Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ӘКЕМНІҢ БЕТІНЕ ҚАРАЙ АЛМАЙ ЖҮРДІМ»: ЖЕЛТОҚСАНШЫ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ

16 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
"ӘКЕМНІҢ БЕТІНЕ ҚАРАЙ АЛМАЙ ЖҮРДІМ": ЖЕЛТОҚСАНШЫ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Баяғыда біз оқыған «Ана тілі» оқулы­ғында ақын Әбу Сәр­сенбаевтың: «Сен құрметте оны, түсіндің бе, қарағым», – деп басталатын өлеңі бар болатын. Біздің бүгінгі жазбамыздың кейіпкері де Желтоқсан оқиғасының құрметтелуге, ескерілуге, еленуге тиісті қа­тысу­шысының бірі.

Тәуелсіздік туралы толғанғанда 1986 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында Алматының сол кездегі Брежнев атындағы алаңға еліміздің нұрлы болашағы үшін жиналған қыздар мен жігіттер – азаттық қарлығаштары ойыма оралады. 16 желтоқсанда небәрі 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің  пленумында Республикамызды ұзақ жылдар басқарған әйгілі тұлға Дінмұхамед Қонаевтың орнына Геннадий Колбин тағайындалған. Елімізге белгісіз біреуді  басшы қылған Орталық Комитеттің өктемдігіне қарсы көтерілгендер сапында студенттер мен жұмысшылар болғаны анық. Пленум шешімінің дұрыс-бұрыстығын білгісі келген жастар мәскеулік биліктің қатыгездігін көрді. Айтқанға көніп, айдауға жүргісі келмеген «бүлікшілерді» бас-көзге қарамай соғып, жалаңаш-жалпы мұзға отырғызып, сызды камераларға қамағанымен қоймай, оқудан, жұмыстан шығарып, ұйымдастырушылары деп тапқан жігерлі жастардың алдын атуға, соңын ұзақ жылға абақтыға қамауға байлам жасалды.

Сол желтоқсан дүрбелеңінде қазақ елінің азаттығы мен бостандығы үшін бастарын бәйгеге тіккендердің арасында біздің жерлесіміз Құралай Бекмұхамбетова да болған екен. Бірақ мен желтоқсаншымын деп кеуде қағып көрмепті, туған жері Қарабөгетте елеусіз ғана қарапайым тұрмыс кешіпті. Қолында бар болғаны «Алатау» газетінің 2008 жылғы мерекелік нөмірі. Сол газетте Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың тізімінде Құралай Бекмұхамбетованың аты-жөні жүр.

– Әкем Төлеу кеңшардың маңдайалды шопаны болатын. «Қызы Желтоқсан көтерілісіне қатысыпты» деген жаманаттан жасып қалған әкемді ауылдағы, аудандағы жиындарда біраз әурелеп, баласына дұрыс тәрбие бере алмаған адам ретінде қаралағаны анық. Мен өзім көпке дейін әкемнің бетіне қарай алмай жүрдім, – деп еске алады Құралай сол бір сүреңсіз жылдарды.

Мектептен соң Балқаш қаласындағы байланыс училищесін бітірген Құралай еңбек жолын Алматы пошта байланыс торабында телеграфист болып бастайды. Байланысшылардың жатақханасы «Алатау» қонақүйінің жанында орталықта болатын. Жастардың шеруін олар көзбен көрді. Шерушілердің ұлт саясатының өрескел бұрмаланғандығы туралы ұрандарына елікпей тұра алмады. Асығыс жиналған қыздар аяз құрсанған алаңға шыққан күні кешқұрым өрт сөндіргіш машинадан ағытылған суық суға малшынды. Арқаларына темір күрек, сойыл тисе де ауыртпалықты алаңдағылармен бірге бөлісті. Ел қорғайды дейтін кеңес әскерінің он екіде бір гүлі ашылмаған қыздарды ежелгі дұшпандай қуа жүріп сабағанына ызасы келді. Талай жастың ғұмыры әпербақан жендеттің  табанымен аяусыз тапталды.

Ертеңінде жұмысқа шыққанымен де қазақ қыздарының қан-сөлсіз реңі басшылардың қырағы назарынан тыс қалмады. Жиналысқа түсті. Психологиялық қысым көрді. Сағы сынды. Рухы жаншылды. Моральдық ауыр соққыға ұшырады. Пошта басшылығы ауылға хат жіберіпті. Енді елге қарайтын да бет жоқ. Жұмыстағы психологиялық ахуал, ауылдағы таныс-туыстың теріс көзқарасы жүйкесін жүндей түтіп жүргенде отбасын құруға ниет білдірген Байболат деген жігіттің етегінен ұстады. 1988 жылы екеуі қосылып, Қарабөгетте жас отбасылар сапында еңбекке араласты. Байболат шаруашылықта шофер болды. Өзі болса жүктеген жұмысты адал атқарды. Дүниеге бес бала әкелді.

– Ерім осыдан 6 жыл бұрын қайтыс болды. Бес баланың алдыңғы екеуі ұзатылды. Екі қызым студент. Кенжеміз Жанболат 5-сыныпта оқиды. Өзім ауылдағы балабақшада бала күтуші болып еңбек етіп келемін, – дейді Құралай.

Желтоқсан көтерілісі – жылдар бойы жинақталған ашу-ызаның көрініс табуы, шын мәнінде, қазақтың ұлттық санасының оянуы. Сол көтеріліс туралы бүгінге дейін қаншама тың деректер жария болды?! Дегенмен, кезінде қоғамда туған теріс пікірдің кесірінен шеруге қатысқандығын жасыра жүріп, немқұрайдылыққа салынған Құралай Бекмұхамбетова сынды қаншама адам елеусіз қалды десеңізші?! Демек, ұлт болашағы, мемлекет тәуелсіздігі үшін кеңестік биліктің өктемдігіне қасқайып қарсы тұрғандарды құрметтеу – жастардың патриоттық тәрбиесіне оң ықпалын тигізері анық.

Жомарт ИГІМАН

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.