Талдықорған: +13°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АУЫРТПАЛЫҚТЫ БІРЛЕСЕ ЖЕҢУГЕ ҮЙРЕТТІ

23 сәуір 2020
РУХАНИЯТ
КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АУЫРТПАЛЫҚТЫ БІРЛЕСЕ ЖЕҢУГЕ ҮЙРЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыздың сан ғасырлар бойы басына түскен небір ауыртпалық, соғыс, басқыншылық, түрлі қиындықтар әр жағдайға қарай бірлесуді, ынтымақтаса тірлік кешуді үйретті. Соның әсерімен болар, ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен кезеңдерде ұйымдаса күн көріп, ауыртпалықты бірлесе жеңуді меңгердік.

Қазіргідей күллі әлемнің жұртшылығын алаңдатып, көпшілікті дүрліктірген COVID-19 дертінің зардабы мемлекеттер шекарасын тас бекітіп, алып шаһарлар мен үлкен қалалардың қақпасына құлып салынуына апарды.

Қарапайым халық карантиннің қандай болатынын білмегендіктен алғашқы кезде тосырқай қарағаны жасырын емес. Аллаға шүкір, үйден шықпай, жұмыс пен сабақты қашықтықтан өткізе бастағалы шектеуге де үйрене бастадық. Жұқпалы дерттің шыққан жерінде науқастарды тікелей емдеуге қатысып жатқан дәрігерлер мен блокпосттарда елдің тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі үшін күзетке шыққан әскерилер мен тәртіп сақшыларына ризашылық білдіру — біздерге парыз.

Осыған орай сақшыларға ас-ауқат тасып, мұқтаж отбасыларға қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек қолын созған қайырымды жандардың игілікті қадамы көңіл қуантады. Расында, жасаған жақсылықтың өтемін Жаратқан Алла Тағала еселеп беретінін қасиетті Құран Кәрімде ерекше айтады. Осыған орай жақсылыққа қадам басып, ізгілікке ұмтылған жігіттер мен қыздардың ісіне барша жұрт разы.

Осының бәрі халқымыздың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндейтін ұлттық тәлім-тәрбиесінен деп білу керек. Әсіресе, ел басына күн туған қиын күндерде бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығару жазылмаған заңдылық іспетті. Осынау атадан балаға, баладан немереге берілген ұлттық құндылықтың жалғасы толастамағанын қалаймыз.

Ендеше, ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға өскелең ұрпаққа ата-бабаларымыздан жеткен қиналғанға жәрдем беру, құлағанға қолдау көрсету, сүрінгенге сүйеу болу ұстанымын ұрпақтарыңызға үлгі қылып айта отырыңыздар, насихаттай беріңіздер деймін.

Дер кезінде шаралар қабылдап, елдің денсаулығын басты орынға қойған Мемлекет басшысына ризашылығымыз шексіз. «Батамен ер өсер, жаңбырменен жер өсер» деген халқымыздың даналығын жалғастыру — бізге міндет.

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ,

Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

9 қараша 2026
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

9 қараша 2026
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

9 қараша 2026
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

9 қараша 2026
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

9 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.