Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

Қауызға тұнған таңғы шық

08.10.2025
АРДЫҢ ІСІ, РУХАНИЯТ
Қауызға тұнған таңғы шық
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласының арманы мен қиялынан туған сан мың шығармалар секілді, өлең де жанның айнасын, рухтың күшін көрсетер ғажайып дүние. Дүниеге ақын болып келген талант иелерінің негізінен қозғар тақырыбы – туған ел, құтты қоныс,  құсни мекен, табиғат секілді мөлт еткен ғажайып бағыт-бағдарда жатыр десек, Гүлбақыт Қасен секілді Жетісу жерінен жыр сабақтап, бүгінде бүкіл еліне танылған шайырдың да шығармашылығы осы сүрдек-сүрлеуге саяды. 

«Жұлдыз тамған көлдің беті тұп-тұнық», – деп жырлайды мөлт еткен мөлдірлікке іңкәр ақын; біз нысанаға алған кейіпкер, ендігіде аз-кем сөз етер «Баркөрнеу» кітабының авторы.

Қарапайым ғана жазылған дүние көрінетін осынау жалқы тармақта қаншама жарасым бар десеңізші?! Философиялық ой да, ақын шығармасындағы өзек пен кілтипансыз кредо да осы арқылы тарамдалса, тарқатылса жөн-ақ.

Қанға бөккен ғасырлар мен зары тамған замандарды бастан кешкен ұлттың бүгінгі буыны «селт етпес қара көңілім не қылса да» (Абай) не дейді? Ештеңе. Дүниені ақ, өмірді ғажап дейді. Жал уыстап туған қаһарман ұл, қызыл асығынан қан кешкен батыр ше? Ол да өмірді күстаналай алмаған. Сүйді, сүйгені үшін күресті. Күрес жүргізді. Адамзаттық таным да осыған жуықтас. Алас-құлас заманда зар емген пенде секілді, біз де басымызға түскен бар ауыртпалыққа қарамай өмірді сүйеміз, «жалған дүние-ай» дей отырып, ақиқатқа ұмсынамыз, ұмтыламыз. Сан мың көзқарастағы пендеге ұшырассақ та «Жұлдыз тамған көлдің беті» секілді өмірді таза, тұнық қалпында бағалаймыз.

egemen.kz

Ақын атаулы жыр еткен тақырыптың бәрі философиялық ойға жетелейді деген қағида не пікір жоқ. Шайыр мөлдірліктің суреткері, ақиқаттың жаршысы болуы мүмкін. Жүрекке қона кетер, ойға орала түсер таңғы шықтай тұнық жырларының бәрін философияға негіздей алмас. Абайға тән данышпандықты күллі қалам ұстаған жанның өн бойынан іздеу де ағаттық. Әркім өзінше жыр түлетпек, әр қаламгер рухани таным көкжиегіне қарай шығарма кестелемек. Алайда, ойдың асылы, сөздің саф алтындай құндысы да болуы шарт. Бұл тұрғыдан келгенде:

…Сені ақын етті ме бір қалқатай,
Мені ақын етті ме бір тал мұңым.

Сол бір мұңда бәрі бар:
сағыныш бар,
бір сұлулық,
сезім бар алып-ұшқан.
кездесу мен қоштасу,
көктем мен күз,
мың қуаныш,
сәттер бар жаңылысқан.
Жылап тұрсам жаныма барлығы дос,
Күліп тұрсам жаныма бәрі дұшпан, – деп толғайды аяулы ақын. Мұндай ғажайып экстаз күй қазақ ақындарының ішінде Жұмекен мен Мұқағали, Фариза жырларында дүркін-дүркін көрініс беретінін ескерсек, «Баркөрнеу» кітабының авторы да бұл туындысы арқылы жүрегімізге ақ сәуле құйғандай күйге бөлендік. Төркіні текті тіркес, мазмұны мәйекті байлам ұшырасар жырдың да парқы бөлек болса керек?! Ал ақық жырда айтылар кейбір парасат пайымына да терең толғаммен ой жіберген абзал. Біз бұл тұрғыда «Жылап тұрсам жаныма барлығы дос, күліп тұрсам жаныма бәрі дұшпан» деген ақын жырына біршама уақытымызды құрбан қылдық. Ойландық, толғандық. Бәлкім: «қуанған сәтте дос тауып, жылаған сәтте бар дүниені дұшпанға балап кету – заңдылық шығар?» деп күбірледік. Сөйтсек, бұл бұзылмас қағидадай ақын жырының иірімі терең тұсы екен. Мұңданған, назданған көңілдің айналасынан достық жылулық күтетініндей, керісінше дүниені ұмыта шаттанғанында дұшпан сұғына шалынатынындай… Философия һәм фабула.

