Талдықорған: +10°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бейбіт Исабаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

7 мамыр 2025
РУХАНИЯТ
Бейбіт Исабаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы
WhatsAppTelegramFacebook

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Қадірлі Отан қорғаушылар!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл екі маңызды мерекенің күнтізбеде қатарласа келуінің өзіндік терең мәні бар. Бұл даңқты жауынгерлік дәстүрдегі ұрпақтар сабақтастығын айғақтайды, өйткені Отанды қорғау – әрбір азаматтың қастерлі парызы.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелей отырып, біз майдан даласында ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз, тылда тынымсыз тер төккен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетеміз, олардың ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған қайсарлығына бас иеміз.

Қаншама жыл өтсе де бұл қастерлі күн бірлік пен батырлықтың, қайсарлық пен қаһармандықтың символы болып қала бермек. Өйткені елжандылық, табандылық, Отан алдындағы борышқа деген адалдық – баршамыз үшін қашанда өлмес өнеге, өшпес үлгі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз» деген болатын.

Ел мүддесі жолында қалтқысыз қызмет ете жүріп, Отан қорғаушылардың жаңа буыны біздің басты құндылығымыз – бейбітшілік пен тыныштықты қырағылықпен күзетуде. Біздің жауынгерлік дайындығы жоғары, мобильді, кәсіби армиямыз бүгінде тәуелсіз еліміздің аумақтық тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар аға ұрпақтың ерлікке толы шежіресіне негізделген батырлық мектебі болып отырғаны анық.

Құрметті жерлестер! Мамыр мерекелері қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, берекелі ғұмыр, бақыт пен шаттық тілеймін.

Еліміз әрдайым бейбітшілік бесігінде тербеліп, гүлденіп-көркейе берсін!

Қатысты жаңалықтар

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баяхметов Руслан Алпамысұлы    

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баяхметов Руслан Алпамысұлы    

Бүгін, 16:41
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Абықанов Серік Қадыралыұлы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Абықанов Серік Қадыралыұлы

Бүгін, 16:40
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Жанысбек Төлеген Самайұлы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Жанысбек Төлеген Самайұлы

Бүгін, 16:40
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұғманов Ерғали Байоразұлы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұғманов Ерғали Байоразұлы

Бүгін, 16:33
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Есимов Бақытбек Сансызбайұлы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Есимов Бақытбек Сансызбайұлы

Бүгін, 16:29

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.