Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС: ҚОҚЫСҚА КӨЗҚАРАС ӨЗГЕРЕ МЕ?

10 шілде 2020
РУХАНИЯТ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС: ҚОҚЫСҚА КӨЗҚАРАС ӨЗГЕРЕ МЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы алаңында өткен онлайн кездесуде «Stop Musor» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы жарияланды. Онлайн-сауалнаманы маркетингтік зерттеулер мен сараптау саласында қызмет көрсетуге маманданған Alvin Market компаниясы жүргізді. Оған екі қаланың 400 тұрғыны қатысып, өз ой-пікірлерін білдірген.

– Сауалнама қорытындысы бойынша, екі қаланың тұрғындары үшін де қоқыс мәселесі ұзақ жылдар өзекті болып келген. Әрбір екінші қатысушы қоғамдық орындарда стақан, орамал, шөлмек, темекі қалдығы сияқты ұсақ қоқыстардың жиі кездесетінін алға тартты.Адамдардың қоқысты арнайы жәшікке тастаудың өзіне ерінетіндігін сынағандар да кездескен.

Сұрау нәтижесінде 18 жастан 24 жасқа дейінгі ер адамдар мен жастардың қоғамдық орындарда ұсақ тұрмыстық қалдықтарға аса назар аудармайтыны белгілі болды. Сондай-ақ, алматылық қатысушылардың 51%-ы соңғы алты айда қала тұрғындарының қоқысқа деген көзқарасы өзгерген жоқ десе, 6%-ы жағдай бұрынғыдан нашарлап кетті деп жауап берген.

Нұр-Сұлтан қаласының әрбір екінші тұрғыны, керісінше, осы мәселе бойынша оң өзгерістерді атап өтті. Сонымен бірге, қатысушылар қалаларда қоқыс жинау мен сұрыптау орындарының тапшылығы, қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі, халықтың бұл орайдағы білімі мен мәдениетінің төмендігі туралы ойларын ортаға салды, – деді Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов.

Алматы қаласындағы қоқыстан туындайтын мәселе көршілес Алматы облысымен тікелей қатысты. Өйткені, Алматы қаласынан шығарылатын қоқыстың дені Алматы облысының аумағындағы полигондарға жеткізіледі. Демек, қаладан шыққан қоқыспен толған полигондарды сұрыптау, залалсыздандыру облыстың еншісінде. Осы тұрғыда әлі де шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Онлайн

кездесуде осындай келеңсіздіктерді ескертіп, оны шешудің жолын сұрап көрген едік.

– «Stop Musor» әлеуметтік жобасы бойынша сараптау жұмысы қазір екі бас қалада жүргізіледе. Осы барыста жинақталған ұсыныстарды зерделеп, жинақталған тәжірибелер бойынша келесі жылдан бастап облыстарда сараптамалық жұмысты бастаймыз. Оның үстіне, қазір Парламентте талқыланып жатқан Экологиялық кодексте полигондар туралы жаңа тармақтар бар. Егер кодекс биыл қабылданса, келесі қадамдағы жұмыстарды жүргізуге заңдық негіз жетіле түседі, – деді Елдос Нұрболұлы.

Келесі жыл да иек астында тұр. Ойға алған жоспар сәтімен іске ассын дейміз.

Қажет Андас
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.