Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БІЗ ҮШІН БИІК ТҰЛҒАҢ

27 мамыр 2020
РУХАНИЯТ
БІЗ ҮШІН БИІК ТҰЛҒАҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Бибігүл  өмірге келгенде мен он жаста едім. Үйімізге шуақ нұрын төгіп келген кішкентай сәбидің менің өмірімнен үлкен орын аларын, қолдаушыма, қорғаныма айналарын ол кезде білмеген шығармын, сірә! Бірақ, уақыт өте келе ол менің сіңлім ғана емес, шынайы досыма, сырласыма, қажет кезде басымды қойып сүйенер тірегіме айналды.

Есімінің Бибігүл атануы да тегіннен тегін емес еді. Ол өмірге келген 1969 жылдың 28 мамырында біз туып-өскен Ақсу ауданының Жансүгір кентіне КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова гастрольдік сапармен келді. Ол кезде әкеміз Назарбек Әмірғалиев Ақсу халық театрын құрып, оған басшылық ететін. Ал анамыз Дәмен Шәймерденқызы сол театрда би билеп, ән салып, ұлт-аспаптар оркестрінде ойнап, көркемсөз оқыған жан еді. Анамыз перзентханадан шыққан күні кешке концерттен кейін Бибігүл Төлегенова апайымыз біздің үйге қонаққа келіп, кішкене сәбидің кіндік шешесі атанды. «Мен сияқты әйгілі әнші болсын» деп ырымдап, өз есімін қойды. Бибігүл де соған сай болуға тырысып Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінде виолончель сыныбында оқыды. Кейіннен І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдады. Сонымен қатар еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мамандығы бойынша Жетісу мемлекеттік университетінің толық курсын бітіріп шықты. 
1988 жылы Нұрлан Токишев деген азаматқа тұрмысқа шығып, Әлия, Нүрия есімді қыздарды дүниеге әкелді. Еңбек жолын Талдықорған қаласының №7 орта мектебінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастады. Одан кейінгі жылдарда №12 мектеп-гимназиясының қазақ сыныптарындағы орыс тілі және әдебиет, технология пәндерінің мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Отыз жылдай педагогика саласында талмай еңбек етті. 
Ұстаз ретінде біліктілігін шыңдап, облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында бейнелеу өнері, сызу, технология, орыс тілі және әдебиет пәндерінен курстан өтті. «Теріден бұйым жасау әдістерін технология сабағына енгізу» тақырыбында ғылыми ізденіс жұмысын жазып, «Бисермен гүл тоқудың әдіс-тәсілінде жаңа технология тірек сызбаны қолдану» және «Теріден жасалған бұйымдар» атты мақалаларды журналға жариялады. Жыл сайын мектепте өтетін шараларға белсене қатысып, мерекелерге орай ұйымдастырылатын көрмелерге атсалысып, түрлі бұйымдар жасап, ұлттық киім үлгілерін модельдеп, үнемі қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылатын. Ол еңбектері де жеміссіз болмады. Ассамблеяның 10 жылдығына орай  Елбасы Н. Назарбаевтың марапатын алды. Сондай-ақ, ұстаздық қызметі, шығармашылық ізденісі үшін әр жылдары  облыстық білім басқармасының, облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының, Талдықорған қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасын, Алғыс хаттарын иеленді.
 2005-2008 жылдары Халықаралық «Бауырлас қалаларының әріптестік келісім» Хорсенс (Дания) – Талдықорған (Қазақстан) бағдарламасы бойынша делегация мүшесі ретінде Данияға барып қайтты. 2007 жылы Бельгия – Брюссель Халықаралық Еурокомиссия ұйымдастырған конференцияға қатысты. 
2010 жылы интерактивті құрылғыларды оқу үрдісінде пайдалану бойынша курс-тренингке қатысып, табысты аяқтағаны үшін облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығының сертификатын иеленді.
2011 жыл да Бибігүл үшін жемісті болды. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің қолдауымен  «Электронды үкімет және  электронды қызметтер» атты семинарға қатысып, куәлік алды. Ал 2012  жылы «Қазақстан КВН Одағы» «Жастар маусымы» атты бастаманы қолдап, үлес қосқаны үшін  алғыс білдірді. 
 Ұлттық тәрбиеге де өз тарапынан үлес қосып, облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесе ұйымдастырылған «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты қала мектептері арасында өткен іс-шараға да белсене атсалысып, әр жылдары диплом, Алғыс хаттармен марапатталды.
2017 жылы Бибігүлге №12 орта мектеп-гимназияның директоры Т. Андриянова  білім саласында талмай жемісті еңбек етіп, оның  жиырма жылын аталмыш мектепке арнағаны үшін Алғыс хат табыс етті.  Осы жылы Алматыға көшіп келіп, онда да мектепте қызмет етіп, бірден көзге түскен Бибігүлді Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Г. Жомартбай жеткіншек ұрпаққа сапалы білім, сапалы тәрбие берудегі жетістіктері және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
Бұл Бибігүл атқарған еңбектің бір парасы ғана. Мұнымен қатар әпкем Баршагүл 2002 жылы құрған отбасылық балалар театрының жұмысын қатар алып жүріп, барлық спектакльдің декорациясын дайындап, балалардың шаштарын сәндеп, гримдерін жасаған Бибігүлдің еңбегін ұмытуға бола ма? Оның өнерге деген ынтасы  ерекше еді. Сонымен қатар «Алтын сақа»,  «Бремен музыканттары» спекта- клінде рөлдер ойнап, әртістік қырымен де танылған кездері болды.
Былтыр Бибігүл науқастанып қатты ауырды. Аты жаман ауру аздаған айдың ішінде алтындай сіңлімізді алып тынды. Баршагүл әпкем екеуміз кезек-кезек қасында болдық, қыздары да демеп, жанымызда жүрді. Ауырып жүрсе де үлкен қызы Әлияны ұзатып, құтты орнына қондырып кетті. Нүриясы бізге аманат! 
Артымнан ерген жалғыз сіңлімнің жанымда жоқтығына көңіл сенбейді. Дүниеден өткенін түсінсек те көңілімізбен, ақыл ойымызбен түйсіну – қиынның қиыны. Енді Ұстаздар күнінде оған сыйға тартқан құшақ гүлді көтеріп маған алып келіп қуантатын сіңлім қасымда жоқ. Екеуміз егіз қозыдай киініп, бірге жүретін күндер, көз ілмей таң атқанша сырласатын түндер артта қалды. Тек қалдырған жақсы ісі мәңгілік! Білім саласына өлшеусіз тер төккен сергек те сезімтал ұстаз, қимас бауыр, сүйкімді сіңлімнің еңбегін ел-жұрт білсе деймін. Тірі болса әлі де жас ұрпақ қамы үшін аянбай тер  төге берер еді! Амал нешік, Алланың ісіне дәрмен бар ма?! Барша бауыр, туғандары Бибігүл Назарбекқызының жарқын ісін мақтанышпен айтып, асыл бейнесін сағынышпен еске алады.

Зәмзәгүл ӘМІРҒАЛИЕВА,
өнертанушы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.