Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ғибраты мол Ғайыс аға

Төбеге шықсаң көңілің ашылар, жақсымен тілдессең зердең ашылар. Ғайыс аға әңгімелескенде сөз маржанын теріп сөйлейтін. Ұлағатты ойлары санамда әлі де сәт сайын жаңғырады. Мейірімі жанға – қуат, көңілге – медет. Батасы – көңілге қанат бітіретін. Рухани қуат жолыңды ашады. Ғайыс аға жайлы көптеген мақала жаздым. Ол кісімен жасаған сұхбатым сол қалпында сақталыпты. Кей сөздерін қайта тыңдағанда мағынасын тереңірек түсінгендеймін.

28 маусым 2025
РУХАНИЯТ
Ғибраты мол Ғайыс аға
WhatsAppTelegramFacebook

Ғайыс ағаның өлеңдерін сақтап қойып едім.

«Иілме, жас, иілпаздар игенге,
Өз ойыңды айт, айқайлап айт, именбе,
Үйрен бүгін сұмдықтарды сүймеуге,
Ертең төтеп берем десең күйреуге.
Иілме, жас, иілпаздар игенге,
Күштілерге сен де күш айт, именбе,
Бүгін үйрен жалаң аяқ шоқ басып,
Ертең өртке лақтырса да күймеуге».

Өлеңі – жастардың өмір жолына бағдаршам. Осы жыр жолдарын айтқан соң ағатайым былай депті: «Рухани кедейленбей, рухты көтеріп жүру үшін иілме. Қолыңа су құюға жарамайтын, иненің көзінен өтетін пысықтығымен жарты құдай, жарты патша болып жүргендерге илікпеу үшін, біреулердің парасатсыздығы алдында сынбас үшін, мынау дүниеде шындық туын ұстап қалу үшін иілмеу қажет. Адамдар сонда ғана әділет бар екеніне сенеді».

Қайран, азиз ағам.

Ғайыс аға Егембердиев «Жерұйық» газетін 11 жыл басқарған. Ол кісінің атына бір адам жаман сөз айтып көрген жоқ. Көзін көргеннің барлығы парасатты, абзал азамат еді дейді.

Ағамның бейкүнә, балалық бал дәурен хикаялары, қан майданға жүрер сәттегі қыз сыйлаған шәй орамалының кереметі жайлы «Ақ жібек орамал» деген мақала жазған едім. Ағаның тереңнен тартылған тектілігі, он сегіз мың ғаламның Ұлы Иесі хақында айтқандары, адами мінез-құлық хақындағы мысал әңгімелері тұнып тұрған тәрбие. Ғайыс аға «Обал» сөзін жиі қолданатын. «Мақалаңа қос» деп мынадай ұлағат айтқан еді. «Адамзат жан-жануарды қамқорлығына алуы керек. Себебі, олардың мұңын шағар тілі жоқ, ғаріптерді көрген қорлығы мен азабынан құтқарсын. Себебі, олардың тартысқа түсетіндей құны жоқ, жетім-жесір панасыздарға пана болуы тиіс, себебі, олардың сүйенерлік дымы жоқ»,– деген еді. Ғайыс аға әкесін қызыл жағалылар «жау» атап сегіз жылға соттағанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиум төрағасы Ә. Қазақбаевқа «Көмекші талап» деген жүз жол өлең жазып жібереді. Он алты жасар ұлының хаты діттеген жерге жетіп, әкесі қамаудан босатылады.

«Намысы бар жігіттің нар күші бар. Намыс – жан тазалығы, ар өлшемі, тектілік нышаны. Бақытты ұтып та, ұрлап та, ұрып та ала алмайсың. Ол текетіреспен, арпалыспен, намыс құдіретімен қонақтайды», – деген еді Ғайыс аға.

Мақаламның басында «жақсымен сөйлессең зердең ашылады» деп айтуымның себебі осы. Ғайыс аға соғыс ардагері. Ол бірнеше орден, медальдің иегері. Республика деңгейіндегі дербес зейнеткер еді. Өмірін журналистикаға арнаған Ғайыс аға жайлы мереке қарсаңында жылы лебізімізді білдіргіміз келді. Ағаның ізгілікті істері ұмытылмайды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.