-бойы қанға боялған жастар. Алаң қып-қызыл қан, жарақат алған жастардың жанайқайы жан түршіктіреді. Кейбіреуі қанға боялса да еңбектеп, тұтқыннан құтылудың қамында. Кейбіреуі танымаса да қанға боялып жатқан жастарды қолтықтап, алаңнан алып шығудың амалын қарастыруда.

Шынын айтсақ, алаңда жарақаттаған адамдар өте көп болды. Қашып бара жатқанымда желкеден тиген ауыр соққыдан құлап түстім. Есімді жисам бір көліктегі қан-жоса болған қалың адамның ішінде жатыр екенмін. Бәрімізді Қалқамандағы 7-ші ауруханаға әкеліп түсірді. Есін жиғандар күбір-күбір, сыбыр-сыбыр әңгімелесіп, қашып құтылудың амалын қарастыруда. Байқасам жаралары таңылғандарды жасақшылар зорлап қайта көлікке отырғызып, белгісіз жаққа әкетіп жатыр. Менің жасымның үлкендігіне қарады ма, жоқ, бұрыннан таныстығымыз бар ма, бір дәрігер абыр-сабырдың арасында қолтықтап, ғимараттың сыртқы есігінен шығарып, таксиге отырғызды да ішке еніп кетті. Есім шығып, ебім қашып жүргенде оның атын да сұрамаппын, өңіне де тура қарамаппын. Бірер минуттан кейін тағы бір қызды жетектеп алып келіп, бірге отырғызып, жолға салып жіберді. Көлік жүргізушісі қазақтың жігіті екенін ғана білемін. Заман тыншып, тәуелсіздік алғаннан кейін ол екеуін көп іздесем де таба алмадым.

Өткен өмірімде ұялатын жерім жоқ екен. Мағжан Жұмабаевтың «Жұртын сүйген жүрек» атты әңгімесінде Изергүиль деген кейіпкердің: «Өлімнен қорыққан ел құлдыққа көніп, өздерін де, қасиетті тілектерін де жауларына құрбан қылмақшы», – деген сөзі бар еді. Мен және менің қатарластарым өз кезінде, 1986 жылғы желтоқсанның дауылды шақтарында осы қасиетті тілекті сақтау үшін аянып қалған жоқ. Көтерілісте азап шеккен жастарды құтқарып қалу үшін жоғарыда айтылған дәрігер сияқты бейтаныс адамдар да көп болды. Олар алаңның бел ортасында жүрмесе де, жазықсыз жапа шеккен жастарды қорғау үшін барын салды. Сол жандардың да еңбегі алдағы уақытта ескерілсе деген ойдамын.

Ізтілеу ТОЙШЫБАЕВ,

ақын, Әлем халықтары Жазушылар Одағының мүшесі

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.