Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӘКІМДІКТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ АЩЫ ШЫНДЫҚ АЙТЫЛДЫ

6 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ӘКІМДІКТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ АЩЫ ШЫНДЫҚ АЙТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, Жетісу жерінде орын алған парақорлық мәліметтері таныстырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов ашып, жүргізіп отырған жиынға облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли, облыстық прокуратураның, полиция департаментінің, облыстық соттың, мемлекеттік кірістер департаментінің, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өкілі қатысты. Сондай-ақ, ZOOM арқылы аудан мен қала әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары берілген тапсырманы онлайн тыңдады.

Комиссия отырысында алдымен бейнеүзінді көрсетілді. Онда бір жылдың ішінде парақорлық фактісімен ұсталған шенеуніктердің деректері бейнеленген. Тақырыпқа орай арнайы баяндама жасаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық, парақорлық деректері толастамай тұр.

Соған байланысты «Transparency Kazakhstan» ұйымы «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне мониторинг» деген тақырыпта зерттеу жүргізгенін, оның нәтижесі кісі қуантарлықтай еместігін атап өткен баяндамашы Жетісу жеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салалар мен мемлекеттік органдарды атап шықты.

– Олардың ішінде салық департаменті, өртке қарсы қызмет, мемлекеттік балабақшалар, әскери мекемелер, мемлекеттік жоғары оқу орындары, жер қатынастары басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, полиция, мемлекеттік колледждер, мемлекеттік мектептер, қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік ауруханалар, емханалар, жеке сот орындаушылар қызметі, облыстық, аудандық әкімдіктер бар, – деген Жандос Жұмабаев жағымсыз құбылыс – жемқорлықтың бағасын салмақтады.

Былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың жеке және заңды тұлғаларынан түскен 2688 өтінішті қарастырған. Өтініштердің басым бөлігін азаматтар жазған шағымдар құраған. Атап айтқанда, жер қатынастары саласына 165, білім беру саласына 102, мемлекеттік кірістер органдарына 66, прокуратура органдарына 11, сот органдарына 14, ішкі істер органдарына 216, әділет органдарына 36, банк ұйымдарына қатысты 2 шағым тіркелген. Қаралған өтініштің 1625-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзырына кірмейді. Олар негізінен тиісті мемлекеттік қызметті толық алмаған, қалыптасқан мәселені шешуде жергілікті атқарушы органдар тарапынан жәрдем көрмеген жандардан келген. Шағымданып барар жері қалмаған жандар ақырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінуге мәжбүр болған.

Осындай ащы шындық пен бұлтартпас айғаққа құралған баяндамадан соң отырысты қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға арналған шараларды қолға алуды тапсырды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.