Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«КӨБІНІҢ ЕБІ КЕЛМЕЙДІ»: ЖАС ФЕРМЕР ҚОЙ БАҒУДЫҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ

27 маусым 2019
РУХАНИЯТ
"КӨБІНІҢ ЕБІ КЕЛМЕЙДІ": ЖАС ФЕРМЕР ҚОЙ БАҒУДЫҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Істің қиюын келтіріп, әр салада өз кәсібін дөңгелентіп отырған жандар аз емес. Сол қатарда «Дайыров» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысудың сәті түскен еді. Төрт түлік өсіру ата-баба кәсібі десек те, қиындығы бір басқа жетіп артылатын іспен айналысып жүргені көңілімізді қуантты.

Бала кезден төрт түліктің қасында жүріп, осы саланың қыр-сырын меңгерген Болат Дайыров 2008 жылы «Дайыров» шаруа қожалығын ашқан. Қожалықтың тізгінін бүгінде балалары Руслан мен Абзал ұстап, кеңейтіп отыр.

Қазіргі уақытта қожалықтағы 25 бас ірі қара, 320 қойды күтіп-баптап, көбейту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Ірі қараны қолдан ұрықтандыру әдісі арқылы сүтті бағыттағы «Алатау» тұқымын бағып отыр. Айта кетерлігі, қора-жайы да оңтайландырылып, заманауи әдіске негізделіп салынған екен.

Биыл 100 саулық пен 25 сиыр төлдеген. Ендігі алға қойған мақсаты – етті бағытта мал өсіріп, шаруашылықты кеңейту. Бұл жөнінде шаруалар:

– Мал бордақылауға арнайы алаң ашсақ деген ойымыз бар. Мал сойылып, бір жерден қабылданып, ешқайда тасымайтындай жағдайды ұйымастырғалы отырмыз, – дейді.

Шаруаның айтуынша, қой малы күтімді көп қажет етеді.

– Мал бағу оңай іс емес. Оның ішінде қой бағуға көбінің ебі келе бермейді. Қойдың күтімі көп. Сондықтан тынбай, ерінбей еңбек етуді талап етеді. Сонда ғана еңбегіңнің жемісін көруге болады, – дейді Руслан Дайыров.

Бұл шаруа қожалығы егін шаруашылығымен де айналысады. Биыл 85 гектар алқапқа дән сеуіп, одан ойдағыдай өнім аламыз деген ниетте. Яғни, 26 гектарына қызылша тұқымы себілсе, қалғанына майбұршақ өнімі егілді. 1400 гектардан аса жайылымдық жері бар.

Атакәсіпті нәсіп еткен шаруашылық алдағы уақытта жеке кәсіпте мол табысқа жетуге пейілді. Бұл ретте олар мал басын асылдандырып, шаруасын одан әрі өрістетуге бет бұрып отыр. Алдағы уақытта мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып, еңбектерінің игілігін көрмек.

Шаруасы алға басқан Дайыровтар отбасының шөп шабу, қой қырқу, тағы басқа да толып жатқан жұмысы бар. Сүтін тартып, қаймақ, құрт дайындайды. Н.Алдабергенов ауылындағы шаруалар жайы осындай.

Е. МАРХАБЕКҚЫЗЫ

Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.