Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА «ҚЫРАН» АҢШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

23 қыркүйек 2020
РУХАНИЯТ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА "ҚЫРАН" АҢШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ ауданында ұлттық өнерді дәріптейтін «Қыран» аңшылық орталығы ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Саф өнердің орталығын атадан балаға мирас болған саятшылық, құсбегілікті дәріптеп жүрген «Жалайыр Шора» мектебінің жетекшісі Бағдат Мүптекеқызы ашты. Тау етегіне орналасқан орталықта ұлттық аңшылық өнері дәріптеліп, кейінгі ұрпаққа насихатталатын болады. Сонымен қатар, туризм саласына өз үлесін қосып, Рухани жаңғыру бағдарламасының сәтімен жүзеге асуына мұрындық болмақ.

Салтанатты шарада «Қыран» федерациясының құрметті президенті Нұрлан Өнербай сөз сөйлеп, жиынның шымылдығын түрді.

— Әсем табиғат, тау баурайында ашылып отырған орталық біздің қазақ екенімізді, ұлттық өнерімізді, бай мұрамызды көрсететін орталық болмақ. Мұнда көнеден бері қазақпен бірге жасасып келе жатқан дәстүріміз халыққа паш етіледі. Оның ішінде, құралайды көзге атқан садақшыларымыз, құмай тазы жүгірткен сақа аңшылар, қолына қыран ұстаған әккі бүркітшілеріміздің өнері көрсетіліп, ұлттық мұрамыздың сақталуына, кең қанат жаюуына үлес қосылмақ. Сол үшін барлығыңызды орталықтың ашылуымен құттықтаймын! — деді Нұрлан Өнербай.

Орталық қысы-жазы жұмыс істемек. Шара аясында ақшаңқан қазақ үй тігіліп, ұлттық өнерімізді ұлықтайтын барлық дәстүр көрсетіледі. Аңшылар саятшылыққа шығып, аң аулайды. Аңшылық қазақы дәстүрмен ауланады. Садақшылар садақпен атып, тазылар қырдың қызыл түлкісін қуса, бүркітшілер құстарының томағасын сыпырып, аңға салады.

Орталық 7 гектар аумақты алып жатыр. Бүгін ұлт үшін ұлы өнер ұлықталған күн десек те болады.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.