Талдықорған: +15°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ДАМЫТАМЫЗ»: МАЛАЙЗИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

12 қараша 2019
РУХАНИЯТ
"ДАМЫТАМЫЗ": МАЛАЙЗИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының Өңірлік даму орталығы алаңында облыс әкімдігі өкілдері Малайзияның шағын және орта бизнесінің халықаралық сауда ассоциациясы (СМИТА) делегациясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Малайзиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Серік Әміров, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Руслан Қожасбаев, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басқарма төрағасы Талғат Малыбаев, төрағаның бірінші орынбасары Ерғазы Орымбасаров және Алматы облысының өңірлік даму орталығы директорының орынбасары Шыңғыс Мақашевтың қатысуымен өткен жиында өзара ынтымақтастық мәселесі қозғалды.

Малайзиялық делегация тарапынан СМИТА бас директоры Меган Су бастаған инженерлік, биотехнологиялық, өнеркәсіп және азық-түлік компанияның топ-менеджерлері келді. Инвесторларға алдымен «We are Zhetysu» және «Күнді қарсы алған Жетісу» тақырыбында Алматы облысының жеткен жетістіктері туралы бейнебаян көрсетілді.

Алдымен Руслан Садуақасұлы сөз алып, аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін тізбектей келе табиғи-климаттық, логистикалық жағдайы кәсіпкерлік бағытындағы кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтып өтті. Сондай-ақ, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басқармасының басшысы Талғат Малыбаев мекеменің негізгі міндеттеріне тоқталды.

— Біздің корпорация ауылшаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, туризм, жол бойындағы сервис, жасыл энергетика салалары мен индустриалды аймақтарға қолдау көрсетеді. Біз мемлекет пен бизнестің арасында дәнекерміз. Алматы облысында 6 индустриалды аймақ бар. Талғар мен Іле аудандарында ірі инвестжобалар көп. Сондықтан біз жобаларыңызды жүзеге асыруға алаң ұсынуға, іске асыру процесінде қолдау көрсетуге дайынбыз, — дей келе, ол қолға алынған жобалар туралы баяндады.

Өз кезегінде сөз алған Меган Су Қазақстан жерінің тартымды инвестициялық климатқа ие екендігін атап өтті. «Енді біз Алматы облысын Малайзиядағы өзге бизнесмендерге де таныстыратын боламыз. Біздің ұйымымыз шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықта жұмыс істеп қана қоймай сауда миссиясының ұйымында, халықаралық конференциялар мен семинарларда оқыту, сараптама мен қолдау қызметтерін көрсете отырып, олардың әлемдік аренаға шығуына ықпал етеді. Сіздермен өзара әріптестік байланысымызды дамытамыз деп сенемін», – деп жасыл энергетика, ауылшаруашылығы, құс өсіру саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтарын жеткізді.

Екі жақты кездесу қорытындысында СМИТА мен «Жетісу ӘКК» ӨДИ» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында тараптар инвестияция тартумен қатар іскерлік байланысты арттырмақ.

Еңлік ҚАБДЕШ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50
Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлемесе, не істеу керек?

Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлемесе, не істеу керек?

Бүгін, 16:41
Экономика тірегі

Экономика тірегі

Бүгін, 16:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.