Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЕКІ ІШЕКТІҢ құдіреті

16.03.2018
РУХАНИЯТ
ЕКІ ІШЕКТІҢ құдіреті
WhatsAppTelegramFacebook

І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Бабалар аманаты» деген атпен өткен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, композитор Ермұрат Үсеновтің өнер кешінде қасиетті қара домбыра үні мен күй құдіреті асқақтап, классикалық шығармалар мен халық әндері жаңғыра шырқалды.

Шымылдықты Ермұрат күйшінің «Мерекелік күй» туындысы ашқаннан кейін «Қуанышы» бұлақтың кәусар лебіндей майдалап соғып, балбырай пісті. Жайықтың жағасынан Нұрғиса Тілендиевтің «Аққуы» күміс қанаттарын шолпыдай сыңғырлатып жүрек түбіндегі нәзік пернені қозғап өтті. Сарыарқаның сары белінен дүлдүл тұлпар желдей гулеп, көкжиекпен тұтасқан ғажайып өрнекке барып сіңіп кетті. Күйге еліткен сезім тым нәзік. Іштегі алапат бір толқуға ерік берген көңілдің көк дөненін шідерлеп ұзақ ұстап тұра алмайсың, ағыл-тегіл жөңкіп барады. Күй көшімен бірге даланың керемет жұпар ауасын жұтпағалы қашан?! Нұрғиса Тілендиев, Рыспай Ғабдиев, Қаршыға Ахмедияров, Рахым Тәжібаевтардың әрқайсысы тау еңселі тұлғалар еді ғой. Саусақтарынан күй сорғалаған қалыптары тарихта қалыпты. Экраннан Дина күйші мен Қали Жантілеуов бастаған сол шоғырдың шоқтай жанған көздерін көрген жұрт үнсіз егілді. Ермұрат Үсенов ұлттық аспапты заманауи үнге жақындастыру үшін маңдай терін аямай төгіпті. Домбыраның ХХІ ғасырдағы ғаламат дыбысы қазақ ұлттық музыка өнерінің жаңа кезеңі басталғанын байқатты. Тың жобада автор   М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің демеуімен шебер шендестірді. Күйшінің «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», «Меруерт  моншақ» туындыларын оркестрдің сүйемелдеуімен  жеке дауыста ҚР  мәдениет  саласының үздігі Сая Есенгелдинова орындағанда шығарманың екінші тынысы ашылып кеткендей болды. Күйшінің «Майра», «Кербез сұлу» мақамы мамықтай майда үнмен құлақ құрышын қандырды. Сонымен қатар, «Ару Алматым» шығармасын халықаралық байқаулардың лауреаты  Әсем Сембина орындағанда домбыра мен кахон аспабының үні үзілмей қабысып, тез жымдаса жөнелді.
Бір мезгілде эстрадалық, классикалық аспаптардың домбыраға қосылуы нәтижесінде халық әндері мен әуендері өзгеше өрнекке ие болды. Көз алдымызда «Анама», «Шыңырау құс», «Күзгі әуен», «Мұхтар аға» сияқты халық әндері мен қазақ композиторларының туындылары әсем сарында салтанат құрды. Дина, Есір, Сейтек, Нұрғиса, Қаршыға шығармаларын жеке домбыраның, ұлт-аспаптар оркестрлерінің орындауларында талай мәрте естіп те, көріп те жүрміз. Жаңалық Ермұраттың көне күйлер мен халықтық әуендерді домбыраны басшы, қалған музыкалық аспаптарды қосшы етіп, үлкен сахнаның төріне оздыра білуінде. Осы еңбегі үшін оған көп алғыс жаудырды. Кеш қазақтың жаны дерлік домбыраны шексіз шөлейттен шүйгінді айдынға алып шыққандай әсер қалдырды. Иә, күйлерге де күннің көзін түсіріп отыру артықтық етпейді. Осы жағынан кеш иесі естілмей кеткен, ұмытылуға айналған есімдерді, күйшілерді халықпен қайта қауыштырды.
Айта берсек, Ермұрат Үсеновтің Жетісудағы шығармашылық кешінен жарқын сәттер көп. ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Әли Алпыспаевтың дирижерлік етуімен «Күзгі әуен» күйін өзінің шәкірті Тұрсынхан Қарақожаева қобыз аспабында орындап, екі ішектің құдіретіне иілмейтін, икемделмейтін ештеңе жоғын дәлелдеді. 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Талғат Күзембаевпен, М. Төлебаев атындағы халық аспаптары  оркестрі және Қ. Байсейітов атындағы саз-колледжінің  хорымен бірлесіп өткізген кеш бір күннің, бір жылдың еңбегі емес, талай уақыттан бергі ізденісті іс-әрекеттердің жемісі екенін білдірді. 
Ермұрат орындаушылық жағынан шашасына шаң жұқпас жүйрік қана емес, алдыңғы толқын аға-апаларының өнеріне қашанда адал да ақ шәкірт әрі өнер қуған өрендерді тәрбиелеп жүрген үлкен ұстаз. Жаңа мен көненің, дала мен қала мәдениетіндегі озық, тозбайтын дәстүрлерді бір-бірімен жалғастырып, өнер көгіне өзгеше өрнек төгіп жүрген бөлек бітім. Күйді жаңғырту, заманауи талапқа сай өңдеп орындау өзіне дейінгі дәстүрлі күйден түбегейлі бас тарту деген сөз емес, қайта керісінше, сүю, көкейге түю дегенді білдірсе керек. 
«Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді. Адамдардың жанын ыстанған кірден тазалап жүрген ұлы ұста – Нұрғиса таң алдында жұлдыздармен бірге сөнеді. Енді біз Нұрғисаны ылғи да аспанда таңшолпанның жанынан көретін боламыз», – деген екен жазушы Шерхан Мұртаза. Біз Нұрғиса Тілендиев туған қасиетті Жетісу топырағының түлегі әрі сол күй дүлдүлінің шәкірті Ермұрат Үсеновтің өнер сахнасында өз қолтаңбасын қалдырғанына шек келтірмейміз.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026
Тиімді тәсіл

Тиімді тәсіл

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.