Иә, бұл мөлдір шығармалардың иесі – Гүлбақыт Қасен. Жетісу жерінің аяулы ақын қызы бүгінде өзінің қолтаңбасын қалыптастырған, айтары айшықты, жыр кестесін сан құбылтқан сурет рәуішінде өрнектеп келе жатқан жан. Шығармалары өзінің болмысындай берік, табиғатындай тұнық.

Жазиралы Жаркент өңірінің Айдарлы ауылында от жүрегін тулата өмірге келіп, поэзия әлеміне кенжелеу қосылса да қазақ әдебиетінен өзіне лайықты орын сайлай білген Гүлбақыт Тоқтанқызының шығармашылығымен о бастан-ақ таныспыз. Әрбір жазбасын жіті қадағалап жүрсек те, қолымызға қондырған кітаптарын аялай оқысақ та, осы жолы үлкен тебіреніске түстік. Өйткені соңғы 5 жылда жазған жырлары топтастырылған «Баркөрнеу» кітабы бұрынғыларынан соғұрлым биік шыққан. Жырының сазы, мазмұны, мөлдірлігі тереңдей түскен.

«Гүлбақыт Қасеннің жырлары шұғынық гүлдің қауызына тұнған таңғы шық сынды. Көңілі шынайы, сезімі шыны ақыннан ғана сондай өлеңдер шықса керек…», – деп ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Светқали Нұржан айтқандай, Гүлбақыт Қасеннің шығармасынан өзінің дегдар болмысын байқауға болады.

Туған елін шексіз сүйген ақын қыздың жыр атласында қазақ жерінің географиясы өлең арқылы өрнектелген. Сюжетті жыры суреттей, лиризммен шалқи төгілген, толғаныстарға берілген поэтикалық ойлары да қуатты сезіледі.

Алакөл,
Сен менің жарамды емдеп жазасың ба?
Тәңір ісі…
хақым жоқ таласуға,
Тереңге тартып әкет, келісейін,
Жол берме маған қайта адасуға… – деп бірде туған жердің тұнық көлімен жан құрбысындай сырласып, Арқас тауын әкесіндей асқақ тұтып, Жетісудың сағасы мен жағасы, өзені мен өркеш-өркеш тауларына, жазығы мен бұйрат құмына дейін жырына арқау еткен ақын жүректің аптыға соққан дүрсіліне құлақ түресің, құныға түсесің. Құдды Ілияс Жансүгіров жыр еткен «Жетісу суреттерінің» заңды жалғасын парақтап-тарақтап отырғандай шабыттанасың. Сөйте тұрып, ақынның басына қою бұлт ұялаған, жан серігінен көз жазып қалған ауыр жылдарындағы әсеріне бөленіп, жаның қалайша жабырқап қалғанын аңдамай қаласың.

Оралмас өткен күндер…
Шөлдеймін ғой.
Қайтейін,
Көкірегімде көлдей мұң, ой.
Жастығым жап-жасыл боп жанып кеткен –
Қайтпайды, тым алысқа алып кеткен, – деген әлгі, «Алакөлмен» сырласқан жырдың соңын тіпті шарықтатып жебереді. Табиғатпен тілдесе отырып «…жап-жасыл боп жанып кеткен» жастығынан сыр сабақтауға, оны шеберлікпен суреттеуге жеткілікті ақындық қуат керек шығар деп шамалаймыз. Ғажап, ғажап жыр жолдары!

Әр ақынның айтары бар десек те кейбір қалам иелерінің тұтас шығармашылығын оқып отырып өзіндік қолтаңбасының қым-қиғаш бояуын, біркелкі түспеген шиыр-шиырын байқайсың. Проза жанрында бірде Тургенов, бірде Чехов немесе Верн, Толстой, Агутагава, Гюго, Әуезов пен Сүлейменов секілді саңлақтарға иек артқан, стиль сабақтастырған дүниелер аңғарылса, поэзия жанрында да, әсіресе Төлеген, Мұқағали, Жұмекен, Тұманбай, Қадір мен Есенғалиларға ұқсастық ұшырасады. Бірақ, олардың жырындағы нысаналы толғам, ізденістен туған бірегей дүниелерді меңгере алмай, әрбір еліктеу арқылы жарқ еткен туындылар ғана кітабына бедерленіп жатады. Мәселен, Тұманбайдың жырларының географиясы Балтық елдерінен тартып тұтас Еуропаға құлаш ұрғанын, Днепр жағалауында шынысы қалың көз әйнегінің астынан толқыған суға сәп салып, ащы темекісінің түтініне бөгіп отырып сұлулыққа сүйсінген болмысын танысақ, әр туындысы арқылы сол Тұмағамен бірге талай елді шарлап келгендей әсерге бөленеміз. Бір саяхатының өзі нысаналы шығармашылыққа негіз болғанын аңдаймыз.   Бұл да ақындық өрістің кең, шабытының шалқар екенін көресетін даңғыл жол. Міне, осы тұрғыдан алғанда «Қоңырөлең», «Көл тұндырар зүбәржат – Көлсай керім», «Баркөрнеу», «Белжайлау», «Ақсу, сенде бар әлемнің бояуы», «Көксуға сыр», «Балқаш, сенің жағаңа тағы келдім» деп келетін тарау-тарау жырлары арқылы Гүлбақыт Тоқтанқызының нысаналы түрде шығармашылық түзіп келе жатқанын, онысы сәтті шыққанын аңдадық.

