Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕ: ҚАПШАҒАЙҒА КӨШІРУ ҚАЖЕТ ПЕ?

04.06.2019
РУХАНИЯТ
БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕ: ҚАПШАҒАЙҒА КӨШІРУ ҚАЖЕТ ПЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде қоғамды алаңдатып отырған бір мәселе бар. Ол – құмар ойын. Дәл қазіргі уақытта жас та, жасамыс та осы құмар ойынның жетегінде жүр. Сондай құмарлықтың бірі бәс тігіп, оңай олжаға батамын деген букмекерлік кеңселер.

Адамдардың көңілінен шығып, қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жұмыс істейтін орталықтар өте көп. Олардың басым бөлігі ойын-сауық индустриясын құрайтын мекемелер. Нақтырақ айтсақ, компьютерлік ойын клубтары мен букмекерлік кеңселер. Құмар ойынның соңына түскен адамдардың өмірін бұл орталықтарсыз  елестету қиынға соғып барады. Әсіресе, оқу орындары мен тұрғын үйлердің маңында шоғырланған букмекерлік орталықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Тіпті, соған келетіндер санының көп болуы алаңдатады.

Автоматтық ойындарға тыйым салынғанымен букмекерлік кеңселерге шектеу қойылған жоқ. Ал қазіргі уақытта мектептің дәл іргесінде болмаса да жақын жерде орналасқан кеңселер бар және оған келушілердің саны күн санап көбеюде. Бұл әлемдік үрдісте бар дегенімізбен, оның да опық жегізетінін естен шығармайық.

Оның зиянына бармас бұрын нақты заңдылық тұстарын көрсетейік. «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы» Заңнамасының 11-бабы, 3-тармағына сәйкес: «Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің стансылары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады».

Букмекерлік кеңселерге 21 жасқа толмаған азаматтарға қызмет көрсетуге заңмен тыйым салынса да мектеп жасындағы жасөспірімдерді сондай орыннан жиі кезіктіреміз. Қазір ақпараттық желі мен түрлі технологиялардың  дамыған заманында үйден шықпай-ақ бәс тігуге мүмкіндік бар. Кез келген адам компьютер немесе ұялы телефонына букмекерлік компанияның қосымшасын көшіріп алып, онлайн түрде бәске қатыса алады.

Букмекерлік компаниялар түрлі спорттық жарыстарға бәс тігіп, алғашқы салымды еселеп қайтаруға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оңай ақша тапқысы келетіндердің қарасы көп. Бір-екі рет ұтып, одан кейін қарызға батып, соның салдарынан барынан қағылып қалған жандар қаншама?! Осыған қарап бәс тігуді құмар ойындарының қатарына жатқызуға толық негіз бар.

Букмекерлік кеңселер ұсынатын бәс тігу ойынын ойлап тапқан — француздық Пьер Олер. Біздің елге батыстан келсе де Еуропаның өзінде  букмекерлік орталықтар көп емес. Тіпті, кей елдерде олардың жұмысына рұқсат етілмеген. Ал негізі бәс тігу ойындарының тарихы ежелгі римдіктерден бастау алады. Алғашында бәсті ат жарысына, жекпе-жектерге, кейіннен қораздардың, бұқалардың төбелесіне тіккен. ХХ ғасырдан бастап бәсті спорттық ойындарға тіге бастады. Бүгінде Олимпиада, футболдан әлем чемпионаты сияқты ауқымды спорттық шаралар барысында букмекерлік кеңселер қыруар ақша айналымын жүзеге асырып, қаншама адамды қарызға батыруда. Соның өзінде де бәс тігушілер саны азаймақ емес.

Сүйікті футбол командасының жеңісінің арқасында бір рет ақша ұтқан соң келесі жолы тағы жеңетініне сенімді болып, қайтадан бәс тігеді де ұтылып қалады. Сонда да, олар өздерінің әрекетін тәуелділік деп есептемейді. Олардың ойынша, бәс тіккен адам жай ғана спорттан хабары болып, ойындарды бақылап жүруі керек дейді. Бұл қате пікір. Кейбір жағдайда букмекерлер спорттық шараның ұйымдастырушыларымен немесе команданың өзімен де келісім жасап алуы мүмкін. Осылайша ең көп суммаға бәс тігілген команда жеңіледі де, ұтылған ақша компания мен спорттық команда арасында бөліске түседі. Бұл бәріне таныс жүйе. Осындай кеңселерді неге құмар ойындардың санатына қосып, заң шеңберінде тыйым салып, Қапшағай сияқты арнайы рұқсат етілген қала аймағына орналастырмасқа?!

Дегенмен де, орайы келсе олжалы боламын деп сенетіндердің саны көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Оңай олжаға батамын деп, сан соғып қалмаса болғаны. Өйткені, дәл осы құмарлықтың жетегіне еріп кеткен талай замандасымның түрлі қиындықтарға ұшырап жатқанын естігенбіз. Жақындарының сенімі мен бар қаржысынан айырылғандар да аз емес. Ендеше байлыққа кенелем деп, бақытсыздықты құшпасаң екен деймін, замандас!

Айсұлу ӘБІШЕВА,

ЖМУ-дің III курс студенті

Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.