Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Jetisu-Bolashaq» қоры жастарға қолдау көрсетеді

29 қаңтар 2024
РУХАНИЯТ
«Jetisu-Bolashaq» қоры жастарға қолдау көрсетеді
WhatsAppTelegramFacebook

«Балық берме, қармақ бер» дегенді қазақ халқы бекер айтпаған. Білімді ұрпақ – болашақ кепілі екені мәлім. Көзі ашық, көкірегі ояу буын тәрбилеу арқылы мемлекет дамуына үлес қосу әрбір азаматқа міндет.

Жастарды білім көкжиегіне қанат қағуына себеп болған жандар қазақ тарихында жетерлік. Солардың бірі және бірегейі ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин. Небәрі 48 жылдық өмірінде 34 мектеп салған. «Дала қоңырауы» атанған дара тұлғадан ұлағат алып жүрген жандар біздің өңірімізде де бар.

Жарқын болашаққа қанат қаққан жастардың талабын ұштап, қолдау көрсетіп жүрген «Jetisu-Bolashaq» қоғамдық қоры осы қатарда. Қор 2022 жылдың қыркүйек айында құрылған. Жетісудың белсенді азаматтарының қолдауымен ашылған қор көпбалалы және аз қамтылған отбасында өсіп жатқан жасөспірімдердің болашағына жол ашуды мақсат тұтқан. Бүгінде өңіріміздің атымтай жомарттары осы жобаға демеу көрсетіп, қордың дәріптелуіне үлкен сеп болып жүр. Қазіргі таңда Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушылар қаладағы жекеменшік оқу орны «Innoverse Taldykorgan», «Достық» және «125 HIGH SCHOOL»-да білім алуда.

Қордың ашылғанына 1 жыл толса да оқушылардың көрсеткен нәтижесі өте жоғары. Былтыр қолдау білдірген 8 оқушы грант иегері атанып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғарғы оқу орындарына түсті. Жоба тілекшілері мен ата-аналар сенім артқан 10 оқушы да биыл солардың жолын қуып,  жақсы нәтиже көрсетеріне үмітпен қарауда. Білім алушылардың да сенімдерін сейілтпей қордың жетекшілері 2023-2024 оқу жылы грантын ұтып алған оқушыларды марапаттады.  

– Біз  ғасырлар бойы сақталған бабалар жолын жалғастырушы, ізбасарлармыз. Бүгінде болашағымыз болатын жастардың білім алуына, қарлығаштың қанатымен су сепкендей қолдағанымызға шынымен де қуаныштымыз. Сондай бақытты буынның қатарында жүргеніміз осы сіздердей жүрегінде мейірімі бар тілекшілердің арқасында, – деп қор құрылтайшысы Жұматай Оспанұлы ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, аталмыш шарада ата-аналар атынан Торғын Тұрлыбаева сөз сөйлеп, демеушілер мен жиналған қауымға ризашылғын жеткізді.

Ізгі шара Дәнеш Рақышев атындағы облыстық  филармониясы өнерпаздарының ән-шашуымен аяқталды.

Назым ЖЕҢІСҚЫЗЫ
ЖУ-дің студенті
Суреттерді түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20
Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.