Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ЕЛГЕ БІРЛІК КЕРЕК — ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ

30 қаңтар 2022
РУХАНИЯТ
ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ЕЛГЕ БІРЛІК КЕРЕК - ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында елдің қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік жағдайды жақсарту барысындағы ойымен бөлісті.

Елдегі «Қасіретті қаңтардың» кесапатын айтып өтті. Бейбіт шерушілер қымбатшылық ауыздықталса деген талаппен шыққан еді. Бейбіт шерушілердің топтасуын арандатушылар пайдаланып, жаппай бұзақылыққа ұласып кетті. Ең қауіптісі сол, терроршылар үшінші толқын болып келіп, мемлекеттік ғимараттарды бүлдіріп, өртеп, басып алу қаупін төндірді. Сол кезде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің тізгінін қолға алып, нақты шешімдер қабылдады.

Президенттің сөзінше әскери күш, полиция жоғары жақтан тапсырма күтіп, терроршыларға уақытында тойтарыс бере алмай, аңтарылып қалған. «Мұндай ел басына күн туғанда құқық қорғаушылар жылдам шешім шығарып, террорға қарумен қарсылық білдіру керек еді», — дейді Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қ.Тоқаев. “Бейбіт шеруге қару қолдануға болмайды деген талаппен олар оқ қолданбаған. Соның салдарынан талай жас әскерилер мен полиция қызметкерінен айрылдық”, — деді ел Президенті.

Сұхбат кезінде «Қазақстан халқына» қорына жиналып жатқан қаржы, оның қайда жұмсалатыны жайлы да жан-жақты мағлұмат берілді. Бүгінде қорға 20 млрд. теңгеден аса қаржы түскен. Ол сырқат балалардың емі, спорт, Алматыны қалпына келтіру сынды әлеуметтік қолдауларға берілмекші. Мен дәрігер ретінде ірі кәсіпкерлерден жиналған қаржының балаларды емдеуге берілетініне ризашылығымды білдіремін.

Соңғы жылдары балалар арасында тірек-қимыл, жүйке-жүйе, сал аурулары көп. Оларды емдеу үшін қыруар қаржы керек. Оңалту шаралары үнемі жүргізілуі тиіс. Сондықтан, Президенттің әлеуметтік жағдайды жақсартуға, медициналық көмекке  қалталы азаматтардың да қаржысын тартқанына қуаныштымыз. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің өркен жаюына мүмкіндік жасалмақшы.

Адамдардың сырқаттануының бір себебі — тұрмыстық жағдайдың нашарлығына да байланысты. Мысалы, елдің әл-ауқаты төмендеген жылдары туберкулез, қан қысымы, жүйке дертіне шалдығушылар саны өседі. Ал елде жұмыс болған, тұрақтылық орын алған жылдары өкпе сырқаты күрт азаяды. Сұхбаттағы көрші елдермен кәсіпкерлік әріптестік, саясат, мемлекеттік құндылықтарының басты орында тұратындығы жайлы ойлар көңілімізден шықты. Қандай жағдайда болсын, қиындықты еңсеріп, жетістікке жету үшін елге бірлік керек. Күш білекте емес, бірлікте екенін ұмытпайық. Ол үшін әр адамға мықты денсаулық керек. Ел аман болсын! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!

Анарбек МОҢҒОЛХАН,

Алматы облыстық ауруханасының директоры

Қатысты жаңалықтар

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.