el.kz

Эпикалық сарындағы туындылары мен поэмалары да Гүлбақыт Қасеннің кең тынысты ақын екенін аңдатса керек. Тұлғалардың күмбезіне ай қадағандай ақық жырымен қазақ халқының кешегі ақтаңгерлерінің өнегелі өмірін, ғибратты ғұмырын жыр ету үшін де кіршіксіз көңіл, ақ жүрек керек-ау. Ал, «қара тасты ақ өлеңге бөледім…» деп жыр түлеткен Г. Қасеннің сом жүрегінің солқылы да, нәзік дүрсілі де туған елінің ұлыларына, құндылығына, қастерлісіне, қасиеттісіне байланғанын аңдаймыз, қуанамыз. Бабаларын ұлы шабыт үстінде жыр ету де – қадап айтар, айрықша айшықтар ақынның бір қыры!

Иә, әдебиет деп өмір кешіп келе жатқан жүзі де, жаны да, жүрегі де сұлу Гүлбақыт Қасеннің «Баркөрнеу» кітабындағы жырлар шын сүйсінтті. Шабыттандырды. Толғандырды. Бір ғана «Қоғалының гүліндей…» деген жырдың өзі жүрекке қашалар мөлдір, бөлек жазылған өлең. Оқып көрелік:

«Бүлдіргені бал балалық дәміндей,
Қарақаты – қарашығы көзімнің.
Ақ бұлағы қыз-бозбала әніндей,
Аққайыңы – естелігі сезімнің.

Асқар тауы ақ желкенді кемедей,
Ақша бұлты – аппақ жібек орамал,
Шүйгін шөбі теңіздейін телегей,
Әр белесі тағдырыма жорамал…».

Бұдан арғы қос шумақта да осындай ғажайып теңеулер тізбеленген. Құтты мекенде құндақталған әрбір қасиетке жіті назар аударып, ондағы әрбір сұлулыққа («Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деп Абай жырлаған сұлулық суреттемедей) қою бояу төгіп, оны тағдыры тарихпен ұштасып кете баратындай өміршең қылып өрнектеуге не жетсін, шіркін?! Бұл үдеден шыққан Гүлбақыт Қасеннің әрбір кестелі сөзі, өрнекті өлеңі жанға бұла күш құйып, ақындық жолдағы шабытымызды шалқытары анық.

Жалқы толғам, кесімді пікір ұшығына жетер мезетте айтылар сөз болса, ол – Гүлбақыт Қасеннің, аяулы ақын әпкеміздің қаламынан қою түскен туындалар «Баркөрнеу» кітабының нарқын биіктетіп тұр. Ақынның кемелденген шығармашылық жолындағы тынбай ізденісі, талмай еңбектенуі арқасында соны соқпақ түзіліпті. Жарты ғасырлық мерейтой белесінде оқырманға жол тартқан бұл кітап талай жүректің жан серігіне айналатыны да сөзсіз. Ендеше:

…Үнсіз ғана оқимын тағдырымды,
Аялады, аяды тағдыр кімді?
Махаббаттың тілімен, жүрегімен,
Жақсы көрем, адамдар, барлығыңды, –  деп сақи дүние сорабына ақ жүрек, асқан мейірім көзқарасымен қараған «Алуа-ғұмырыңызда» айтылар ой, жазылар жыр осы биігінен де биіктей берсін дегіміз келеді.

 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы экологиялық туризм: ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 40 мыңға жетті

Жетісудағы экологиялық туризм: ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 40 мыңға жетті

28.01.2026
Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

28.01.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде 7 мың бөлімше сынақтан өтті

Қазақстан Қарулы күштерінде 7 мың бөлімше сынақтан өтті

28.01.2026
Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

28.01.2026
Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.