Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КӘСІПКЕР АЗАМАТ АУЫЛДА ТҰРАТЫН 25 ОТБАСЫНА ТЕГІН КӨМІР ТҮСІРІП БЕРДІ

23 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
КӘСІПКЕР АЗАМАТ АУЫЛДА ТҰРАТЫН 25 ОТБАСЫНА ТЕГІН КӨМІР ТҮСІРІП БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұйғыр ауданында жеке кәсіпкер Тасқарасу және Шарын елді мекендерінің орта мектебі мен ауруханасына қажетті құрал-жабдықтар сатып әперді. Сонымен қатар аз қамтылған 25 отбасына көмір түсіріп берді», — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тасқарасу ауылында 2000-ға жуық тұрғын тұрса, соның 500-ден астамы — оқушы. Пандемия кезінде балалардың қауіпсіздігі алғашқы орында. Сондықтан, бірінші кезекте санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға арналған жабдықтар көптеп алынған. Бұл тізімде 3000 бетперде, диспенсер, термометр,  залалсыздандыру сұйықтығы мен медициналық қолғап сияқты қажетті құралдар бар. Сонымен қатар, спорттық жарақтар да жеткізілген.

Шарын аулының тұрғындары үшін де кәсіпкер тамаша тарту жасады. Мұнда да жергілікті орта мектепке компьютер, кеңселік жиһаздардан бастап барлық қажеттіліктер сыйға тартылған. Кәсіпкердің демеушілігімен ауылдық ауруханаға да санитарлық құрал-жабдықтар тапсырылды. Осы екі ауылдағы аз қамтылған және көп балалы 25 отбасына 30 тоннадан астам көмір түсіріп берді.

Жаңа жылдың алдында ауылдастарына тамаша тарту жасаған Сырым Жомартұлына көпшілік дән риза.

Жалпы, облыс көлемінде өңір халқын қолдау мақсатында мерекелер қарсаңында көмек шараларын ұйымдастыру туралы шешімді жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар бірлесіп қабылдаған. Оған кәсіпкерлер көптеп тартылуда.

Шара аясында көмір мен отын әперу, азық-түлік жағынан көмектесу, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар беру, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына қыстық киімдер, оқу құралдарын әперу, мұқтаж отбасын қаржылай қолдау сияқты бірқатар қолдау шаралары қарастырылған. Бұл игі шараларға бюджеттен 46 млн.теңге, ал демеушілер қаражатынан 276,4 млн.теңге жұмсау жоспарланып отыр. Облыс бойынша көмек көрсетілетін адам саны 20 мыңға жуықтайды деп күтілуде.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.