Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«КЕРАМИКАНЫҢ КЕРЕМЕТІ»: ТІЛІН ТАПСА, ҚЫШ ҚҰМЫРАЛАР ДА СӨЙЛЕЙДІ

19 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
"КЕРАМИКАНЫҢ КЕРЕМЕТІ": ТІЛІН ТАПСА, ҚЫШ ҚҰМЫРАЛАР ДА СӨЙЛЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткенге көз жіберіп, ұлтымыздың тарихта алатын орны қандай деген сауалға жауап іздейтін болсақ, ауыз толтырып айтарлық қаншама құнды қазынамыздың бар екенін білеміз. Соның бірі ретінде қыштан жасалған ыдыстар жайлы айтуға болады.

Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстар адамзат қоғамының әр дәуірінен мол ақпарат береді. Сол арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық, отбасылық, этно-мәдени қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтерге қол жеткізе аламыз. Жәдігерлердің осыншама уақыт бүлінбей сақталғанының өзі таңғаларлық құбылыс.

Қыш (керамика) адамзат тұрмысында алғашқы қолданыста болған материалдар қатарында. Балшықтан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі мезолит, неолит дәуірлерінде пайда болып, содан бері тоқтаусыз даму үстінде.

Бүгінде М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қорында қола, темір дәуірі мен орта ғасырларда тұрғындар тұтынған 50-ге жуық қыш құмыра бар. Құмырада құпия көп. Бұл жәдігерлер сырттай қарағанда қарапайым зат болып көрінеді. Ал жүйелеп ойлаған жетелі адам құмыраның қадір-қасиетін қиналмай-ақ ұғып, біле алады. Саз балшықты жады мықты, тілін тапса сөйлей жөнелетін тірі ағза десе болады. Ол ғылыми тұрғыда дәлелденген. «Құмы­ралар сөйлейді» дегенге кім сенген? Әйтсе де олардың әрбірінің өз дәуірі, сол замандағы адамдардың тіршілігі жөнінде сыр шертері анық.

Саз балшықтың қасиеті мұнымен ғана шектелмейді. Ол отқа да өте төзімді. Мәселен, қас-қағымда сан мың шақырым қашықтыққа заулайтын зымырандар моторының саз балшықтан жасалған керамикадан құйылатынын біреу білсе, біреу білмес. Себебі, мыңдаған градус ыстық шығаратын ғарыш кемесінің моторында жанған отқа ешқандай темір заты төтеп бере алмай балқып кетеді. Ал керамика, керісінше, оттың қызуы күшейген сайын қатая түседі. Қазіргі компьютерлер мен флеш­калардың еске сақтау «мишығы» — жадысы да осы саз балшықтан істеледі. Сәт сайын мыңдаған ақпаратты жинақтап, қайта таратуға саздан жасалған мишықтар ғана қабілетті екен.

Саз балшықтың құрамы зиянсыз. Ол өзінің табиғи өнім екенімен де айрықша. Адам физиологиясы кальцийді топырақтан алады. Ал саз құрамында 60 пайызға дейін кальций элементі бар. Балаға балшық илету арқылы көптеген психо-физиологиялық аурулардың алдын алуға болады. Бұл қазақы тәсілмен де астасып жатыр. Сондай-ақ, сазбалшық күшті антибактериялық қасиетке ие. Оның құрамындағы радий элементі ағзамыздағы зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Өз кезегінде қыштан жасалған ыдыстарды қайта жаңғыртып, пайдаланудың адам денсаулығына өте пайдалы екенін айта кеткім келді.

Жазира ТАУЕТОВА,

М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.