Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЕДІЛБАЙ» ҚОЙЫН ӨСІРЕДІ

4 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
«ЕДІЛБАЙ» ҚОЙЫН ӨСІРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Райымбек ауданына қарасты Сарыжаз ауылдық өңірі ежелден қарсауыт. Қар қалың түсіп жатады. Оның пайдасы болмаса, ешқандай зияны жоқ. Бір жағы әйгілі Лабасы, Шұбарқарағай атты тамаша жайлауларына, табиғаттың тұмса әлеміне жалғасып жататын бұл өңірдің жазы да жаңбырлы. Лабасының басына бұлт үйірілсе, селдете бір жауын жаумай өтпейді. Сондықтан да жері құйқалы, шөбі ырғын. Құшағын қоныстанған елдің құтты қонысы. Төрт түлік малдың жайлы өрісі.

– Биылғы мал қыстату науқаны да сәтімен жалғасып жатыр. Округ аумағындағы Сарыжаз, Ақбейіт, Көмірші ауылдарында 7522 бас ірі қара, 31183 бас қой-ешкі, 4435 бас жылқы қыстатылуда. Жалпы, тау ішіндегі, ауыл маңындағы 67 мал қыстауында жағдай жақсы. Округ бойынша 20757 тонна мал азығы дайындалған. Қосымша жем әзірлеп алған қожалықтар бар. Қыстан қысылмай шығып, көктемгі төл алу науқанын ойдағыдай өткізуге мүмкіндігіміз мол, – дейді Сарыжаз ауылдық округінің әкімі Медет Азанбаев.
Біз Сартаубай Мүсірбаев басқаратын «Самат» шаруа қожалығының «Ойқұдық» өңіріндегі мал қыстауында болдық. Бұл қожалық округтегі алдыңғы қатарлы құрылымдардың бірі. Төрт түліктің бәрін өсіреді. Мемлекетіміздің «Сыбаға» бағдарламасы аясында да жемісті жұмыс жүргізді. Былтырдан бері қожалық ет бағытындағы асыл тұқымды «Еділбай» қойын өсіруді қолына алыпты. 
– Мұның бір ерекшелігі, өзге қойға қарағанда етті мол береді. Семіз еркек қойларың 120 келіге дейін, саулықтар 60 келіге дейін, қозыларының өзі 25 келіге дейін сапалы ет береді. Суыққа төзімді, өсімтал мал жерімізге үйреніп кетті. Жалпы, «Еділбай» асыл тұқымынан 685 бас саулық өсірілуде. Жағдайы жақсы. Бірге бір төл алатын шығармыз деген жоспарымыз бар, – дейді «Самат» шаруа қожалығының төрағасы Сартаубай Мүсірбаев. 
Жаңадан тұрғызылған малшы үйі, қой қоралары бәрі-бәрі жылы да жайлы. Электр желісі түсірілген. Моншасы бар. Биыл өз күштерімен екі қыстаудың жанынан 22 метр тереңдіктен су шығарып алыпты. Қожалықтың бас шопаны Ахмет Сарыбаев отбасымен бірге жылы үйде кешкілік бір уақыт теледидардан күнделікті хабарларды көріп отырған жайы бар. Сартаубай ағамыз басқаратын қожалықта бұдан бөлек 600 бас архар-меринос қойы бар. Жыл сайын Шұбарқарағай жайлауында болып қайтатын қойдың бәрі қоңды. Саулықтарға бір уақыт шөп пен жем беріледі. Қой қоралардың маңына 300 тонна тайланған шөп жиналып қойылыпты. Қалай десек те қожалықтың жағдайы жақсы. 

Қанат БІРЖАНСАЛ
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30
Еңбек министрлігі 2027 жылы жаңа пилоттық жобаны бастайды

Еңбек министрлігі 2027 жылы жаңа пилоттық жобаны бастайды

Бүгін, 11:01
Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Футбол: «Алтай» клубы «Жетісу» қорғаушысы Асхат Балтабековке көз тікті

Бүгін, 10:30
Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Президент Жолдауы – мәдениеттің дамуына жаңа серпін

Бүгін, 10:21
Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Антальядағы COP31 көрмесінде қазақ қыздары көпшілікті тәнті етті

Бүгін, 10:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.