2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына № 12 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат БАЯХМЕТОВ РУСЛАН АЛПАМЫСҰЛЫ
Халыққа жақын болу, уәдеге жауапкершілікпен қарау және туған жердің дамуы үшін нақты жұмыс істеу
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Баяхметов Руслан Алпамысұлы, 1983 жылы Жетісу облысының Текелі қаласында дүниеге келдім. Жоғары білімдімін, «Экономика және менеджмент» мамандығын тәмамдадым.
2005 жылдан бері Ескелді ауданының Қаратал ауылында «Баяхметов Р» шаруа қожалығының басшысы болып еңбек етіп келемін. Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығын жүргізу, шаруашылықты дамыту және ауылдық жердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру бойынша тәжірибе жинақтадым.
Мен үшін ауылдың дамуы – тек инфрақұрылымды жақсарту ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, жастарға мүмкіндік беру және әр отбасының тұрмыс сапасын жақсарту. Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарын толғандыратын мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуге және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.
Құрметпен Баяхметов Руслан
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2031 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесін 95%-ға жеткізу.
Қарабұлақ ауылында жол сапасын, көше жарығын және абаттандыруды жақсартуға ықпал етемін.
Қарабұлақ ауылындағы Абай, Айманов, Алтынсарин, Балқаш және Молдағұлова көшелерінің жалпы ұзындығы 4,026 км болатын учаскелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.
- СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2027–2031 жылдары Қарабұлақ ауылында тұрғындарды сапалы ауызсумен және тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал етемін. Тозған су құбырлары мен инженерлік желілерді жөндеу, көше жарығын жаңарту және қамту аясын кеңейту, электрмен жабдықтау тұрақтылығын арттыру бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар енгізіп, жұмыстардың орындалуын бақылауға атсалысамын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ескелді ауданындағы жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау мақсатында 2026–2030 жылдары 63 млн теңге көлемінде микрокредит беруді қамтамасыз ету
Ауыл үшін еңбек, ел үшін қызмет!
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарына мал және егін шаруашылығын дамытуда нақты қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен субсидияларға қолжетімділікті арттыруға ықпал етемін.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ
Шағын бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал етемін. Жастардың кәсіп бастауына қолдау көрсетемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
МӘМС және ТМККК шеңберінде қаржыландырылатын медициналық ұйымдарға дәрігердің жұмысын қолдайтын жасанды интеллект (ЖИ) көмекшісін енгізу
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заманауи STEM кабинеттерін жабдықтауға, цифрлық сауаттылықты арттыруға және балаларға арналған қауіпсіз ойын әрі спорт алаңдарын дамытуға қолдау көрсетемін.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ
Барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үй құрылысын дамыту және халықты баспанамен қамтамасыз ету. 2030 жылға қарай тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін 420,1 мың шаршы метрге жеткізу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Қарабұлақ ауылында интернет пен мобильді байланыс сапасын жақсартуға ықпал ету, электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, депутаттық қызмет туралы есеп беру.
- ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Қарабұлақ ауылында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында абаттандыру, көгалдандыру, қоқысты уақытылы шығару және қоршаған ортаны қорғау шараларын жүйелі түрде жүзеге асыруға ықпал ету.
МЕНІҢ ЖҰМЫС ҚАҒИДАТТАРЫМ
o Әділдік – әрбір тұрғынның мүддесіне құрметпен қарау.
o Ашықтық – халықпен тұрақты байланыс орнатып, есеп беру.
o Жауапкершілік – көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау.
o Нақты нәтиже – өзекті мәселелерді жоспарлар мен бюджетке енгізуге ықпал ету.
o Бірлік – ауыл тұрғындарының бастамаларын қолдау.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Барлық мәселені бір күнде шешу мүмкін емес. Алайда тұрғындардың өтініштерін назарға алып, ауыл шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Қарабұлақ ауылдық округінің өзекті мәселелерін шешуге ықпал етуге дайынмын.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты өлшемі – халықтың өміріндегі нақты оң өзгерістер, ауыл экономикасының дамуы және тұрғындардың әл-ауқатының артуы.
Басты ұстанымым – халыққа жақын болу, уәдеге жауапкершілікпен қарау және туған жердің дамуы үшін нақты жұмыс істеу.
Әрбір ауылға – назар, әрбір тұрғынға – құрмет, әрбір іске – жауапкершілік!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.
Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.
«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 12 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.
Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.
Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.
Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.
Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.
Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.
Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Баяхметов Руслан Алпамысұлы
Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







